Алматыда «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр

Латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиінің емле-ережелері 2019 жылдың көктемінде бекітілуі керек. Бұл туралы «Латын әліпбиіне көшу-тарихи таңдау» тақырыбында өткен республикалық онлайн конференцияда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тілі білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мәлім етті. Қазір жаңа ережелер талқыланып, сараптамадан өтіп жатыр. Жиынға 200-ден астам мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімдері қатысты. АҚШ, Түркия және Польшадан қазақ тілінің мамандары интернет арқылы қосылып, ой-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ жуырда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қазақ тілі пәнінің мамандары арнайы 40 сағаттық курстан өткен. Олар латын әліпбиіне көшу түбегейлі шешілген кезде мектеп мұғалімдерін оқытатын болады.

Алқалы жиын барысында, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚБАИ директоры Раиса Садуақасова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Латын әліпбиіне көшу – жалпыұлттық мемлекеттік реформа. Осы реформаны жүзеге асыруда қазіргі заманғы білім беру үрдісінің ерекшеліктерін түсіндіру, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша ой бөлісу. Іс-шараны тіл білімі институтымен бірлесе өткізудегі мақсатымыз Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы тіл мамандарының пікірімен таныстырып, терең мағлұмат беру»,

– дейді Р. Садвакасова.

Аталған шара А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ арасындағы 2018 жылғы 12 шілдеде жасалған ғылыми-әдістемелік ынтымақтастық туралы меморандум негізінде ұйымдастырылған.

«Қазір латын әліпбиі біздің мамандардың қатысуымен әр қалада қарқынды талқыланып жатыр. Бүгін Алматы қаласындағы 200 аса мектеп мұғалімдерімен бірге халықаралық деңгейде конференция өтіп жатыр. Оған Еуропа одағынан, Түркия, Белгиядан қазақ тілінің мамандары онлайн қосылып, оларда өздерінің ойларын білдіруде. Қазір Елбасының нақты тапсырмасы бар, біріншіден, бұл әліпби ешбір тұтынушыға қиыншылық туғызбау керек. Екіншіден, әр азаматтың пікірі біз үшін өте қымбат. Біз кез-келген жаңалықты сараптап, талқылап, ортаға салуымыз керек»

– дейді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Ерден Қажыбек.

Источник: baq.kz

Оставить комментарий

avatar
  Subscribe  
Notify of