ПИЯЗБАЕВА АҚМАРАЛ БЕЙСЕНҚҰЛҚЫЗЫ

Кіші ғылыми қызметкер

 28 желтоқсанда 1983 жылы Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылында дүниеге келеді.

2001 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне «Лингвистика» мамандығына оқуға түседі.

2006 жылы аталмыш университетті үздік дипломмен бітіреді. Филология ғылымдарының докторы, профессор Э.Дүйсеновадан «Алматы автовокзалдарындағы қазақ және орыс тілдерінің қолданылуы» тақырыбында бітіру жұмысын қорғап шығады.

2014-2016 жылдары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистратурасында оқып, филология ғылымдарының кандидаты А.Фазылжанованың жетекшілігімен «Алматы қаласының лингвистикалық ландшафты (визуалды жарнама мәтіні материалдары бойынша)» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. Диссертация тақырыбы бойынша «Сыртқы жарнама тілі – тілтанымдық зерттеу объектісі», «Жарнама тілі қала тілінің коммуникативтік қызметінің өзекті мәселесі ретінде», «Жарнама мәтінінің инференциялануы. Инференция ұғымы», «Қазақтілді жарнама мәтіндеріндегі прецеденттік феномен» атты мақалалары түрлі отандық, халықаралық басылымдарда жарық көрді.

2015 жылы Солтүстік Кипрдегі Гирне Америка университетіне барып ғылыми тағлымдамадан өтті.

«Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» тақырыбындағы нысаналы бағдарламалық қаржыландыру жобасының аясында «Қазақ тілін латын графикасына көшіру: БАҚ және әлеуметтік желілер бойынша контент-талдау жасады. Нәтижесінде «БАҚ материалдары негізінде Қазақстандағы әліпби ауыстырудың түрткіжайттарына әлеуметтік тілтанымдық талдау» атты мақаласы жарияланды.

Негізгі қызығушылық танытатын зерттеу бағыты әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер.

Байланыс: 8-707-530-32-54

E-mail: Akacha_83@mail.ru