Шүленбаев Нұрлан Құныпияұлы

Шүленбаев Нұрлан Құныпияұлы 1965 жылғы 16 желтоқсанда Алматы облысы қазіргі Райымбек (бұрынғы – Нарынқол) ауданы Қаратоған ауылында туылған. 1973-83 жылдары қоғам қайраткері Нұрбапа Өмірзақов атындағы орта мектепте оқыды. 1984-1986 жылдары Кеңес Одағы Қарулы күштері қатарында болды. 1987-1992 жылдары әл-Фараби (бұрынғы – С.М. Киров) атындағы ҚазҰУ-дің филология факультетінде оқып, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығын алды.

1991-94 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Терминология және аударма бөлімінде кіші лаборант, лаборант, кіші ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеді. 1995-2003 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы жан-жақты профильді №159 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі болып істеді. 2004-06 жылдары аталған институттың Этнолингвистика бөлімінде ғылыми қызметкер болды. 2007-2010 жылдары «Қазғарыш», Интранском» тәрізді компанияларда аудармашы болып қызмет атқарды.

2010 жылдың қыркүйек айынан терминология бөлімінің ғылыми қызметкері болып қызмет атқарып келеді. 2015-2017 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен «Ғылым ордасы» бірлескен магистратурасында оқып, Лингвистика» мамандығы бойыншы гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Терминологияға, жалпы тіл білімі мәселелеріне арналған 30-ға жуық мақаласы жарық көрді. Отбасы, үш қызы, екі жиен немересі бар.

Ғылыми еңбектерінің тізімі:

  1. Ықшамдалып жасалған қос сөздер // «Академик Ә.Т. Қайдар және қазақ тіл білімінің мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2004. – 642 б.
  2. Синонимдес қосарлы қос сөздер // «Академик Ш.Ш. Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – 794 б.
  3. Терминдерді біріздендіру, реттеу және сөздіктерде беру жайында. Тілтаным, №№ 1-2, 128-133-б.б.-Алматы, 2011.
  4. Терминжасам және кейбір сөздердің қолданылуы туралы. Тілтаным, №№3-4. – Алматы, 2011.
  5. Терминжасам – «Жеті рет өлшеп, бір кесетін құбылыс». Ана тілі газеті, №20 (1121), 17-23 мамыр. – Алматы, 2012.
  6. Қолданбалы тіл білімінің кейбір салалары жайлы // А. Жұбановтың туғанына 75 жыл толуына орай өткізілген «Қазіргі қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2012 ж.
  7. Терминологиядағы елтанымдық бірліктер // С. Омарбековтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілген «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2012 ж.
  8. Жүйелі сөз жүйесін тапса. Ана тілі газеті, №52 (1153), 21 желтоқсан 2012-4 қаңтар 2013. – Алматы, 2012.
  9. Тілтаным терминдерінің берілуі. Тілтаным. №2. – Алматы, 2013.
  10. Тілдегі тың қолданыстар жайында. Тілтаным. №3. – Алматы, 2013.
  11. Когнитивтік тілтаным жайлы түсінік. Тілтаным. №4. – Алматы, 2013.
  12. Сөздің де киесі бар… Терминологиялық хабаршы. №1(47). – Алматы, 2014.
  13. Терминжасам қағидаттары, ерекшеліктері. Тілтаным. №2-3. – Алматы, 2014.
  14. Тіл мәдениеті, психотілтаным, этнотілтаным мен әлеуметтік тілтаным туралы. Тілтаным, №4. – Алматы, 2014.
  15. Тіл мәдениеті. Тілтаным. №4. – Алматы, 2014.
  16. Терминжасам қағидаттары, ерекшеліктері мен қиындықтар. Терминологиялық хабаршы №2 (50). Астана: «Арт Рrint XXI», 2015ж.
  17. Елтаным атаулары – елдіктің белгісі. Ана тілі» газеті (№13 (1375) 30 наурыз-5 сәуір, 2017 ж.).
  18. Тіл мәдениеті және оның бағыттары. Ана тілі газеті, №1 (1363), 6-11қаңтар. – Алматы, 2017.
  19. Салалық терминдерді біріздендіру, қалыптастыру // «Актуальные вопросы филологии и методики преподавания иностранных языков: теория и практика» ІІІ Халықаралық конференциясы. ҚазҰУ 26-27 қаңтар, 2017.
  20. Теология терминдері мен атауларын біріздендіру мен реттеу жайында // ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ӘЛІПБИ: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 27 сәуір, 2017.
  21. Терминдер синонимділігі және оларды біріздендіру // Қазіргі заманғы түркітану» атты халықаралық конференция. Алматы, 17 қараша, 2017ж.
  22. Терминдерді қалай біріздендіреміз? // «Ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік негіздері» атты республикалық конференция. Астана, 27 қараша, 2017.
  23. Дінтану терминдері мен атауларын дұрыс саралап жүрміз бе? // Терминологиялық хабаршы. №2 (54), Астана, 2017 ж.
  24. Асығыстыққа жол бермейік (емле ережелерін талқылау). Ана тілі газеті, №36 (1450), 29 тамыз-6 қыркүйек. – Алматы, 2017.
  25. Өзге елдер тәжірибесін ескерейік. Ана тілі газеті, №44 (1458), 25 -31 қазан. – Алматы, 2017.
  26. Жаңа әліпбиге тағы бір қадам…//«Латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани негізі» республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2018. (өндірісте).
  27. Сөздерді дұрыс транслитерациялау және транскрипциялау қажет // Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану және ономастика» республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2018. (өндірісте).

Бірлескен автор:

  1. Қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдерінің сөздігі. «Фирма «Орнак» ЖШС. – Алматы, 2010. – 656 бет.
  2. Қазақша-орысша, орысша-орысша терминологиялық сөздік. Мәдениет және өнер / жалпы ред. басқ. М.Б. Қасымбеков, жобаның ғылыми жетекшісі А.Қ. Құсайынов. – Алматы: «Казақпарат» баспа корпорациясы, Т: 25, 2014. – 551 б.
  3. Қазақша-орысша, орысша-орысша терминологиялық сөздік. Дене шынықтыру және спорт / жалпы ред. басқ. М.Б. Қасымбеков, жобаның ғылыми жетекшісі А.Қ. Құсайынов. – Алматы: «Казақпарат» баспа корпорациясы, Т: 30, 2014. – 463 б.

Тел: 87272611209, 87272908417, 87016252085; shulenbaev.n@mail.ru