ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТТЕРІ

  • ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ КОРПУСЫ

    «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» мәтіндік базасының көлемі – 30 миллион сөзқолданыс. Оның ішінде көлемі 14 миллион сөзқолданыстан тұратын мәтінге 16-21 параметрлік метабелгіленім (мәтіннің авторы, автордың жасы, мәтін тақырыбы, жазылған стилі, жанры, мәтін типі, дереккөзі т.б.) енгізілген. Жинақталған мәтіндер қазақ тілінің 5 стилінен (көркем стиль, ғылыми стиль, публицистикалық стиль, ісқағаз стилі, сөйлеу стилі) алынды.

  • LATINIZATION V1.01 

  • SOZTEKSER

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты интернет пайдаланушыларға арнап қарапайым әрі пайдалы сервис жасау бағытындағы жұмысты қолға алып келеді. Аталған жұмыс қазақтілді аудитория мен күнделікті тұрмысында, қызметінде қазақ тілімен байланысатын өзге тіл иелмендерінің сапалы контентке деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

Институт мамандары сандарды жазбаша түрде беруге арналған tezsana.kz атты сервисті жасап шығарды. Сервис негізі қызметі барысында қазақша сан есімдерді жазуда қиындықтарға тап болатын немесе күрделі сандарды жазу емлесін білмейтін бухгалтер, экономист және т.б. мамандарға арналған. Сервис жауаптарды екі түрлі форматта екі жолақта береді. Бірінші жауап жолағында сан тұтастай жазу түрінде берілсе,  ал екінші жолақта сан көрсетіліп жақша ішінде жазбаша реті көрсетіледі. Бірінші жолақта сан есімнен кейін ₸ (теңге таңбасы) қосылып шығады. Сервисті кез келген құрылғыдан, қандай да болсын браузерден оңай пайдалануға болады.

0 Shares