Нұргелді Уәли Мақажанұлы

Нұргелді Уәли Мақажанұлы

Нұргелді Уәли Мақажанұлы  1945 жылы 1 шілдеде  қазіргі  Алматы облысы,  Көксу ауданы,  Еңбекші Қазақ (бұрынғы) аулында туған. 1968 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, ҚазССР ҒА Тіл білімі институтының күндізгі аспирантура бөлімінде оқыды (1968-1971жж.). 1973 жылдан бері осы Институтта ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі (1995-2008), Институт директорының орынбасары (1995-2009) қызметін атқарды, қазір Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

Н.Уәлидің ғылыми еңбектері қазақ тілі мәдениетінің, әдеби тіл нормаларын кодификациялаудың теориялық әрі практикалық проблемаларына және қазақ фразеологиясының өзекті мәселелеріне арналған. Олардың негізгілері: «Сөз мәдениеті» (1984); «Қазақ орфографиясындағы қиындықтар» (1988); «Қазақ графикасы мен орфографиясының фонологиялық негіздері» (канд. дисс., (1993); «Қазақтың бата-тілектері» (1993; 2007), «Фразеология және тілдік норма» (1997); «Емлесі қиын сөздер» (2001, бірлескен авторлар); «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001, 2005, бірлескен авторлар); «Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті» //Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы (2004, бірлескен авторлар), Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (докт. дисс., 2007).

Н.Уәлиұлы  «Қазіргі қазақ тілі функционалдық стильдерінің қалыптасуы мен дамуы», «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі» (1997-2002), «Қазақ жазуының дамуы мен қалыптасу кезеңдері» (2005-2008) атты іргелі зерттеу бағдарламасы тақырыптарының ғылыми жетекшісі, халықаралық INTAS грантының (1996) иегері болды.

Уәли Н. жоғары мектепке арналған «Тіл мәдениеті» (2005, бірлескен авторлар) оқу құралының; жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныбына арналған «Қазақ тілі. Сөз мәдениеті» (Алматы, 2006, 2010) атты оқулықтың, әдістемелік құралдардың; 12 жылдық мектептің 6-сыныбына арналған «Қазақ тілі» байқау оқулығы (2009); «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі. Фонетикалық курс (2009) авторларының бірі. 200-ден астам ғылыми және ғылыми көпшілік мақаласы бар.

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2006 жылдан бастап жарық көре бастаған «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» нұсқаулығын жасап, жалпы редакциясын басқарды. Н. Уәлиұлы ғылыми басшылығымен он бес томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» құрастырылды. Аталған сөздікті елбасы Н.Назарбаев  «Қазақ әдеби тілі сөздігінің» жарық көруін еліміздің рухани-мәдени өміріндегі ең елеулі  оқиғалардың бірі ретінде бағалады. Бұрын онтомдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» әртүрлі себептермен енбей қалған көне, сирек сөздер, тұрақты сөз тіркестері, жаңа қолданыстар қоры негізінен Н.Уәлидің ұзақ жылдар бойы жинаған жеке картотека қорынан алынды.

«Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстанның және басқа да елдердің тәжірибелеріне ғылыми талдау жасай отырып, латын әліпбиіне көшу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізу» атты тәуекел зерттеу бағдарламасының белсенді орындаушысы және тақырып жетекшісі (2007 ж) болған Н.Уәли қазақ жазуының жаңа латын графикасына көшу барысында атқарылатын жұмыстар мен қарастырылуы тиіс міндеттер туралы бастама пікірлер ұсынып, соны идеялар көтерді.

«Мультимәдени қоғамдағы тілдік сәйкесімділік (лат.identikus): мемлекеттік тілді лингвомәдени-семиотикалық жүйелер негізінде меңгертудің лингвистикалық аспектісі» тақырыбының орындаушысы ретінде 2007, 2008 жж. зерттеулер нәтижесін ғылыми жинақтар мен журналдарда жариялады.

