Солтанбекова Альфия Абдыкенқызы

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің аға ғылыми қызметкері,филология ғылымдарының кандидаты

Тел: 87471366197

email: madina-258@mail.ru

  • 11 шілде 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы,  Үржар ауданы, Мақаншы ауылында (бұрынғы Семей облысы, Мақаншы ауданы, Мақаншы ауылында туылған.
  • 1998-2002 жылдар аралығында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология  факультетін (мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті)  бітірді.
  • 2002-2004 жж. «Болашақ арнайы мамандандырылған» орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • 2002-2005 жж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқыды.
  • 2006 жылдан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші, ғылыми, аға ғылыми қызметкері.

Жетістіктері:

2010 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Е.Н.Жанпейісовтың жетекшілігімен «Қазіргі қазақ тіліндегі шақтық локалдылық/бейлокалдылық функционалды-семантикалық категориясы» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады.

Айналысып жүрген ғылыми бағыттары:  қазақ тілінің функционалды грамматикасы, қазақ тілінің лексика-семантикалық бірліктерінің мағыналық ерекшеліктері, қазақ тілінің квалитативті-квантативті семантикалық категориясы, категориялық жағдаят, грамматикалық концептология, семантикалық өрістер,  когнитивті лигвистика, дискурс, жаңа грамматикалық жаңартпалар, функционалды-семантикалық категория, дәстүрлі грамматика, пунктуация, лексикография, корпус мәселелері.

Қазақ тіліндегі квалитативті-квантативті негізді функционалды-семантикалық өрістер» (2009-2011),  «Грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесінің көрінісі (қазақ тілі негізінде)» (2012-2014) және «Жаңа грамматикалық білімдер жүйесін оқыту тәжірибесінде қолдану негіздері» (2012-2014), «ХХ ғасырдың басындағы қазақ тіл біліміндегі теориялық білімдердің қалыптасып, дамуы» (2012-2015), «Қазақ пунктуациясының мемлекеттік тілдің қолданыс аясына байланысты даму үдерісі» (2015-2017) атты ғылыми-зерттеулерде  жаңа, іргелі нәтижелерге қол жеткізіп келеді А.Солтанбекова бірнеше ұжымдық еңбектерге орындаушы, құрастырушы ретінде қатысты, атап айтқанда: 2007 жылы «Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері», 2010 жылы «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы» атты жоғары оқу орындарына, тілші мамандарға арналған ұжымдық еңбектің 1-кітабының, 2011 жылы аталған еңбектің 2-кітабының авторларының бірі. 2016 жылы Институтымыздың іргелі зерттеуі бағдарламасына қатысып, «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» еңбегін құрастырушылардың бірі болып танылды. 2017 жылы «Мемлекеттік тілдің латиницаға өтуі үшін латын графикасын пайдаланудың бiрiңғай стандартын әзірлеу» атты мемлекеттік тапсырма бойынша дайындалған «Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (ғылыми-тілтанымдық зерттеу)» атты  екінші ғылыми кітаптың редакторы. Сонымен қатар қазақ тіліндегі тыныс белгілердің қызметі, автордың тыныс белгілерді қоюдағы өзіндік ұстанымы, тыныс белгілерді қалыптанған нормаларға сәйкес қою не одан ауытқу мәселелерін және бүгінгі таңдағы газет-журнал тіліндегі, жарнамалардағы тыныс белгілердің олқы тұстарын зерттеу үстінде. А.Солтанбекованың түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларда  жасаған баяндамалары, жарияланған ғылыми  мақалалары,  әр жылдары орындаушы ретінде қатысып келе жатқан іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары тіл білімінің функционалды лингвистика, когнитивтік грамматика  бағыттарының қазақ  тіл білімінде қалыптасуына өзіндік  үлес қосуда.

Марапаттары:

2016 жылы білім мен ғылым министрі Е.Сағадиевтің қолы қойылған «Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.

