
Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы – Филология ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер
Қаршығаева Айнұр Аралбекқызы 1977 жылы 20 маусымда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында дүние келді. Ұлты – қазақ.
- 1994 жылы Жалағаш ауданындағы №123 қазақ орта мектебін бітіреді.
- 1994 жылы Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әдеби қызметкер мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1998 жылы бітіріп шығады.
- 1999-2000 жылдары Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қазақстан темір жолы мекемесіне №15 мектеп-интернатқа мұғалімдік қызметке қабылданады.
- 2000 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданына №123 орта мектебіне мұғалім және 0,5 жүктемемен директордың тәрбие жұмысы орынбасары болып қызмет атқарады.
- 2002 жылы ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының лексикология бөліміне аға лаборанттық қызметке қабылданады.
- 2010 жылы «Қазақ жасалым (артикуляциялық) фонетикасының дамуы мен қалыптасуы» атты тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.
- 2010 жылы фонетика бөлімінің, 2011 жылы Компьютерлік лингвистика бөлімінің аға лаборанты қызметін атқарады. 2011 жылдың қазан айынан осы бөлімнің кіші ғылыми қызметкері жұмысын атқарған.
- 2009-2011 жылдарға арналған«Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тіліндегі мәтіндер корпусы және сөздіктердің «Тіл – қазына» атты ұлттық компьютерлік қоры»тақырыбы бойынша ғылыми тақырыпты орындаушылардың бірі болды.
- 2012-2018 ж.ж. қазіргі уақытта фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Фонетика бөлімінің 2012-2014 жылдарға арналған «Қазақ тілі дыбыстарының интерактивті оқу-артикуляциясын модельдеу», 2015-2017 жылдарға «Қазақ тілінің фонетика-грамматикалық бөлшектерінің (сегменттерінің) үндесім-интерактивті инновациялық модельдері» тақырыптары бойынша орындаушылардың бірі.
Осы аталған іргелі зерттеулер бойынша 30-ден астам мақала жариялады.
Қазіргі таңда А.Қаршығаева ғылыми-зерттеу жұмысымен қатар «Тұран» университетінде дәріс береді. 2012 жылы «Кәсіби қазақ тілі» атты оқу құралы жарық көрді.
Ғылыми еңбектер тізімі:
- Профессор С.Мырзабеков қазақ тілінің орфоэпиясы жайында //Тілтаным. – Алматы, 2005, № 4. – Б. 90-94.
- Жаңа фонетикалық ұғымдар мен олардың атаулары //Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы, филология сериясы. – Алматы, 2006, № 5. – Б.33-35.
- Қазақ тілінің артикуляциялық фонетикасы//Әл-Фараби атындағы ҚҰУ Хабаршысы, филология сериясы. – Алматы, 2007, № 9. – Б.193-195.
- Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаттамасының қалыптасуы //«Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2007. – Б. 298-300.
- Қазақ тіліндегі қ(к) дауыссыз дыбысының фонологиялық мәртебесі жайлы //«Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. -239-241.
- А.Байтұрсынұлының артикуляциялық талданымы //«Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. – Б. 265-267.
- Проф. Қ.Жұбановтың дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы
//«Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2009. – Б. 83-86. - Үндесім (үндестік) заңының артикуляциялық сипаты. //«Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы» атты Н.Сауранбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010. Б. 216-221.
- Проф. Қ.Жұбановтың дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы //«Эпос тілін зерттеудің өзекті мәселелері» атты Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына 80 жыл толуына арналған халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2011. Б. 222-225.
- Қазақ тілінің әліпби кезеңдері //Қазақ жазуы: «өткені, бүгіні, болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2011.
- Қазақ тілі дыбыстарының фонетика-фонологиялық сәйкестігін
модельдеу// А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2013, № 3. 106-110 б.б. - «Ерін» және «еріндік» атаулары жайлы//«Білім беру жүйесінде кәсіби бағытты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты ғылыми мақалалар жинағы. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті. – Алматы, 2013. 52-56 б.б.
- Қазақ тілі дыбыстарының фонетика-фонологиялық сәйкестігін
модельдеу// А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2013, № 3. - Жалаң және құранды дауыстылардың
артикуляциялық моделі // Сулейман Демирел атындағы университеттің ұйымдастыруымен V «Мәдениеттер тоғысындағы тіл, әдебиет, аударма және журналистика мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2014ж. - «Жуан әуезді [дық, дік, тық, тік] жұрнағының артикуляциялық сипаттамасы» // Академик Ө.Айтбайұлы және Мемлекеттік тіл мәселелері Халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 22 апрель, 2016 ж.
- «Қазақ тілі дыбыстарын жаңаша оқытудың ғылыми негіздері» // Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына арналған «Жамбыл ақындық мұрасы және Жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Алматы, 25 ақпан, 2016 ж.
- «Қазақ тілі оқулықтарындағы артикуляциялық талданым үлгісі»/ Журнал «Хабаршы» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ХАБАРШЫ «Филология ғылымдары» сериясы № 1 (55), 2016 ж.
Шетелдік мақалалар:
- XIX ғасыр зерттеушілерінің еңбектеріне фонетикалық талдау// VIІI Международной научно-практической конференции «Актуальные проблемы современных наук – 2013». Польша, 2013.
- Салалық атаулар жайлы// Materialy X mezinarodni vedecko – prakticka conference «Aktualni vymozenosti vedy –2014». Прага, 2014.
- Қазақ фонетикасының қалыптасу кезеңдері// Materialy XІ mezinarodni vedecko – prakticka conference «Nastoleni moderni vedy-2015» Praha, 2015
- «Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық белгілерінің жиынтық моделі» // Городские Башкиры: урбанизация и этничность Материалы IX Межрегиональная научно-практическая конференции. Уфа – 21 апрель, 2016 г.
Оқу құралдар:
- Кәсіби қазақ тілі Жоғары оқу орындарының «Халықаралық қатынастар» мамандығына арналған оқу құралы// Оқу құралы. – Алматы. Тұран университеті, 2012ж.
- Кәсіби бағдарлы қазақ тілі Жоғары оқу орындарының «Маркетинг» мамандығына арналған оқу құралы// Оқу құралы. – Алматы. Тұран университеті, 2014ж.
- Кәсіби қазақ тілі Жоғары оқу орындарының «Есеп және аудит» мамандығына арналған оқу құралы// Оқу құралы. – Алматы. Тұран университеті, 2018ж.