Қайрат Ғабитханұлы

Қайрат Ғабитханұлы

Филология ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер

Қайрат Ғабитханұлы, ҚР Білім және Ғылым міністірлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері. 1965 жылы 16 сәуірде Қытай Халық Республикасы, Үрімжі қаласында дүниеге келген. 1983 жылы Үрімжі қаласы Үрімжі ауданы Гангу орта мектебін бiтiрдi. 1983-1987 жж. Пекин Орталық ұлттар университетінің филология факультетінде Қазақ тіл мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыды.

  • 1987-1992 жж. Пекин Орталық ұлттар университеті ұлттар филологиясы факультетінде  оқытушы болып жұмыс істейді.
  • 1992-1995 жж. ҚР ҰҒА-ның А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирантурада оқыды. 1996 жылы PhD ғылыми дәрежесін алды.
  • 1996-жылдан ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарып келеді. Осы қызметімен қоса 2000-жылдан бастап Абылайхан атындағы Халқаралық қатынастар және Әлем тілдері Университетінде, 2007 жылдан бастап ал-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінде студенттер мен магистірлерге қытай тілі мен аударма мамандықтарынан дәріс береді. Аталған оқу орындарында магистірлерге ғылыми жетекші.
  • 2007 жылы Шынжаң педагогика университетінің  құрметті профессоры. 2009 Пекин орталық ұлттар университетінің  құрметті профессоры.
  • 2018 ж бастап Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры.

Қазақстандағы және шетелдердегі басылымдарда 60-қа жуық ғылыми еңбектері, 2 монографиясы, 8 оқулығы жарық көрді.

Лексикология, лексикография, этнолингвистика, салғастырмалы тіл білімі, тіл тарихы салалары бойынша зерттеумен шұғылданады.