ШАҚЫРУ-БАҒДАРЛАМА
БАҒДАРЛАМА
Өтетін уақыты: 2018 жылғы 13 желтоқсан, сағ. 15.00.
Өтетін орны: Алматы қ., Құрманғазы 29 көш.,
А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының ғимараты, 3 қабат.
Кіріспе сөз – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Е.Қажыбек.
Академик Ә.Қайдар атындағы «Этнолингвистика» кабинетінің ашылу рәсімі.
Құттықтау сөз:
- ҚР ҰҒА Президенті, академик М.Жұрынов;
- ҚР ҰҒА академигі Р.Сыздық;
- ҚР ҰҒА академигі Ө.Айтбайұлы.
«Өнегелі өмір» сериясының академик Ә.Қайдарға арналған басылымы мен «Тіл-ғұмыр» атты ғылыми ғұмырбаяндық кітаптың тұсаукесер рәсімі.
Академик Ә.Қайдардың қоғам қайраткері ретіндегі және ғылыми-шығармашылық еңбек жолын бейнелейтін деректерден құралған бейнефильмнің көрсетілімі.
Құттықтау сөз:
ҚР БҒМ министрі Е.К.Сағадиевтің құттықтауы.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерлері: проф. Т.Жанұзақ; проф. А.Жұбанов; проф. Н.Уәли.
Шәкірттері: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Ф.Ш.Оразбаева; әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Г.Смағұлова; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерлері, профессор Ж.Манкеева; профессор Р.Шойбеков.
Қорытынды сөз: Институт директоры, профессор Е.Қажыбек.