Қазақбаева Шағала

Қазақбаева Шағала 1994 жылы 17 шілдеде дүниеге келген. 2012 жылы Атырау қаласы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебін бітірген. 2008 жылы Атырау қаласында өткен IІІ халықаралық байқаудың «Жас ғалым» номинациясы бойынша 2-орын иегері атанған.

2012-2016 жж. аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ тілі және теориясы факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын үздік бітірген.

2016-2018 жж. аралығында аталған университеттің «6М020500 – Филология» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған.

Ш.Қазақбаева п.ғ.д., профессор Ж.Қ.Балтабаеваның жетекшілігінде «Қазақ тіліндегі септіктерді дамыта оқыту әдістемесі» тақырыбында дипломдық жұмыс (2012 ж.), ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенованың жетекшілігінде «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық құндылықтарды прагмалингвистикалық аспектіде зерделеу» тақырыбында магистрлік жұмыс қорғады.

2016 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Негізгі зерттеу бағыттары – тіл білімінің аксиология, прагмалингвистика, лексикология, тіл мәдениеті, орфография салалары. Осы бағытта жариялаған ғылыми мақалалары:

1 Қазіргі тіл ғылымындағы прагматикалық бағыт. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми журналы. –  Филологиялық сериясы. – Алматы: Кереку. – 2017. – 489 б.

2 Прагматикалық аспектілердің зерттелу жайы. Қазіргі қазақ тіл білімінің инновациялық әлеуеті. – Алматы: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты: «Арыс» баспасы, –  2017. –  404 бет.

3 Қазіргі қазақ поэзиясындағы қайталамалардың прагматикалық сипаты. «Латын әліпбиі: ХХІ ғасырдағы ғылым мен білім беру үрдісі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. –  Филологиялық сериясы. – Алматы. – 2018. – 289 б.

E-mail: shagala.kazakbayeva.94@mail.ru

Tel: 87759278202