2018  жылы «Өрлеу БАҰО»АҚФ Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасының облыстарын аралап, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілік арттыру мен насихаттау жұмыстарына белсене қатысып келеді. 2018  ж. «Латын графикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде  қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» тақырыбы аясында «Кирил және латын графикаларында жаңа қазақ сөздерінің тіркесімділігі сөздігін әзірлеу» және «Латын қаріпті қазақ тілінің мәтіндер корпусын жасау» жобаларына қатысып келеді.

Сондай-ақ 2012 жылдан бастап жалпы білім беретін орта мектептерге арналған оқулықтарға сараптама, редакторлық жұмыстарды атқарып келеді.

2015-2016 жж. «Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия» иегері.

2015-2017 жж арналған «Қазақ пунктуациясының мемлекеттік тілдің қолданыс аясына байланысты даму үдерісі» атты іргелі зерттеу тақырыбының ғылыми жетекшісі.

60-қа жуық ғылыми мақалалар мен «Шақтық локалдылық /бейлокалдылық функционалды-семантикалық өрісі» атты монография авторы.

Мақалалары:

  •  Локалдылық-бейлокалдылық категориясы темпоралдылық жүйесінде // «С.Аманжолов және қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2004.
  • Шақтық локалдалық/шақтық бейлокалдылықтың тілдік құрылымындағы аспектуалды семантикалық ерекшеліктері. «Қазақ тіл біліміндегі функционалды бағыт» // Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.М. Есеновтың туғанына 75 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдыры. – Алматы, Тіл білімі институты, 2006.
  • Шақтық бейлокалдылықтың категориялды жағдаяты. //Тілтаным. – №3. (23).
  • Қимылдың нақтылана түсуіне уақыт пен субъектінің әсері. // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 15 жыл және университетінің 5 жылдығына арналған «Педагогикалық білімнің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. ІІ том. – Шымкент, 2006, 27-28 қазан.
  • Локалдылық өрісінің функционалды-семантикалық аспектісі // ҚР БжҒМ ҰҒА Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – Алматы, 2007. – №1(161).
  • Шақтық локалдылықтың модальділікпен астас тұстары/ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы, 2007. № 6 (105).
  • Шақтық локалдалық/шақтық бейлокалдылық функционалды семантикалық өрісі // Қазақ грамматикасының өзекті мәселелері. – Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2007.
  • Синтаксемалардың функционалды-синтаксисте алатын орны //ҚазМҰУ Хабаршысы Филология сериясы  Алматы, 2007. №7.
  • Шақтық локалдылықтың модалдылық категориясында алар орны //ҚазҰУ Хабаршысы Филология сериясы Алматы, 2007. №5.
  • Сапалық семантикасы мен шақтық локалдылық категориясы.  «Әдеби тіл және қазақ тілінің өміршеңдігі» //Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының  докторы Рабиға Сыздық 85 жылдығына орай өткізілген ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты, 2009. Б. 224-228.
  • Нақты жағдаятпен қатысты қаралатын референтті субъекті және сөйленім А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында профессор Қ.Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты, 2009. Б.145-149.
  • Нақтылық/жалпылыққа құрылған сөйленімдердің коммуникативті-прагматикалық аспектісі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2010, № 1. Б. 187-193.
  • Қазақ тіліндегі нақтылық/жалпылыққа құрылған сөйленімдердегі субъектілер мен объектілердің орналасу реті. //Түркі тілдерінің грамматикасы: қазіргі ахуалы мен болашағы. аса көрнекті тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, ҚазКСР академигі Н.Т.Сауранбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты. 2010.
  • Субъект – Предикат – Объектілік қатынастар және сөйлемнің синтаксистік құрылымы. //Белгілі түркітанушы, тіл маманы, филология ғылымының докторы, профессор ҚазКСР ҒА корреспондент мүшесі Ахмеди Ысқақұлы Ысқақовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазіргі грамматикалық зерттеулердің негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2010. Тіл білімі институты, 2010.
