Әміржанова Назира Серікқызы

Әміржанова Назира Серікқызы 1981 жылы 11 ақпанда қазіргі Алматы облысы, Алакөл ауданы, Көлбай аулында дүниеге келген.

2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы факультетін бітірген.

2004 жылдан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінде ғылыми қызметкер болып істейді.

2010 жылы «Латын әліпбиі негізіндегі қазақ жазуының  графикасы мен  орфографиясы (1929-40 жж.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

30-дан аса ғылыми және ғылыми-көпшілік мақала авторы. Олар жазу, жазу теориясы, орфография, тіл мәдениеті салаларына арналады.
Отбасылы, екі баласы бар.

Н.С.Әміржанованың ғылыми еңбектерінің тізімі:

  1. Ғаламтордағы сауаттылық мәселесіне бейжай қарауға болмайды. «Ана тілі» газеті. 2014 ж. №9 6-12 наурыз.
  2. ХХ ғ. басындағы латын графикасына негізделген қазақ емлесінің тілтанымдық негіздері туралы. «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016. – б.
  3. Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі (1929-1940 жж.). «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016. – б.
  4. Латын графикалы әліпбиді филолог-мамандарға меңгертудің лингводидактикалық негіздері. «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016. (Бірлескен аутор: Н.Әміржанова, А.Әмірбекова) .
  5. 1929 жылғы қазақ тілі орфографиялық ережелерінің тілдік негіздері// Тәуелсіз Қазақстан: Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметі. –Алматы, 2011. – 304 б.
  6. Интернеттегі қазақ тілі коммуникацияның тілдік технологиясы// Мемлекеттік тіл – тәуелсіз кепілі. – Алматы, 2011. – 344 б.
  7. Қазақ интернетінде ник-есімдердің қолданымдық сипаты// Мемлекеттік тіл – тәуелсіз кепілі. – Алматы, 2011. – 344 б.
  8. Ғаламтордағы сауаттылық мәселесіне бейжай қарауға болмайды//Ана тілі, 2012.
  9. Қазіргі қазақ интернет кеңістігіндегі тіл мәдениеті проблемалары// «KZ: ZHAS GALYM» журналы. Алматы, 2012, №2.
  10. Педагогикалық интонация: коммуникативтік – сөйлесімдік тиімді бірлік ретінде. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Маман тілі және кәсіби көркем сөз» атты ғылыми мақалалар жинағы. Алматы, 2014. –190.
  11. Интернет кеңістігіндегі ник есімдердің қолданымдық жүйесі. Тіл және қоғам. №3. 2014 ж.
  12. Проблемы языковой культуры в современном интернет пространстве. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршы. №1, 2014 ж.
  13. Академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев. Алматы, 2013 ж. – 316 бет.
  14. Қазақ орфографиясын алгоритмдер жүйесі арқылы оқытудың жаңалығы мен тиімділігі// «Қазақстандағы филологиялық білім беруді дамытудың негізгі басымдықтары. №2. 2013 ж.
  15. Рухани мәдениеттің негізін салған қазақ ғалымы. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы «Жас ғалымдар» сериясы. Алматы, 2013. №2.
  16. Орфографиялық дағды қалыптастырудың ғылыми негізі// Білім беру жүйесінде кәсіби бағытты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты ғылыми мақалалар жинағы. Алматы, 2013. 268 бет.
  17. Тіл және сөз стилистикасы: айырымдық және ортақ белгілері. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. «Тілтаным» журналы, 2013 жыл. №3.
  18. Чат – коммуникацияның лингвистикалық ерекшеліктері. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. «Тілтаным» журналы, 2012 жыл. №1.
  19. Қазіргі қазақ интернетіндегі тіл мәдениеті проблемалары. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. «Тілтаным» журналы, 2012 жыл. №2.
  20. Ұлттық бірегейлік және қазақ жазуының мәселелері. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршысы «Жас ғалымдар» сериясы. Алматы, 2013. №1
  21. Латын графикасына негізделген әліпби: техникалық, лингвистикалық, әдістемелік аспектісі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. Хабаршы. Филология ғылымдары сериясы. Алматы, 2018. N1
  22. Латын графикасына негізделген әліпби бойынша орфографиялық проспекті түзу негіздері. Алматы қаласы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен«Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің өзекті мәселелері» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 2018.

Жетістіктері мен марапаттар:

  1. Гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2015 жылғы үздік жұмысы үшін жас ғалымдарға арналған М.О.Әуезов атындағы сыйлықты иеленді.
  2. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Жас ғалымдар кеңесі үйымдастырған 2015 жылғы «Жас ғалымдардың үздік мақаласы» байқауының жеңімпазы.

 

E-mail: nazira.amirzhanova@mail.ru

Тел: 87072220734