Пірманова Күнсұлу Қамбарбекқызы

Қолданбалы лингвистика бөлімінің аға лаборанты

Пірманова Күнсұлу Қамбарбекқызы 1994 жылы 15 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.

2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультетіне оқуға түсті. 2016  жылы қазақ филологиясы мамандығын ф.ғ.к., доцент Ж.Б. Саткенованың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі «қызыл» лексемасының символдық және танымдық сипаты» тақырыбында диплом жұмысын қорғап бітіргеннен кейін, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Ғылым ордасы» кешенді базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен ғылыми кадрларды дайындау бойынша білім беру бағдарламасының магистратурасына оқуға түсті. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы А.Ә.Жаңабекованың жетекшілігімен  «Қазақ тілі мәтіндер корпусындағы сөзжасамдық белгіленімдер әзірлемесі» атты диссертация тақырыбын алып ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.   

2018 жылы ҚР БҒМ ҒК А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Қолданбалы лингвистика бөліміне аға лаборант қызметіне қабылданды.

Жетістіктері: 

2017 жылы «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысып 2-орын иеленді.

Мақалалары:

Жаңабекова А., Пірманова К. Қазақ тілі мәтіндер корпусына сөзжасамдық белгіленімдер енгізу мәселелері / Материалы международной научно-теоретической конференции «цифровые технологии в языкознании: создание национального корпуса казахского языка», посвященной 80-летию профессора Жубанова Аскара Кудайбергенулы. – Алматы: институт Языкознания, 2017. – 385 стр.  ISBN 978-601-7293-57-4.  (167-171стр).

Пірманова К. Орыс тілінің ұлттық корпусы / Актуальные вопросы филологии и методики преподавания иностранных языков: теория и практика: сборник материалов IV Международной научно-методической конференции. 26 января 2018 г. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 342с.  (135-139 стр.).

Пірманова К. Ұлттық корпус / Студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы материалдары. Алматы, Қазақстан, 2018 жыл, 11-12 сәуір. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 300 б. ISBN 978-601-04-3303-8 (277-278 стр.).

Сүйерқұл Б., Пірманова К. «Жан» архетипінің қазақ паремиологиялық қорындағы вербалдану ерекшеліктері (теолингвистикалық аспект) / Наука и жизнь Казахстана, апрель 2019 года.

Пірманова К. Латын қаріпті қазақ әріптерінің пернетақтада орналасу варианттары бойынша эксперимент / Ә.Жүнісбектің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ фонетикасы» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел.

Жаңабекова А., Пірманова К. Қазақ тілі мәтіндер корпусындағы сөзжасамдық белгіленімдер қою бағдарламасы / І.Жарылғаповтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ сөзжасамы: тарихы, бүгіні, келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы.