Сейдін Бизақов

Филология ғылымдарының докторы, профессор                                                             Бас ғылыми қызметкер

Сейдін Бизақов 26 қараша 1937 жылы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сүмбе ауылында туған. Филология ғылымының докторы (2001 жылы). Қазақ Педагогика Институтының (1960 жылы, қазіргі Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) тарих-филология факультетін және Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972 жылы) бітірді. 1968 жылға дейін Райымбек ауданы, Сүмбе ауылы орта мектебінде оқытушы болды. 1972–75 жылдары  Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, 1975–85 жылдары Қазақ политехника институтының Қаратау бөлімшесінде кафедра меңгерушісі. 1985 жылдан Тіл білімі институтының жетекшісі, 2001 жылдан бас ғылыми қызметкері. Бизақов қазақтың ұлттық тақта ойынын дамытуға ат салысып, «Тоғызқұмалақ әліппесі» оқулығын жазды. Ол туысқан халықтардың тілі, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүріне арналған бірнеше ғылыми-танымдық кітаптың авторы. Негізгі ғылыми жұмыстары қазақ тілі мәдениеті, әдеби норма, лексикография, этнография мәселелеріне арналған. 300-ге жуық ғылыми еңбегі жарияланған.

Бизақов Сейдін, филология ғылымдарының докторы: 10.02.02 – қазақ тілі (2002ж.), профессор (2004 ж.).
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін (1960 ж.), ҚР ҒА-ның Тіл білімі институтының аспирантурасын (1972 ж.) бітірген. 1972-1975 жж. Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер, 1975-1985 жж. Қаратау қаласындағы ҚазПТИ филиалында кафедра меңгерушісі, 1985 жылдан – Тіл білімі институтының жетекші, бас ғылыми қызметкері.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.02 – қазақ тілі және 10.02.06 – түркі тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д. 53.38.01 диссертациялық кеңестің мүшесі.
«Фонетические варианты слов в современном казахском языке» тақырыбында кандидаттық (1972 ж.), «Қазақ тіліндегі сөз варианттары» (2002 ж.) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
Негізгі айналысатын проблемалары:

  • варианттылық;
  • сөз мәдениеті;
  • салт-дәстүр, ұлттық тәрбие, этикеттің тілдік көріністері;
  • түркітану;
  • лексикография.

Басты еңбектері: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі (1978 ж., Т.ІІІ., авт. бірі), Тілдік норма және варианттылық (1997 ж.), Түркі әлемі (1998 ж.), Сөздің жарыспа тұлғалары (1999 ж.), Ветви одного могучего дерева (тюркские народы) (2002 ж.), Көңіл-күй лебіздері (2007 ж.), Синонимдер сөздігі (2007 ж.), Сөз нұсқалары және балама атаулар (2008 ж.), Қазақ тілі қандай тіл? (2010 ж.) және т.б.

Байланыс: 8-701-761-75-32