Тұрғынбаева Жазира Жақсылыққызы

1971 жылы 14 қарашада Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында туған. 1978-88 жылдары Алматы қаласы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 қазақ орта мектебінде оқып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1989-1995 жылдары республикалық «Өркен»-«Горизонт» газетінде жұмыс істеді.

1995 жылдан қазірге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Тіл мәдениеті, Ономастика бөлімдерінде кіші ғылыми қызметкер болып істеді. 2004-2011 жж. 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін»,  «Бір томдық сөздікті» компьютерге теру жұмыстарына, 2016 ж. «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігін»,  «Ономастикалық атаулардың латын әліпбиіндегі қысқаша сөздігінің проспектісін» (аналитика, сөздік, 2017 ж.), «Латын негізді әліпбидің орфографиясын жасаудың ғылыми-теориялық негіздері» атты тақырыптарға қатысты. «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» ( 2018 .) атты тақырып бойынша жұмыс атқаруда.

Байланыс: 87772377933; zhaz71@mail.ru