Н. Уәли өз зерттеулерінде қазақ сөз мәдениетін нормативтік, коммуникативтік, прагматикалық және когнитивтік, лингвомәдени, лингвоэкологиялық тұрғыдан қарастырып, оның теориялық пән ретіндегі концептуалдық негіздерін айқындады. Сондай-ақ сөздің коммуникативтік сапаларын объективті түрде бағалаудың және тілдік нормаларды кодификациялаудың ғылыми негіздерін ұсынды. Қазіргі кезде ол когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным салалары бойынша ғылыми мақалалар топтамасын жариялай бастады.

Зерттеудің материалдары мен теориялық пайымдауларын жоғары мектеп үшін жазылатын сөз мәдениеті жөнінде оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ зерттеу жұмысында айтылған тұжырымдары мен ұсыныстары нормативті сөздіктерде кодификациялау тәжірибесінде қолданылып жүр.

Ғалым ғылыми ұйымдастыру жұмысына белсене араласып келеді. Әсіресе Н.Уәлидің «Тілтаным» ғылыми лингвистикалық басылымының негізін салғанын және ұйымдастырушы-шығарушысы болғанын ерекше атап айтуға болады. Қазіргі кезге дейін аталмыш басылымның 40 басылымы жарық көрді. Институтта орындалған іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері мен қорытындысын жинақтап көрсететін «Тілтанымдық зерттеулер» (2000-2002 жж.; 2003-2005 жж.) атты сериялық басылымның ұйытқысы және ұйымдастырушысы болды.

Ғалымның жетекшілігімен 13 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалды.

Н.Уәли қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты: ҚР Министрлер кабинетінің жанындағы Мемтерминком (1995-1998); «Мемлекеттік ономастика комиссиясының (2005-тен қазірге дейін) мүшесі; «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының (1991 жылдан қазірге дейін), ҚР ҰҒА-ның Хабаршысы журналының (1996-2009) алқа мүшесі болды. Қыздар педагогтік институтында А.Байтұрсынұлы атындағы зертханалық кабинеттің ашылуына атсалысты.

Қазақ тіл білімін дамытуға, жоғары білікті тілші-мамандар даярлау, білім беру ісіне сіңірген еңбегі үшін Уәли Н. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» (1996); «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды (2006), сондай-ақ Халықаралық ИNТАS қоры стипендиясының (1998-1999), «Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның» (2008-2010) иегері болды.

 Ғылыми еңбектері

 Сөздіктер:

1 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 1-том / Құраст. Т.Жанұзақ, С.Омарбеков, Ә.Жүнісбек және т.б. Алматы, 2011.

1-том. – А – А. – 752 бет.

2 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық / Құраст. Ғ.Қалиев, С.Бизақов, О.Нақысбеков және т.б. –  Алматы, 2011.

2-том. – А – Б. – 744 бет.

3 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 3-том / Құраст. Б.Сүйерқұлова, Т.Жанұзақ, О.Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011.

3-том. – Б – Б. – 744 бет.

4 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 4-том / Құраст.: Н.Әшімбаева, Қ.Рысбергенова, Ж.Манкеева және т.б.  – Алматы, 2011.

4-том. – Б – Д. – 752 бет.

5 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 5-том / Құраст. Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнісбеков және т.б. – Алматы, 2011.

5-том. – Д – Ж.  – 752 бет.

6 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 6-том / Құраст.: Ж.Қоңыратбаева, Ғ.Қалиев, Қ.Есенова және т.б. – Алматы, 2011.

6-том.  – Ж – Ж. – 752 бет.

7 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 7-том / Құраст.: Б.Момынова, Б.Сүйерқұлова, А.Фазылжанова және т.б. –  Алматы, 2011.

7-том. – Ж – К. – 752 б.

8 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 8-том / Құраст.: Қ.Күдеринова, О.Жұбаева, М.Жолшаева және т.б. – Алматы, 2011.

8-том. – К – Қ. – 744 б.

9 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 9-том / Құраст.: Ә.Ыбырайым, А.Жаңабекова, Қ.Рысбергенова және т.б. – Алматы, 2011.

9-том. – Қ – Қ. – 744 б.

10 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 10-том / Құраст.: М.Малбақов, Н.Оңғарбаева, А.Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011.

10-том. – Қ – М. – 752 б.

11 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 11-том / Құраст.: Ж.Манкеева, С.Бизақов, Ә.Жүнісбек және т.б. – Алматы, 2011.

11-том. – М – О. – 752 б.

