ӘКІМШІЛІК

Ерден Задаұлы Қажыбек

 А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры,

филология ғылымдарының докторы

Қысқаша өмірбаяны

  • 1972—77 жылдары академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған.
  • 1977—80 жж. — ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түркология» мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды.
  • 1986—88 жж. — КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының докторантурасында білім алған.
  • 1980—82 жж. — ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері
  • 1982-89 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының ғылыми хатшысы.
  • 1989-92 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының Түркология және қазақ тілінің тарихы бөлімінің меңгерушісі.
  • 1992- 2005 жж. ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, «Қазақстан» Ақпараттық-талдау орталығының директоры қызметтерін атқарды.
  • 2005 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» және «Қазақ тілінің морфонологиясы» ғылыми жобаларының жетекшісі.
  • 2006 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.

Ғылыми еңбектері

  • “Түркі сөздерінің семантикасы”деген тақырыпта доктор диссиртациясын қорғады.
  • 100-ден аса ғылым еңбектері бар.
  • Семантика тюркского слова. А., 1988;
  • Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках (явления синкретизма). А., 1986.
  • “Түркі тілдерінің салыстырма сөздігі” (Анкара, 1992);
  • “Қазақша-түрікше және түрікше-қазақша сөздік”(Анкара, 1993) т. б. авторы.

Қоғамдық қызметі

Қажыбековтың ұйымдастыруымен Алматыда туркітану мен шығыстану мәселелеріне байланысты халықаралық ғылым конференциялар өтті.

  • Халықаралық“Тюркология” (Баку), “Тюрк юрду” (Анкара) ғылыми-теориялық журналдар алқасының салыстырмапы-тарихи зерттеулер женіндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі
  • Ортаазиялық зерттеулер жөніндегі кеңестің (Стамбұл)
  • Орта азиялық зерттеулер жөніндегі ассоциацияның(Мадисон, АҚШ) мүшесі
  • Шығыстанушылық к-тінің (Голландия, Утрехт) мүшесі
  • “Түрк Дил Қурумының”корр.-мүшесі (Анкара).
  • “Қазақстан Түркия” достық қоғамының басқарма мүшесі, Халықаралық түркітану орталығының президенті
  • ҚР Президенті аппаратының және Министрлер Кабинетінің ғылым сарапшысы.
  • Голландық Шығыстанушылар Қоғамының (Утрехт) толық мүшесі
  • Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі
  • «Türk Dil Kurumu» Түрік Лингвистикалық Академиясының (Анкара) толық мүшесі
  • Қытай Билингвистикалық Білім беру Ғылыми-зерттеу Академиясының (Пекин) толық мүшесі
  • Халықаралық Ресей Түркологтары Комитетінің (Мәскеу) мүшесі
  • Кипр Америка университеті басқармасының (Кипр) мүшесі
  • Қазақстан-Ливия Достық және мәдени байланыс қоғамы басқармасының президенті.

Марапаттары

Ғылымдағы сіңірген еңбектері үшін:

  • ҚР Ұлттық ғылым академиясының мақтау қағазы
  • медалімен марапатталған.

Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы

Жұмабеков Қуаныш Жұмабекұлы 1988 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 2000-2005 жылдар аралығында Е.Рахмадиев атындағы 5 жылдық Үржар балалар музыка мектебін «домбыра-тенор» мамандығы бойынша бітірген. Кейін 2006 жылы ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылында М. Горький атындағы орта мектепті тәмамдаған. 2006 жылы ШҚО бойынша өткен облыстық «М.О.Әуезов және әлемдік мәдениет» шығармашылық сайысында 100 үміткер ішінен М.Әуезовтың 20 томын жатқа айтқаны үшін Мұхтар Әуезов атындағы Семей университетінің грантын жеңіп алған.  Аталмыш жылы ҰБТ арқылы да мемлекеттік оқу грантын жеңіп алып Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Білімін толықтыру мақсатында 2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған. Осылайша, 2010-2012 жылдар аралығында Қайнар университетін «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012-2014 жылдар аралығында Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. 2016-2018 жылдар аралығында Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. Қазіргі таңда Түркия Республикасы, Өмер Халисдемир университетінің докторанты.

Ал жетістіктеріне келетін болсақ, 2006 жылы Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралқан Бөкей атындағы IX қалалық байқауының III орын иегері, 2007 жылдары Семейде өткен көркемсөз оқу шеберлерінің Оралқан Бөкей атындағы X қалалық байқауының II орын иегері және Павлодар қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арналған Республикалық студенттік жас ақындар мүшайрасының III орын иегері, 2008 жылы Өсемен қаласында өткен Мәшһүр Жүсіп Көпеевке арналған Республикалық термешілер сайысының  «Арнайы жүлде» иегері атанған.

