Пашан Дана Мұсабекқызы

Пашан Дана Мұсабекқызы 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 2001-2003 жж. осы оқу орнының магистратурасын бітірген. Одан кейін сол университетте қызмет істей жүріп, ізденуші болып тіркеліп, ғылыми жұмысын жазған. 2010 жылы «Орта ғасыр ескерткіштері тіліндегі бір буынды көпмағыналы сөздер» (А.Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» мен Ж.Баласағұнның «Құтты білік» шығармалары негізінде)» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Бұдан кейінгі жылдары бірнеше ғылыми мекемелерде қызмет атқарған. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға ғылыми қызметкер болып 2016 жылы қабылданды. Қазір «Тіл тарихы және диалектология» бөлімінің аға қызметкері ретінде қызмет атқарып келеді.

Институтқа келген күннен бастап еңбекке қызу араласты. «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» жобасының аясында «Қазақ тілінің жиілік сөздігін» құрастыруға қатысты. Жиілік сөздіктің негізіне сүйене отырып, 1-11 сыныптарға арналған лексика-грамматикалық минимумын жасауға атсалысты (7 сынып).

2017 жылы «Жаңа ұлттық әліпби: қазақ жазуын жаңғырту» атты ғылыми жоба шеңберіндегі де көптеген жұмыстар атқарды.

2018 жылы латын әліпбиі мен емлесін көпгшілікке таныстыру бойынша көптеген жұмыстар атқарды.

Үміткердің айналысатын негізгі бағыты – түркітану, тіл тарихы саласы. Қазақ тілі тарихи сөздік қорының ғылыми сипаттамасын негіздеу, жекелеген жазба ескерткіштер тілінің сөздігін жасау және осы арқылы қазақ тілінің тарихи сөздік қорын жинақтау, қазақ тілі тарихи сөздік қорының негізгі құрамын құрайтын байырғы түркілік лексикалық құрамды саралау,  кірме сөздерді айқындау, ескерткіштердің графикалық-орфографиялық ерекшелігін қарастыру, транскрипция, текстология және ескі қазақ жазба тілінің құрылымдық жүйесін анықтау мәселелерімен шұғылданып, өнімді еңбек етіп келеді. 15 шақты мақаласы Республикамыз бен алыс-жақын шетелдерде жарыққа шыққан.

Мақалалар тізімі:

  1. Қазіргі қазақ тіліндегі көпмағыналылық // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2003.- №1(63). 52-56 бб.
  2. Көпмағыналылық – тіл байлығы // Қазақ мемлекеттік қыздап педагогикалық институты ұйымдастырған профессор Ә.Құрышжановтың 75 жасқа толуына орай «Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, 2006. – 631-638 бб.
  3. Сөз мағынасы тереңде // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2006.- №8-9 (98-99). – 101-104 бб.
  4. Сөздің көпмағыналылығы мен омоним // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2007.- №3 (102). – 110-114 бб.
  5. Көпмағыналы сөздердің дамуындағы концептілік ерекшеліктер // «Қазақ тілі ғасырлары тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты профессор М.Балақаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, – 417-423 бб.
  6. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі турасында // «Қазақ тілі ғасырлары тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты профессор М.Балақаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, – 423-428 бб.
  7. Көпмағыналылықтың тюркологияда зерттелуі мен жасалу жолдары // «Түркі әлемі: тіл, қоғам, мәдениет» профессор Б. Сағындықұлының 70 жылдығына арналған Халықаралық теориялық конференция материалдары. – Алматы: ҚазҰУ баспасы, – 2006-2012 бб.
  8. Жазба ескерткіштер материалдарын латын графикасына көшірудің артықшылықтары (Ж.Баласағұнның «Құтты білік» жазба материалдары негізінде) – // «Тілтаным».- – №3 . –  8 бет.
  9. Маңдайшаларды латыннегізді жаңа қазақ əліпбиінде беру //«Латын əліпбиі – əлем қазақтарының рухани тұтастығының негізі» атты республикалық конференция материалдары – Жауапты ред. бас. Е. Қажыбек. – Алматы, 2018. – 75-79 бб.
  10. Маңдайша атауларын латыннегізді қазақ əліпбиіне ауыстыруда кетіп жатқан олқылықтар // «Қазақ ұлттық жазуы: емле, терминтану жəне ономастика» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Жауапты ред. бас. Е. Қажыбек. – Алматы, 2018. – 82-86 бб.
  11. Бірізділік қажет // Ана тілі газеті // http://anatili.kazgazeta.kz/?p=49462
  12. Ономастикалық атаулар латыннегізді жаңа қазақ әліпбиінде // https://kaz.tengrinews.kz/article/987/
  13. Жиілік сөздік тіл үйретуді жеңілдетеді // http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-12/3722/
  14. Мағжан жұмабаевқа – 125 жыл // http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-12/3728/
  15. Латын графикасы қазақтарды біріктіреді // http://zhetysu-gazeti.kz/news/cat-4/3730/

 

Телефоны: 8 707 235 06 45

e-mail:  pashan_dan@mail.ru