12 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 12-том / Құраст.: А.Үдербаев, О.Нақысбеков, Ж.Қоңыратбаева және т.б. – Алматы, 2011.

12-том. –  О – С. – 752 бет.

13 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 13-том / Құраст.: А.Фазылжанова, Н.Оңғарбаева, Қ.Ғабитханұлы және т.б. – Алматы, 2011.

13-том. – С – Т. – 752 бет.

14 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 14-том / Құраст.: М.Малбақов, Қ.Есенова, Б.Хинаят және т.б. – Алматы, 2011.

Т. 14: – Т – Ү. – 800 бет.

15 Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 15-том / Құраст.: А.Жаңабекова, Т.Жанұзақ, Б.Әбілқасымов және т.б. – Алматы, 2011.

Т. 15: –Ү – Я. – 828 бет.

16 Қазақ сөздігі (Қазақ тілінің біртомдық үлкен түсіндірме сөздігі) / Құраст.: Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбеков және т.б. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 013. – 1488 бет.

17  Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов, Н.Уәли. Он бес томдық. 15-том / Құраст.: А.Жаңабекова, Т.Жанұзақ, Б.Әбілқасымов және т.б. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2013.

15-том. – Ү – Я. – 816 б.

18 Орфографиялық сөздік / Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. – 720 бет.

19 Орфографиялық сөздік / Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова. – Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013. – 720 бет.

Оқу құралдары:

1 Уәли Н., Қыдырбаев Ө. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. – Өңд., толықт. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2014. – 272 б.

2 Уәли Н., т.б. Қазақ тілі: Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу құралы / Н.Уәли, А.Фазылжанова, А.Қобыланова. – Өңд. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2014. – 100 б.

3 Уәли Н., Фазылжанова А. Қазақ тілі: Сөз мәдениеті. Диктанттар жинағы. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманит. бағытындағы 10-сыныбына арналған оқу құралы. – Өңд. 3-бас. – Алматы: Мектеп, 2014. – 72 б.

Мақалалар тізімі:

1  Уәлиұлы Н. Эпос тілі өрнектерінің әдеби тіл тарихымен өзектестігі// «Эпос тілін зерттеудің өзекті мәселелері» атты жөңгелек үстел материалдары

2 Уәлиұлы Н. Ұлттық жазудың ұлы диқаншысы// Ұлы дала тұлғалары. Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы: 2013. 368 бет.

3 Уәлиұлы Н. Дәстүрлі дала мәдениеті: мифтік санадағы  әйел бейнесінің мақал-мәтелдердегі көрінісі. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  «Тілтаным» журналы, Алматы, 2011. №1-2.

4 Уәлиұлы Н. А.Фазылжанова А. О современном состоянии развития казахского языка как национального и государственного языка. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  «Тілтаным» журналы, Алматы, 2013. №1.

5 Уәлиұлы Н. Ұлттық мәдениеттің мәдени кодтарын ашу мәселелері. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  «Тілтаным» журналы, Алматы, 2015. №3.

6 Уәлиұлы Н. Agionyms in the mytho religious world outlook of the kazakhs. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  «Тілтаным» журналы, Алматы, 2015. №1.

7 Уәлиұлы Н. Лингвистикалық және мәдени-әлеуметтік түрткіжайт басымдылығы «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016.

8 Уәлиұлы Н. Ұлттық сана және «әліпби» концептісі  «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016.

9 Уәли Н. Әліпби ортологиясы. «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016.

10 Уәли Н.  Жаңа әліпби критерийлері «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау: теориясы мен практикасы». ҚР БҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұжымдық монографиясы. Жалпы редакциясын басқарған А.Фазылжанова. – Алматы: «Қазақ тілі», 2016.

11 Уәли Н. Жазба сөз және оның қоғамдық-әлеуметтік мәртебесі// Тәуелсіз Қазақстан: Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметі. – Алматы, 2011. – 304 б.

12 Уәли Н. Сөйлеу тілінің формалды-коммуникативтік сипаты// Мемлекеттік тіл – тәуелсіз кепілі. – Алматы, 2011. –344 б.