4 тілді еркін меңгерген аудармашы, докторант 2015 жылы Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген. 3 бөлімнен тұратын кітаптың сенсациялық жаңалығы – ағылшын грамматикасын басқа тілдерге сүйенбей, тікелей қазақ тілінде түсіндіретін алғашқы оқу құралы және қазақ ертегілерінің ағылшын тілінде ұсынылуы болды. Сонымен қатар, кітапта американдық ағылшын тілінің сөздігі де берілген. Ал 2017 жылы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Серпер» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, ақын Ержан Жұмабектің «Шексіздік Шұғыласы» атты кітабын түрік тіліне аударған. Аталмыш кітап Түркия Республикасы «Medeniyetin Burçları» ұйымының қолдауы бойынша «Sonsuzluk Şûlesi» деген атпен Ыстамбұл қаласы, «Ezgi» баспасында басылып шыққан. Аударма саласына қосқан тағы бір үлесі ақын, жазушы Құл-Керім Елеместің «Шырағым-ай» кітабын ағылшын тіліне аударған. Кітап «Өнер» баспасынан алдағы уақытта жарық көреді. 2017 ж. түрік драматургі Нежіп Фазыл Кысакүректің «Рейс мырза» атты кітабын қазақ тіліне аударған. 2017 жылдың аяғында ҚР Президентінің «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған. 2018 ж. ҚР білім және мәдениет саласындағы үздік қызмекерлердің «Алтын кітап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына енгені үшін, білім саласындағы жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Білім берудің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 2018 ж. Қазақша-ағылшынша сөздігі «Зияткер» баспасынан шыққан. Аталмыш жылы қазақ ертегілерін ағылшын тіліне тəржімалаған  кітабы «Sharp-witted child», яғни, «Тапқыр бала», – деген атпен Семейде жарық көрген.


Таубалдиев Мейрамбек Ерланұлы

Білімі:

Бакалавр:«Филология: қазақ тілі», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті (2008-2012 ж.)

Магистратура:«Филология: қазақ тілі», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті (2012-2014 ж.)

Тәжірибесі:

2010-2012 ж.

  • «Ел арна»: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының сценарий авторы
  • «Ел арна»: «Жарайсың!», «Оян.kz», «Мүмкін емес», «Бәрі де мүмкін» бағдарламаларының журналист-редакторы, тележүргізушісі

2012-2014 ж.

  • «Білім және мәдениет» телеарнасының «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының тележүргізушісі
  • «Kaz Sport» телеарнасы: «Спорт әліппесі» бағдарламасының тележүргізушісі

2015-2016 ж.

  • «Хабар» телеарнасындағы  «Нүкте» әлеуметтік ток-шоуының редакторы, тележүргізушісі
  • «КТК» телеарнасы «Жұлдызды ақиқат», «Айтылмаған ақиқат» бағдарламасының сценарий авторы, журналисі
  • «5 СТУДИЯ» продюсерлік компаниясы
  • «Тележурналистика» курсының оқытушысы

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика  бөлімінің кіші ғылыми қызметкері


Қалықова Гүлжаһан Өмірханқызы – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қадр инспекторы.

Қалықова Гүлжаһан Өмірханқызы 1962 жылдың 16 ақпанында  Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген.
1988 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ  мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.
1980 жылдан осы уақытқа дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында директордың хатшысы, лаборант, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып келеді. 2011 жылға дейін аспирантура меңгерушісі, кадр бөлімінің меңгерушісі, мамандандырылған, диссертациялық кеңестің жауапты хатшысы лауазымдарын қоса атқарып келген. Қазіргі кезде Институттың ғылыми қызметкері лауазымымен қатар қадр инспекторы қызметін де қоса атқарып жүр.


Карбозова Мақпал Еркінқызы 

1986 жылдың 22-наурыз айында Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 1988 жылы Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылына көшіп келді. 1993 жылы Жетіген ауылындағы №3 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің 1-сыныбына қабылданды. 2001 жылы Іле ауданы, Өтеген батыр кентіндегі №13 М.Мақатаев атындағы қазақ орта мектептің 9-сыныбына ауысып келді. 2004 жылы мектепті жақсы аяқтап, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеттің филология факультетінің аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізу бөліміне оқуға түсті. 2008 жылы аталған университетті бакалавр дәрежесіндегі дипломмен бітірді.

  • 03.07.2006 – 11.08.2006 жж. аралығында «Нұрбанк» АҚ (оқу-танысу еңбек тәжірибесі құжаттанушы ретінде).
  • 17.06.2007 – 03.07.2007 жж. аралығында «Нұрбанк» АҚ (өндірістік еңбек тәжірибесі құжаттанушы және мұрағатшының көмекшісі ретінде).
  • 12.11.2007 – 21.12.2007 жж. аралығында «Жаңа Қазақстан» оқу-әдістемелік орталығы (өндірістік еңбек тәжірибесі аудармашы ретінде).
  • 2008 жылдың қыркүйек айында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға лаборант болып жұмысқа орналасты.
  • 2010-2011 жж. институт директорының алғыс хатымен марапатталды.

Қазіргі кезде хатшы-референт қызметін атқаруда.