Момынова Бағдан Қатайқызы

Момынова Бағдан Қатайқызы

Момынова Бағдан Қатайқызы 1957 жылы туған. 1974-1979 жылдары Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Филология факультетін, 1989-1993 жылдары осы университеттің күндізгі бөлім аспирантурасын бітірген.

1993 жылы кандидаттық, 1999 жылы докторлық диссертациясын қорғады, 2001 жылы профессор атағын алды. Проф. Б.Момынованың ғылыми жетекшілігімен 15 кандидаттық, 1 ғылым докторы, 2 PhD ғылым докторы және 60-қа жуық магистрлік диссертациялық жұмыстар қорғалды.

Проф. Б.Момынованың ғылыми және қоғамдық жұмыстары:

  • 1989-2014 жж. әл-Фараби ат.ҚазҰУ-да аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметін атқарды;
  • 2000-2003 жылдары әл-Фараби ат.ҚазҰУ-да Факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2014 жж. университет ғылыми кеңесінің мүшесі; 2005-2008 жж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі; 2008-2010 жж. Д 14А.01.23 – Қазақ және түркі тілдері бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары; 2010-2014 жж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі.
  • 2005-2010 жж. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комитеттің мүшесі
  • 2005-2010 жж «Терминологиялық Хабаршы» журналының редакциялық алқа мүшесі;
  • 2012-2014 жж. ҚазҰУ Хабаршысы филология сериясы журналының редакция мүшесі;
  • 2007-2018 жж. Гранада, Стамбул, Москва, Пекин, Великий Новгород, Суздаль, Омск, Бішкек, Қазанда өткен  халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысты.
  • 2008-2014 жж. – Е.Букетов ат. ҚарМУ-де; Шәкәрім ат.Семей мемлекеттік университетінде; М.Көпеев ат. ПМУ-де МАК төрағасы болды.
  • 2008-2018 жж. ҚХР Пекин Орталық Ұлттар университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің шақыруымен іссапарда болып, дәрістер оқыды.
  • 2006-2010 жж. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушылардың бірі.
  • 2007 ж. ҚР БжҒМ жариялаған гранттық топтың ғылыми жетекшісі;
  • 2007-2010 жж. «АДЖИП» ККО-ның грантымен жұмыс істейтін топтың ғылыми жетекшісі.
  • 2017-2020 жж. ҚР БжҒМ «Национально-культурный код в казахском языковом пространстве: функции при определении архетипного статуса символа и историко-культурного типа языковой личности» тақырыпты грантымен жұмыс істейтін топтың ғылыми жетекшісі.

Бүгінгі таңда ҚР ҒА А.Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

Жетістіктері мен марапаттары:

  1. 2005 жылғы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері;
  2. 2006 ж. ҚР Білім және Ғылыми министрлігі тағайындаған ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының иегері;
  3. 2011 ж. ҚР Білім және Ғылыми министрлігі тағайындаған ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының иегері;
  4. 2015 ж. «Тіл білімі үздік басылымы» номинациясының жеңімпазы (Саткенова Ж.Б. – серіктес автор);
  5. 2015 ж. «Қазақ тілінің морфологиясы» оқу құралы «Үздік оқу құралы» номинациясы бойынша 2 дәрежелі әл-Фараби ат. ҚазҰУ дипломымен марапатталды.
  6. 2017 ж. С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті докторы».

Проф. Б.Момынова қазақ әдеби тілінің тарихын және әдеби тілдің функционалды стильдерінің даму, қалыптасу жолдарын БАҚ тілін, «Қазақ» (1913-1918 жж.) газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы, көркем шығармалардың тілін талдау арқылы  тарихи, прагматикалық, танымдық тұрғыдан зерттеп, әдеби тілдің нормалану үдерісін тереңдей танытуды мақсат етті және ЖОО-дағы іргелі пән болып оқытылуына үлес қосты. Қазақ жазба тілі өзінің бастапқы қалыптасу кезеңінде жалпыхалықтық тіл мен кітаби тілдің бір-бірімен тұтаса қызмет етуі, конвергенциялануы нәтижесінде қалыптасқанын айтып, Махамбет тілінің сөздігін құрастыру арқылы жыраулық дәуірдің тілдік бейнесін толықтыра алды. Әсіресе ХХ ғ. басындағы қазақ әдеби тілі және сол тұстағы тілдік тұлғалардың  әдеби тілдің стильдік тармақтарын жетілдіру бағытындағы еңбектерін талдады.  Қазақ даласының ұлы тұлғаларының бірі Шәкәрім шығармаларына алғашқы болып тілдік талдаулар жасап, оның әдеби тілді дамыту, жетілдірудегі қызметтерін саралап, әдеби тілдегі орнын анықтап берді. Қазіргі қазақ әдеби тілі, қазақ диаспорасының тілін  туралы ғылыми негізді пікірлер айтты.

