Қожахметова Ақтоты Қожахметқызы

Қожахметова Ақтоты Қожахметқызы

Қолданбалы лингвистика бөлімінің аға лаборант 

Қожахметова Ақтоты Қожахметқызы 1984 жылы 4 сәуірде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбе ауылында дүниеге келген. 1991 жылы сол ауылдағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 2002 жылы 11-сыныпты бітірген. Ал 2002 жылы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінің «Қолданбалы лингвистика» мамандығына түсіп, оны 2007 жылы үздік дипломмен аяқтады.

2014-2016 жылдары Қазақ Ұлттық университетінің және «Ғылым ордасы» кешенінің базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша «Лингвистика» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

2007 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Қолданбалы лингвистика» бөлімінде қызмет жасап келеді.

Автор 2012 жылдан бері 11 ғылыми мақаланың авторы, 2 сөздіктің бірлескен авторы және 1 кітаптың құрастырушысы, 1 ғылыми жинақтың жауапты шығарушысы атанды.

А.Қожахметованың ғылыми еңбектерінің

Т І З І М І

Ғылыми мақалалар:

  1. «Мәтіндер корпусындағы нөлдік форманың тілдік көрінісі» «Қазақ тілін оқытудың заманауи әдіснамасы: үдеріс, сапа, жетістік» атты ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 27 сәуір, 2012. 236-238 бб.
  2. Мәтіндер корпусына морфологиялық аннотация жасаудағы күрделі етістіктердің берілуі «Тілтаным» №2 (46) Алматы, 2012.191-196 бб.
  3. «Корпусқа енгізілетін мәтіндердегі салттылық-сабақтылық категориясы» Профессор А.Қ.Жұбановтың 75 жылдық мерей тойына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімі: Қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 13 қараша, 2012. 94-97 бб.
  4. «Мәтіндер корпусын түзудегі сын есім мәселесі жайында» С.Омарбекұлының 85 жылдығына арналған «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел. – Алматы, 7 желтоқсан, 2012. 219-221 бб.
  5. «Корпусқа енгізілетін мәтіндердегі нөлдік форма жайында» А.Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 7 желтоқсан, 2013. 309-312 бб.
  6. Етіс категориясының корпустық лингвистикадағы тілдік көрінісі Тілтаным №2/3 (54,55) – Алматы, 2014. 133-136 бб.
  7. «Метаразметка туралы жалпы түсінік» «Россия и Восток: взаимодействие стран и народов» труды Х всероссийского съезда востоковедов. – Уфа, 2015 г. 53-55 бб. Б.Карбозовамен бірге.
  8. «Көркем мәтін прагматикасын корпустық лингвистика кеңістігінде зерттеу» ҚазҰУ Хабаршысы. – Филология сериясы. – Алматы, 2015 ж. – №6 (158). 300-305 бб.
  9. «Корпустық лингвистика мен мәтін лингвистикасы сабақтастығы» Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселелері атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 29 сәуір 2016. 241-245 бб.
  10. Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудегі «у» фонемасының буын құрамдық сипаты Тілтаным, №3, – 2017.
  11. «Жартылай автоматты метабелгіленімдер енгізу бағдарламасының жұмыс істеу технологиясы» А.Жаңабековамен бірге. Тілтаным – 2018.

Сөздіктер:

  1. Қазақ тілінің жиілік сөздігі (сөздік) (қосалқы автор) – Алматы: «Қазақ тілі баспасы», 2016, 772 б.
  2. Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі (қосалқы автор) – Алматы: – Дәуір, 2016, 1472 б.

Құрастырған еңбектері:

  1. Қазақ сөзформа құрылымының жиілік сөздіктері. – Алматы 2018, 418 б.

Ғылыми жинақ:

  1. Шора Сарыбаев Тіл-ғұмыр. Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 2018.