Қызметкерлер

Солтанбекова Альфия Абдыкенқызы (11.07.1981). 1998-2002 жж. аралығында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология  факультетін бітірді. 2002-2004 жж. «Болашақ арнайы мамандандырылған» орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды. 2002-2005 жж. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды. 2006 ж. бері А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші, ғылыми, аға, жетекші ғылыми қызметкері.

2010 ж. филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Жанпейісовтің жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/бейлокалдылық функционалды-семантикалық категориясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. 2015-2016 жж. «Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия» иегері. 2015-2017 жж. арналған «Қазақ пунктуациясының мемлекеттік тілдің қолданыс аясына байланысты даму үдерісі» атты іргелі зерттеу тақырыбының ғылыми жетекшісі болды. 2016 жылы «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.

2018-2020 жж. «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» атты бағдарламалық-нысаналық зерттеу аясында дайындалған «Кирил және латын графикаларында жаңа неологиялық сөздік» (2020 ж.), «Кирил және латын графикаларында қазақ тілінің тіркесімдер сөздігі» (2020 ж.), құрастырушылардың бірі. 70-қа жуық ғылыми мақалалар мен бір монографияның авторы.


Рамазанов Талғат Бекболатұлы (28.09.1992). 2011-2015 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша (бакалавриат), 2015-2017 жж. аталған университеттің магистратурасын қазақ филологиясы мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі таңда қазақ филологиясы мамандығы бойынша докторантурада білім алуда. 2017 ж. бастап Грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері. Қазақ тілінің функционалды грамматикасы, когнитивті грамматика, дискурс, мәтінтануды зерттеумен айналысады. 15-тен астам ғылыми мақаланың авторы.


Кегенбекова Алтын Дәулетқұлқызы (28.07.1995). 2013-2017 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін «Филология: қазақ тілі мамандығы» бойынша (бакалавриат), 2017-2019 жылдар аралығында Қазақ ұлттық университеті және «Ғылым ордасы» кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламаларының магистратурасын Лингвистика мамандығы бойынша бітірді. Қазіргі таңда Лингвистика мамандығы бойынша докторантурада білім алуда. 2018 жылдан бастап Грамматика бөлімінің ғылыми қызметкері. 15-тен астам ғылыми мақаланың авторы.


Иманғазина Меруерт Әнуарқызы (02.04.1998). 2015-2019 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті күндізгі бөлімінде Қазақ филологиясы мамандығы бойынша білім алды.  Жоғарғы оқу орнында үздік оқығаны үшін Тұңғыш президент шәкіртақысын иеленіп, бакалаврды қызыл дипломмен аяқтады. 2019-2021 жж. аталған университетте магистратурада білім алды. 2021 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінде аға лаборант болып қызмет етуде.


Слямбеков Қымбат Берікұлы (20.02.1993). 2011-2015 жж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Филология және әлем тілдері факультетінде (қазақ филологиясы мамандығы бойынша) білім алды. 2014-2016 жж. «Мемлекеттік тілдерді дамыту институты» ЖШС-нда ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Балаларға арналған энциклопедия, оқулық жазумен, әлеуметтік лингвистика бағытында зерттеу мақалалар жазумен айналысты. Филология ғылымдарының кандидаты Б.Қапалбекпен бірге жаңартылған бағдарлама бойынша 6-сынып пен 7-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінің оқулығын жазуға қатысты. 2017-2020 жж. түрлі баспасөзде, интернет-журнал мен порталда журналистік қызмет атқарды. 2021 ж. бастап А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында – аға лаборант.

0 Shares