Тарихы

Грамматика бөлімінің тарихы ҚазССР ҒА Қазақ филиалы Тіл, әдебиет және тарих институты құрылған кезден басталады. Институттың алғашқы директоры Н.Т. Сауранбаев осы бөлімде қызмет етіп, грамматикаға байланысты зерттеулерін жүргізген. Ғалым 1940 ж. «Қазақ тіліндегі көсемшенің семантикасы мен қызметі» тақырыбында кандидаттық, 1948 ж. «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. «Қазақ тіліндегі есімшелердің мағынасы мен қызметі» (1944); «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» (1948); «Қазақ тілінің грамматикасы»  (1944, 1953) еңбектерін жазды.

Бөлімде қазақ тіл білімінің дамуына елеулі үлес қосқан  М. Балақаев,     Ғ. Бегалиев, Қ. Есенов, Е. Жанпейісов, С. Исаев, Б. Қайымова, А. Қалыбаева, Т. Қордабаев,   А. Ысқақов, Н. Оралбаева, Р. Әмір, Б. Қасым, З. Ахметжанова, Қ. Рысалды, З. Ерназарова, Б. Қапалбеков, А. Жаңабекова, С. Құлманов, М. Жолшаева және т.б. ғалым-зерттеушілер қызмет етті. Әр жылдары М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, З. Ерназарова, Б. Қапалбеков, О. Жұбаева сияқты ғалымдар бөлім меңгерушісі қызметін атқарды. Бүгінгі таңда Грамматика бөлімін филология ғылымдарының докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызы басқарады.

ХХ ғ. 70-жылдар, Грамматист ғалымдар  
Сейілбек Исаев пен Қайырболат Есенов.

Бөлім қызметкерлерінің еңбектері қазақ тілі грамматикасы теориясының дамуына, белгілі бір категорияны жете танытуда әртүрлі көзқарастардың, бағыттардың қалыптасуына елеулі үлес қосты. Мысалы,   А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, І. Кеңесбаев‚ С. Аманжолов, Н. Сауранбаев еңбектері көсемшелердің танылуын дамытса, Қ. Есенов «Синтаксис осложненного предложения», «Құрмалас сөйлемнің синтаксисі», «Қазақ тіліндегі көсемше оралымды сөйлемдер» деген монографияларында көсемше көрсеткіштерінің санын көбейтті. Оған жалғас жүргізілген А. Ысқақов, кейінгі Б. Қапалбековтің зерттеулерінде көсемше тұлғаларының тілдегі қызметі толығырақ ашылды.    

Грамматика бөлімі, 2002 ж.
Суретте (солдан оңға қарай): Ақмарал Бексейітова, Гүлмира Садырова, Бижомарт Қапалбек, Ербол Жанпейісов, Сапарғали Омарбеков, Майра Жолшаева, Сәрсенбай Құлманов.

Тіл білімінің өзекті мәселелері А. Байтұрсынұлы, Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанов, Қ. Жұбанов сынды қазақ тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы жолында еңбек еткен ғалымдардың еңбектерінде сараланғанымен, бірқатар категориялардың қазақ тіліндегі өзіндік ерекшеліктері толық ескерілмеді. Алайда грамматикалық ой-тұжырымдардың дамуына байланысты ол категориялар қайта зерделенуде. Бөлім қызметкерлерінің қазақ тілі морфологиясына қатысты ұстанымдары қазақ тілі оқулықтарына, оқу құралдарына енгізіліп, өзіндік бағыттың қалыптасуына, белгілі бір категорияның жаңа қырларының танылуына жол ашты. Ол еңбектер: Қазақ тілінің грамматикасы (1944; 1953); Қазақ тілінің грамматикасы (1967); Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (1964; 1974; 1991) және т.б.; Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі (1989); Современный казахский язык (1962); Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология (1967);  Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика, грамматика (1954) (автор. бірл.);  Қазақ әдеби тілі тарихының грамматикасы (1964) (автор. бірл.); Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі (1988), Исаев С. Қазақ тілі жайында ойлар (1997); С. Исаев Қазақ тілі (1993); Құлманов С. Қазақ тіліндегі мүмкіндік модальдылығының функционалды-сематикалық өрісі (2006); Момынова Б. Қазақ тілі морфологиясы. Есімдер (2007); Момынова Б. Қазақ тілінің морфологиясы (оқу құралы, РОӘК, 2014) және т.б.

Грамматика бөлімі, 2005 ж.
Суретте (солдан оңға қарай): Сәрсенбай Құлманов, Орынай Жұбаева, Майра Жолшаева, Ербол Жанпейісов, Айман Жаңабекова, Бижомарт Қапалбек.

Бөлім қызметкерлері жекелеген грамматикалық категориялар бойынша диссертациялар қорғап,  зерттеулер жүргізді: Сауранбаев Н. «Қазақ тіліндегі көсемшенің семантикасы мен қызметі»  (канд. дисс.) (1940);  «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем жүйесі» (докт. дисс.) (1943) т.б.; Мұсабаев Ғ. «Қазақ тіліндегі сын есімдердің шырайлары» (канд. дисс.) (1951); Сәдуақасұлы Ж. «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің жақ категориясы» (канд. дисс.) (1988);  «Қазақ тіліндегі бір құрамды сөйлемдердің құрылымдық типтері» (етістік бас мүшелі сөйлемдер) (докт. дисс.) (1997);  Неталиева Қ. «Имена действия в современном казахском языке» (канд. дисс.) (1963); Қайымова Б. «Қазақ тіліндегі етістіктен есім туғызушы  аффикстер» (канд. дисс.) (1963); Қалыбаева А. «Қазақ тіліндегі етіс категориясы» (канд. дисс.) (1949); «Қазақ тіліндегі етістікті негіздер» (докт. дисс.) (1960); Есенов Қ. «Қазіргі қазақ тіліндегі шартты және қарсылықты бағыныңқылы сөйлемдер» (канд. дисс.) (1962); Жанпейісов Е. «Қазіргі қазақ тіліндегі модальды сөздер» (канд. дисс.) (1958); Балақаев М. «Основные вопросы синтаксиса простого предложения в современном казахском языке» (докт. дисс.) (1950); Қордабаев Т. «Қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы» (канд.дисс.) (1949); Ұйықбаев И. «Категория глагольного вида в современном казахском языке» (канд. дисс.) (1954); Оралбаева Н. «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық формалары» (докт. дисс.); Әмір Р. «Союзы в казахском языке» (канд. дисс.) (1955); «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи» (докт. дисс.) (1972) және т.б.

Бөлім қызметкерлері синтаксис мәселелерін де назардан тыс қалдырмағаны мына еңбектердің жарыққа шығуынан көрінеді: Балақаев М. «Основные типы словосочетания в казахском языке» (1957); «Синтаксис словосочетания и простого предложения» (1959); «Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис» (оқулық)  (1961) (авт. бірі);  Сауранбаев Н. «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» (1948); Қордабаев Т. «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (1961); «Тарихи синтаксис мәселелері (XV-XVIII ғасырлар материалдары бойынша)» (1964); «Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі» (1966). Есенов Қ. «Қазіргі әдеби тіліміздегі күрделенген сөйлемдердің негізгі мәселелері» (1975); «Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер» (1974); «Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылысы» (1982); «Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар» (1985); «Құрмалас сөйлем синтаксисі» (1995); «Синтаксис осложненного предложения в казахском языке» (1992); Әмір Р. «Особенности синтаксиса казахской разговорной речи» (докт.дисс.) (1972) және т.б.

0 Shares