Әшімбаева Нағима Мәсімахынқызы

Әшімбаева Нағима Мәсімахынқызы 1961 жылдың 1 қаңтарында Алматы облысы, Шелек ауданы, Қорам ауылында дүниеге келді. 1968-1978 жж. Қорам орта мектебінде оқыды. 1979-1984 жж. С.М.Киров  атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алды. 1984-1990 жж. ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің лаборанты, аға лаборанты, 1990-2000 жж. ҚР Ұлттық ғылым академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, 2000-2018 жж. ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология бөлімінің ғылыми, аға ғылыми қызметкері болып істеп келеді. 2009 жылы «Байырғы қазақ қоғамындағы атақ-лауазым атауларының тілдік сипаты» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Нағима Мәсімахынқызы − кез келген мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудару тәжірибесі мол маман. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген. 2015 жылы ғалымның «Дәстүрлі қазақ қоғамындағы атақ-лауазымдар жүйесі» атты монографиясы жарық көрді. Н. Әшімбаева 15 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің» құрастырушысы әрі редакторы, 2012-2014 жылдары аралығында «Қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі», «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Көлік және қатынас», «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Ауыл шаруашылығы», «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Су шаруашылығы», «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Педагогика және психология», «Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Философия» атты екітілді сөздіктердің құрастырушысы ретінде еңбек етті. 100-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Н.Әшімбаеваның жарияланған мақалаларының тізімі:

  1. Қазақ тіліндегі атақ-лауазым атаулары жөнінде // Ізденіс (гуманитарлық ғылымдар сериясы). – Алматы, 1997. – №5. – ББ 26-30.
  2. Көнерген сөздер – терминжасамның бір көзі// Тіл тарихы және сөз табиғаты (ғылыми мақалалар жинағы). – Алматы: Ғылым, 1997. – ББ 190-197.

3.«Би» атақ-лауазымының этнолингвистикалық сипаты// ҚР ҒМ-ҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы –Алматы, 1998. – №2 (108). – ББ 31-36.

  1. Ханға да халық сыншы // «Түркітану мәселелері: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2001. – ББ 198-202.
  2. Атақ-лауазымдардың мақал-мәтелдердегі көрінісі // «А.Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2004. – ББ 174-177.
  3. Көненің көзіндей, тарихтың өзіндей атаулар // «Ә.Қайдар: қазақ тіл білімі және түркітану мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2004. – ББ 294-299.
  4. Стандартталатын терминдерді біріздендіруге қойылатын лингвистикалық талаптар (Ж.Қажығалиевамен бірге) // А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2005. – №3. – ББ 144-147.
  5. Атақ-лауазымға қатысты атаулардың мақал-мәтелдердегі тілдік репрезентациясы және уәжділігі // А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2005. – №4. – ББ 120-130.
  6. Түркі тілдерінде қалыптасқан билік-әкімшілік атақ-лауазым атауларын зерттеу тарихына шолу // «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2007. – ББ 144-146.
  7. Ғұн дәуіріндегі түркілік атақ-лауазымдар туралы // «Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Жібек жолы, 2007. – ББ 278-281.
  8. Қазақ халқының битану дәстүріне мәдени-философиялық талдау (Л.Асқармен бірге) // Философия. Мәдениет. Ойлау. ІV Қасымжанов оқулары: Халықаралық ғылыми конференция материалдары. – Алматы, 2008. – ББ 229-236.
  9. Қазақтың бұрынғы ел басқару құрылымына қатысты кейбір атаулар // Терминологиялық хабаршы. – Астана, 2009. – №2(28). – ББ 31-38.
  10. Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың және реттеудің лингвоәдістанымдық принциптері // Профессор Ж.А.Манкееваның 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010.
  11. Атақ-лауазымға қатысты атаулардың мақал-мәтелдердегі тілдік репрезентациясы және уәжділігі // Көрнекті тілші ғалым, белгілі түркітанушы Құлмат Өмірәлиевтің туғанына 80 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2010.
  12. Қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА академигі Ө.Айтбайұлы. Құрастырушылар ұжымы. Алматы. 2010.
  13. Қазақ терминологиялық қоры дереккөздерінің жіктелімдік сипаты // Тілтаным № 3, 2011, 59-бет.
  14. Қазақ тіліндегі көнерген атақ-лауазымдардың пайда болу жолдары // «Қазақ тіл білімі: тарих, тәжірибе, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы. 2011, 195-бет.
  15. Қазақ тіліндегі елтанымдық атаулардың топтастырылуы// Тілтаным № 4, 2012, 69-бет.
  16. Тілтаным терминдері сөздігін түзу мәселесі жайлы // Профессор А.Қ.Жұбановтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2012, 136-бет.
  17. Қазіргі тілтанымдық зерттеулердегі кәсіби тілдік тұлғаны қалыптастыру мәселесі // Тілтаным №4, 2013, 75-бет.
  18. Көнерген сөздер – тіл байлығының сарқылмас көзі // Ахмет Байтұрсынұлының 125 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2013. – 236-239 бб.
  19. Халыққа қызмет көрсету саласындағы іс қағаздар жүйесі // «Мәртебесі биік – мемлекеттік тіл» атты оқыту, тәжірибе алмасу семинарында оқыту курсын жүргізген мамандардың материалдары. – Алматы, 2013. – №3. -3-7 бб.
  20. Қазақ тіліндегі кәсіби тілдік тұлға дискурсының кешенді қарастырылуы//«Тілтаным» журналы. – Алматы, 2013. –№4
  21. Әскери атауларды мемлекеттік тілде жүйелеу негіздері. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы мемлекеттік тіл мамандарының оқу-әдістемелік жиынында жасалған баяндама. Алматы. 2014. 26 қыркүйек.
  22. Тіл ғылымының философы. Ұстаз. Азамат. Академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлының 90 жасқа толу құрметіне орай ұйымдастырылған «Ғылымдағы ғұмыр: ана тілі және түркі әлемі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2014.
  23. Салалық терминдерді ұлттық үлгіде жаңғырту үдерісі. Академик Қайдар Әбдуәли Туғанбайұлының 90 жасқа толу құрметіне орай ұйымдастырылған «Ғылымдағы ғұмыр: ана тілі және түркі әлемі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2014.
  24. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы билік жүйесіне қатысты атаулар. Қазақ Ұлттық аграрлық университеті ұйымдастырған конференция материалдары. Алматы. 2014.
  25. Тамыры бір түркі тілі // «Ана тілі» газеті, 2015.
  26. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы атақ-лауазымдар жүйесі// Монография. Алматы, «Эверо» баспасы, 2015.
  27. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елтанымдық атауларды топтастырып беру мәселесі (С.Б.Сүлейменовамен бірге) // «Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2016. 308-бет.
  28. Ғылым мен өнерді үйлестіре білген дарынды тұлға (Ж.Б.Нәлібаевпен бірге) // «Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2016. 55-бет.
  29. Салалық терминдерді ұлттық үлгіде жаңғырту мәселесі (Ж.Қалмаханмен бірге) // «Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2016. 99-бет.
  30. Қалыптасқан терминдерді өзгерту қажет пе? // «Ана тілі» газеті, 2018.
  31. Ұлы дала кеңістігі // «Ана тілі» газеті, 2018. – №4.

Тел: 87024237011; nagima010@mail.ru