13 Уәли Н., Күдеринова Қ., Әміржанова Н.  Әліпби деп алаңдап, емле деп елеңдеген. Ұлы дала тұлғалары. Құдайберген Жұбанов. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты. –  Алматы, 2013. –316 бет.

14 Уәли Н. Академик Ісмет Кеңесбайұлы Кеңесбаев. Алматы, 2013 ж. – 316 бет.

15 Уәли Н. Мифопоэтикалық фразеологизмдер: аңыз бен ақиқат. Тілтаным. 2015, №2.

16 Уәлиұлы Н. Дәстүрлі дала мәдениеті: мифтік санадағы әйел бейнесінің мақал-мәтелдердегі көрінісі. Тілтаным. Алматы, 2011, №1-2.

17 Уәлиұлы Н. Жыл он екі ай (лингво-этнологиялық байқаулар). ПМУ Хабаршысы. – Павлодар. – 2017.

18 Уәлиұлы Н. Мифопоэтикалық фразеологизмдер: Аңыз бен ақиқат. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  «Тілтаным» журналы, Алматы, 2015. №2.

19 Уәли Н. «Түркі өркениеті және тәуелсіз Қазақстан» Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция. «Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы лингвоәлеуметтік проблемалары». – Астана, 2011. – 19-21 мамыр.

20 Уәли Н. Қазақ әдеби тілінің сөздігі туралы. Алматы: «Елтаным». –  2013 ж.

21 Уәли Н., Фазылжанова А.М. «О современном состоянии развития казахского языка как национального и государственного языка Республики Казахстан» А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты  «Тілтаным» журналы, Алматы, 2013. №17.

22 Уәли Н. «А.Байтұрсынұлы әліпбиінің фонологиялық негіздері туралы» Ахмет Байтұрсынұлы атындағы – қазақ руханиятының көсемі атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы, 2013.

23 Уәли Н. Хандық кезеңдегі «Санат» терминінің этнотілдік мазмұны. // Абай атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Хабаршы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 4 (47), 2015. 130-133 бб.

24 Уәлиұлы Н. Арша жазуы туралы // «VII Оразбаев оқулары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 28-29 сәуір, 2015. Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 68-70 бб.

25 Уәлиұлы Н. Әмбебап сипаттағы түсіндерме сөздік жасаудың лексикографиялық қисыны туралы // «Қазақ лексикографиясы: тарихы, тәжірибесі, болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция / жауапты ред. – Г. Көбденова. – Алматы: Елтаным, 2015. – 6-9 бб.

26 Уәли Н.  Тілдік жүйе – норма – узус және олардың ортақ тұстары мен айырым белгілері // Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалы. Алматы: Арыс, 2004. – 26-30 бб.

27 Уәли Н.  Терминология және тілдік норма // Терминология және тіл мәдениетінің мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Астана, 2004. – 34-46 бб.

28 Уәли Н.  Бұқаралық коммуникация және сөз мәдениеті //Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. Алматы: Арыс, 2004. – 5-23 бб.

29 Уәли Н.  Қазақ тілі – қандай тіл? // Тілтаным. Алматы, 2004. №3, 156-163 бб.

30 Уәли Н.  “Қамшы” концептісі //Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 204-213 бб.

31 Уәли Н.  Біріккен сөз туралы // ҚР ҒА Хабарлары. 2006.

32 Уәли Н.  Үш тілділік формуласы: Орыс тілінің тұраны түгел. Ана тілі, 2008. 14-20 Ақпан. №7.

33 Уәли Н. Қазақ әліпбиі латынға көше ме? Ақиқат (ұлттық қоғамдық-саяси журнал). №3. 2007 жыл. 21-б.

Марапаттар:

1 Н.Уәли 2013 жылғы 9 желтоқсандағы Жарлық бойынша «Құрмет» орденімен наградталды.

2 Н.Уәли Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бірлесіп ұйымдастырған «Білімдіден шыққан сөз – талаптыға болсын кез» тақырыбындағы семинарда оқушыларға ғылыми-анықтамалық құралдармен жұмыс жасаудың тиімділігі туралы түсінік беріп, белсенді атсалысқаны үшін марапатталды.

3 Нұргелді Уәли Мақажанұлы «Тіл жанашыры» Құрмет белгісімен марапатталды. Астана, 2015 жылғы 6 қараша.