Өтебаева Эльмира Әбдіғалиқызы

1979 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында дүниеге келген.

2000 жылы Қазақ мемлекетттік қыздар педагогика институтының филология факультетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіргеннен кейін, 2002 жылға дейін аталған оқу орнының филология факультетінің деканатында хатшы қызметін атқарды.

2002-2005 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институттың аспирантурасында оқыды.

2004 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты этнолингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер қызметтерін атқарып келеді. Академик Ә.Қайдар мен проф. Р.Шойбековтің жетекшілігімен 2010 жылы «Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің этнотанымдық сипаты» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

2017 жылы Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.40-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы. Отбасылы, үш баласы бар.