
Қолданбалы лингвистика бөлімінің аға лаборант
Мурсал Айкерим 1987 жылы 03 қыркүйекте КХР Құттыби қаласында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.
- 2008 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Ақпараттану факультетіне оқуға түсіп, 2012 жылы
- Ақпараттану мамандығын бітірді.
- 2012-2013 жылдары «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша Салық басқармасында оператордың көмекшісі болып жұмыс істеді.
- 2014-2018 жылдары Казпочта ЛЦЮГ іс жүргізу бөлімінде бас маман болып жұмыс іcтеді.
- 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Ғылым ордасы» кешенді базасындағы ғылыми-зерттеу институттарының бірлескен ғылыми кадрларды дайындау бойынша білім беру бағдарламасының магистратурасына оқуға түсті. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының доцент С.Ш.Мадиевтың жетекшілігімен «Күрделі етістіктер: лексикографиялау және автоматтандыру» атты диссертация тақырыбын алып ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
- 2018 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институның Компьютерлік лингвистика бөліміне аға лаборант қызметіне қабылданады.
Мақалалары:
- Жаңабекова А., Мурсал А. Күрделі етістіктер – қазақ тіліндегі біртұтас лексикалық бірлік / Материалы международной научно-теоретической конференции «цифровые технологии в языкознании: создание национального корпуса казахского языка», посвященной 80-летию профессора Жубанова Аскара Кудайбергенулы. – Алматы: институт Языкознания, 2017. – 385 стр. ISBN 978-601-7293-57-4. (173-177стр).
- Сүйерқұл Б., Мурсал А. Қазіргі қазақ тіліндегі теонимдердің қатысуымен жасалған күрделі етістіктерді теолингвистикалық талдау (теолингвистикалық аспект) / Наука и жизнь Казахстана, апрель 2019 года.
- Жаңабекова А., Мурсал. -а сал аналитикалық формантының функционалды мағыналары/ тіл таным 2018.
- Жаңабекова А., Мурсал. -а кет аналитикалық формантының функционалды мағыналары/ тіл таным 2018.