«ТҮРКІ ЖАЗУЫ: РУНАДАН ЛАТЫНҒА ДЕЙІН»

2019 жылдың 6 ақпанында ҚазҰУ-да дипломатиялық корпустың және Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуымен «Түркі жазуы: рунадан латын тіліне дейін» тақырыбында халықаралық Дөңгелек үстел өтеді.

Іс-шара Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бастамасымен, Мәдениеттер жақындастыру орталығы және А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтымен бірлесіп өткізіледі.

Талқылау мәселелері:

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында белгіленген 2019 жылы Астанадағы Түркітану Конгресі қарсаңында, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында көтерілген дискурс тақырыптары:

  • Ұлы даланың түрік мәдени мұрасының сақталуы;
  • Әліпби мен емле бойынша ұсыныстар;
  • Түркілер туралы тарихи деректер;
  • «Академиялық орталық» басшысы Ахмет Байтұрсынұлы ұстанымдары;
  • Еуразия мемлекетаралық байланыстар жүйесіндегі түркілер;
  • Түркітану әдістемесі.

Баяндамашылар – танымал қоғам қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдар О.О. Сүлейменов және М.М.Әуезов, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, түркітанушылар.

Шара барысында Әл-Фараби ат. ҚазҰУ делегациясының 2018 жылдың желтоқсанында Әзірбайжан Республикасына сапары барысында ТҮРКСОЙ кафедрасы анықтаған «1926 жылы Баку қ. өткен Алғашқы түркітану конгресі. Стенографиялық есеп» артефактінің тұсаукесері өтеді. Әзірбайжан тарапының рұқсатымен кітап «Қазақ университеті» баспасында қайта басылып шықты.

Орналасуы: әл-Фараби ат. ҚазҰУ Ғылыми кітапханасы. Ақ зал. Басталуы: 15.00 с.

Байланыс ақпарат:

Төрәлі Қыдыр, Шығыстану факультетінің ТҮРКСОЙ кафедра меңгерушісі,

8 707 101 61 54, qydyr.torali@gmail.com;

Гулнар Мұқанова, Баспа және дизайн кафедрасы, 8 777 691 98 89; Gulnar_mukanova@mail.ru

Оставить комментарий

avatar
  Subscribe  
Notify of