  • Тілдегі нақты және дағдылы түрде қайталанатын қимылдағы субъектілердің қолданысы. // Аса көрнекті ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Қаз КСР корр.-мүшесі Ахмеди Ысқақұлы Ысқақовтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Қазір қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, Тіл білімі институты, 2010.
  • Субъектілі функционалды семантикалық өрісі // Көрнекті тілші ғалым, белгілі түркітанушы Құлмат Өмірәлиевтің туғанына 80 жыл толуына арналған «Қазақ әдеби тілі тарихының өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, Тіл білімі институты, 2010.
  • Қалып етістіктерінің субъектілік мағынаға қатысы. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным журналы». – Алматы, 2011, №1-2. (41-42). – Б. 91-94.
  • Қазақ тіліндегі cубъектінің уақыт ұғымына қатысы. «Тіл білімінің қазіргі бағыттары: когнитивизм, функционализм, прагматика» //Филология ғылымдарының докторы, профессор, жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Рысалды Құсайын Тынысбайұлының 70 жасқа толу мерейтойына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – Алматы: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті, 2011. – Б. 53-60.
  • Етістіктің субъектіге бағытталған сипаты. //Профессор Б.Әбілқасымовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2011.
  • Қазақ тіліндегі субъектінің қолданыс аясы //А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 50 жылдығына арналған «Қазақ тіл білімі: тарих, тәжірибе, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2011.
  • Уақыт – баға жетпес құндылық.  //Тілтаным.  – №1. – Б. 169-173.
  • Грамматикалық концептілердің репрезентанттар ретінде қаралуы // «Қ.Есенов және қазақ грамматикасының өзекті мәселелері» атты  халықаралық ғылыми-теориялық  дөңгелек үстел материалдары. – Алматы, 2012. – Б. 118-123.
  • Концепт ұғымы туралы  // Тілтаным. 2012, №3.
  • А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі зат есімнің қаралуы // «Фонетика ғылымының өзекті мәселелері: даму көздері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференция материалдары. – Алматы, 2012. – Б. 229-234.
  • А.Байтұрсынұлының еңбектеріндегі функционалды грамматика мәселелері // «Қазіргі қазақ тілі: қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық  конференция материалдары. – Б. 274-282.
  • Функционалды грамматикадағы шақтық локалдылық категориясы. Монография. – Алматы, 2012. – 200 б.
  • Қазақ дүниетанымындағы «кеңістік» концептісінің алатын орны. «Білім беру жүйесінде кәсіби бағытты жүзеге асырудың өзекті мәселелері» атты ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті. 2013. Б. 101-106.
  • Кеңістік концептісінің мекендік, мезгілдік сипаты. Материалы ІХ Международная научно-практическая конференции «Европейская наука ХХІ века – 2013»  – Польша, 2013. С. 104. – 86-88 с.
  • Қазақ дүниетанымындағы уақыт өлшемі. Материалы ІХ Международной научно-практической конференции «Наука и инновации – 2013» – Польша. – С.16-19.
  • Ахмет Байтұрсынұлы еңбектеріндегі синтаксис мәселелері. «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2013. – 127-132-бб.
  • Орта білім беру жүйесіндегі зат есімнің сипаты «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2013, №2. Б. 169-173.
  • Қазақ  тіліндегі «уақыт» пен «мәңгілік» концептілерін репрезенттеу // Материалы  Х Международной научно-практической конференции «Ключевые вопросы в современной науке». – София, 2014. – С. 45-50.
  • Қазақ халық ертегілеріндегі фольклорлық «кеңістік» концептісі // «Тілтаным» журналы. – 2014. –  № 2. –  35-42-бб.
