Рысберген Қыздархан Құрмашқызы

1957 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келді. 1981 ж. Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін үздік дипломмен бітірген.

1981-1983 ж.ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми стажировкадан өтіп, 1984 ж. бері осы институттың ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, 1996 ж. 22.08. бастап 2004 ж. 30.09. дейін Институттың ғалым-хатшы қызметін атқарып келді.

Осы қызметте жүріп 2001 жылдан бері Ономастика бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 1993 ж. «Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының тарихи-лингвистикалық зерттеуі» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Іргелі зерттеулермен қатар Республикадағы ономастика саласындағы жұмыстарды ғылыми-теориялық, әдістемелік, практикалық тұрғыдан реттестіру ісімен де айналысып келеді. Мәселен, қоғамдық, саяси-әлеуметтік мәні зор құжаттар санатындағы «Инструкция по русской передаче казахских и казахской передаче русских географических названий» атты нұсқаулықты 2003 ж. және «Қазақстан Республикасындағы ономастикалық жұмыстардың тұжырымдамасының» жобасын 2004 ж. әзірлеуге қатысты. Ұлттық ономастиканың түрлі өзекті проблемаларына қатысты 50-ге жуық ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала, кітап, сөздіктері жарық көрді. 2000 ж. «Историко-лингвистическое исследование топонимов Южного Казахстана» атты монографиясы, 2004 ж. Т.Жанұзақпен бірігіп жазған «Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы» әдістемелік құралы жарық көрді. Сондай-ақ қатысуымен үш топонимдер сөздігі, 2002 ж. «Қазақша-орысша сөздік» (2002), «Орысша-қазақша сөздігі» (2005) шықты. Ол лексикография саласындағы жұмыстарды жалғастырып, қазіргі кезде қазақ ӘДЕБИ тілінің 15-томдық түсіндірме сөздігін жасауға қатысуда.

2010 ж. «Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік негіздері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Ономастика саласы бойынша республикадағы білікті мамандардың бірі, оның ғылыми жетекшілігімен 6 кандидаттық диссертация қорғалды.

2006 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. АЛТЫНСАРИН» белгісімен жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін марапатталды. Алматы қаласы ономастикалық комиссиясының мүшесі.

Байланыс: 87073071483; ms.rysbergen@mail.ru