Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және тәжірибе

2018 жылдың 21 қыркүйегінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және тәжірибе» атты семинар-кеңес өтті. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.д., профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі Қажыбек Ерден Задаұлы «Салалық терминологиялық секциялардың қызметі туралы» атты бас баяндама жасады. Өз ұсыныстарын талқыға салып, баяндама жасағандар: Айтбайұлы Өмірзақ, Айдарбек Қарлығаш, Үдербаев Алмас, Рысберген Қыздархан, Жұбаева Орынай, Исхан Бейбіт, Жонкешов Бауыржан, Досмайылова Айгүл.
«Өз тілімізге өзіміз ие болып, заңдылықтарын өзіміз жасауымыз керек», – деп қорытындылады Өмірзақ Айтбайұлы.

You may also like...