Қыздархан Құрмашқызы Рысберген

Ономостика бөлімінің меңгерушісі,

Филология ғылымдарының докторы, профессор

  • 1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келді.
  • 1981 ж. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін үздік дипломмен бітірген.
    • 1981-1983 ж.ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми стажировкадан өтіп,
  • 1984 ж. бері осы институттың ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1996 ж. 22.08. бастап 2004 ж. 30.09. дейін Институттың ғалым-хатшы қызметін атқарып келді.
  • Осы қызметте жүріп 2001 жылдан бері Ономастика бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

1993 ж. «Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының тарихи-лингвистикалық зерттеуі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Іргелі зерттеулермен қатар Республикадағы ономастика саласындағы жұмыстарды ғылыми-теориялық, әдістемелік, практикалық тұрғыдан реттестіру ісімен де айналысып келеді. Мәселен, қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәні зор құжаттар санатындағы «Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий» атты нұсқаулықты 2003 ж. және «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстардың тұжырымдамасының» жобасын 2004 ж. әзірлеуге қатысты. Ұлттық ономастиканың түрлі өзекті проблемаларына қатысты 50-ге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала, кітап, сөздіктері жарық көрді.

2000 ж. «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана» атты монографиясы, 2004 ж. Т.Жанұзақпен бірігіп жазған «Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы» әдістемелік құралы жарық көрді. Сондай-ақ қатысуымен үш топонимдер сөздігі, 2002 ж. «Қазақша-орысша сөздік» (2002), «Орысша-қазақша сөздігі» (2005) шықты. Ол лексикография саласындағы жұмыстарды жалғастырып, қазіргі кезде қазақ ӘДЕБИ тілінің 15-томдық түсіндірме сөздігін жасауға қатысуда. 2010 ж. «Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Ономастика саласы бойынша республикадағы білікті мамандардың бірі, оның ғылыми жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация қорғалды. 2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. АЛТЫНСАРИН» белгісімен жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін марапатталды. Алматы қаласы ономастикалық комиссиясының мүшесі.