  • «Уақыт» пен «кеңістік» лексика-грамматикалық концептілердің ішкі мағыналық ерекшеліктері // Грамматикалық дүниенің тілдік бейнесі. – Алматы, 2014. –  44-95-бб.
  • Қазақ тіліндегі шақ формаларының когнитивті негіздері // «Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: ғылыми мұра және ғалым феномені» атты халықаралақ ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным баспасы, 2014. – 380 б.
  • Шақтық локалдылық/бейлокалдылық категориясы // Қазақ тіліндегі грамматикалық категориялар парадигмасы. Филология факультетінің бакалавр және магистратура бөлімдеріне арналған оқу құралы. –Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту» ЖШС, 2014. – 156-184-бб.
  • М.Малбақовтың латын қарпіне байланысты ғылыми-теориялық тұжырымдары // «Қазақ лексикографиясы: тарихы, тәжірибесі, болашағы» атты халықаралық-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным баспасы, 2015. – 29-31-бб.
  • Функционалды грамматика мәселелерін оқытудағы ерекшеліктер // Материали за 11-а международна научна практична конференция, «Найновите науни постижения». Том 11. Филологични науки. – София,    «Бял ГРАД-БГ» ООД. – 31-34 стр.
  • Жоғарғы мектеп пен орта мектептерде грамматиканы оқытудағы тыныс белгілердің функционалды қызметі // «Тілтаным» журналы. – № 1. – 2015. – 45-50-бб.
  • Қазіргі қазақ тіліндегі пунктуациялық жүйе мәселелері // «Тілтаным» журналы. –  № 3 (өндірісте) 2016.
  • Тыныс белгілердің мектеп бағдарламасында оқытылуы // «Қазақстан Республикасындағы педагогикалық білім берудегі өзекті мәселелер: даму келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Семей, 2016.
  • . Некоторые вопросы нерегламентированной пунктуации. // Материалы XI Международной научно-практической конференции  «Становление современной науки – 2016». – Чехия, Прага: Publishing House «Education and Science» s. z .o.,  2016. – 22-28 стр.
  • Шақтық локалдылық /бейлокалдылық функционалды-семантикалық өрісі. Жұмсалымды грамматика (монография-оқулық). – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2016. – 201-231б
  • Қазақ білімпаздарының 1924 жылғы тұңғыш съезінде қаралған емле мәселесі жайында/ Жаңа ұлттық әліпби: қазақ жазуын жаңғырту (ғылыми-тілтанымдық зерттеу). 2-кітап. – Алматы, 2017. – 891- 901 бб.
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша біліктілік арттыру курсы». – Астана, 21-22 маусым, 2018 ж. (сканер).
  • «Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасы: білім беру жүйесінде жүзеге асырудың проблемалары мен болашағы» атты республикалық семинар-кеңес (А.Байтұрсынұлы атындағы Тід білімі институты ТБИ мен «Өрлеу» БАҰО орталығымен бірлесіп өткізген). – 28 наурыз, 2018 ж.  (http://www.orleuuko.kz/ru/index.php) (сканер).
  • Мир телеарнасы «Тіл ғұмыр» бағдарламасында «Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу: мамандар пікірі» тақырыбында теле-сұқбат. Қыркүйек 2018 ж. (сканер).
  • «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби кұзіреттілігін дамыту» курсы (А.Байтұрсынұлы атындағы Тід білімі институты ТБИ мен «Өрлеу» БАҰО орталығымен бірлесіп өткізген семинар-тренинг). – 24-28 қыркүйек 2018 ж.  (http://www.orleuuko.kz/ru/index.php) (сканер).
  • Мектепке дейінгі және орта білім жүйесінде латын графикасына негізделген қазақ жазуын меңгерту жолдары. // «Түркі тілдес халықтардың әліпби игерту технологиясы» атты семинар-тренинг. – Алматы, 11-қазан, 2018 ж. (сканер).
  • Қазақ тіліндегі перифраздар жайында. «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2018. №1.
  • Жаңа әліпбиге көшкенде туындайтын кейбір қиындықтар. «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану және ономастика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2018. – 5-қыркүйек.
  • Бастауыш білім беру жүйесінде латын графикасына негізделген қазақ жазуын меңгерту жолдары. // «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2018. №2.