Қазақ тілінің морфологиясын оқытуды жетілдіру мақсатында жазған оқу құралы, сонымен бірге тілдегі типтік қатынастардың тіл деңгейлері мен стратумдарына тигізетін ықпалын ғылыми негіздеген зерттеу еңбектері – іргелі, кешенді зерттеу нәтижелері. Аталған еңбектерінің бәрі де  – жоғары оқу орындарының бакалавр, магистратура, докторантура бөлімдерінде оқу процесіне қолданысқа енгізілген және алдағы ғылыми ізденістерге бағыт-бағдар, нұсқау беретін теориялық, практикалық мәні бар еңбектер.

Професссор Б.Момынова сөйлеу этикеті мен қатысым мәдениетіне, сөйлеу актілеріне қатысты концептуалды-ғылыми пікірлерін тұжырымдай келе, қазақ ым-ишараттарының коммуникациядағы қызметін саралаған монографиясы мен бірнеше сөздіктерін жариялап, қазақ тіл біліміндегі жаңа паралингвистикалық бағытты қалыптастыруға күш салды.

Соңғы жылдары проф. Б.Момынова латыннегізді қазақ әліпбиіне көшуге байланысты жұмыстарға белсене қатысып жүр. Ол орфографиялық, әдістемелік комиссияның, жұмыс топтарының мүшесі және латыннегізді жаңа әліпбиге көшуге байланысты негізгі емле ережелерін, проспектісін құрастырушылардың қатарында еңбек етуде.

Ф.ғ.д., профессор Бағдан Қатайқызы Момынованың ғылыми еңбектерінің тізімі (1990-2017 жылдар)

  1. Қазақ терминологиясының қалыптасуындағы «Қазақ» газетінің рөлі. – Тезисы докладов 1-ой научно-практической конференции АН КазССР// «Қазақ тілі-ғылым тілі». – Алматы, 1990.
  2. Ғасыр басындағы жаңалықтар. // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №4,1993.
  3. «Қазақ» газеті және әдеби тіл//»Ана тілі» газеті. 1993, 20 ақпан.
  4. Общественно-политическая лексика газеты «Қазақ». – АКД. – Алматы,1993.
  5. Оқулық қажет. // «Қазақ тілі мен әдебиеті», №8,1995.
  6. Қазақ тіліндегі саясатқа қатысты кейбір атаулардың қалыптасуы жайынан. – ҚазМУ Хабаршысы. – №8, 1996
  7. «Қазақ» газетіндегі заң, закон, сотқа қатысты атаулар. – ҚазМУ Хабаршысы (филол. сериясы, 1997, №15.
  8. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы (оқу бағдарламасы). Алматы,1997. – 32 б.
  9. Тілдегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар (Тіл деңгейлері мен стратумдарына тигізетін әсері). – (Магистрлерге арналған әдістемелік нұсқау). – Алматы: Арыс,1997. – 34 б.
  10. Оқу-білім, халық ағарту саласына қатысты атаулар тарихынан. – ҚазМУ Хабаршысы. (филол. Сер.). – Алматы,1998. – №17.
  11. Синтагма. – «Қазақ тілі» энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы,1998.
  12. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика (монография). – Алматы: Арыс, 1998. – 110 б.
  13. Газеттегі қоғамдық-саяси лексиканың қолданыс ерекшеліктері. – ҚРҰҒА-ның Хабарлары (Тіл, әдебиет сериясы). – Алматы, 1999, №4.
  14. Қоғамдық-саяси лексиканың терминдік тұрғыдан актуальдануы. – //Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. – Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана,1999. – 457 б.
  15. Газет тіліндегі лидерлер лексикасы. – // Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі. – Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Астана, 1999. 457 б.
  16. Терминжасам саласындағы жаңа бағыттар және олардың газет тіліндегі көріністері. – Кітапта: Қазақ тіл білімі: ұрпақ жалғастығы мен дәстүр сабақтастығы. – Профессор Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық семинардың материалдары. – Алматы: Арыс,1999. – 416 б.
  17. Терминжасам саласындағы жаңа бағыттардың газеттегі көріністері. – ҚазМУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы, 1999, №30.
  18. Сөзжасамның тиімді тәсілдерінің бірі – аударманың газет лексикасын қалыптастырудағы қызметі. – ҚазМУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы,1999,№31.
  19. Газет тіліндегі экспликация мен импликация. – Ізденіс (Гуманитарлық ғылымдар сериясы). – Алматы,1999,№9.
  20. Газеттегі лидерлер лексикасының лексика-стилистикалық ерекшеліктері. – Саясат. – Алматы,1999,№10.
  21. Газет лексикасы бағалауыштығының әлеуметтілігі. – Саясат. – Алматы, 1999, №10.
  22. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканың негізгі қабаттары мен ондағы жаңа қолданыстар. – Кітапта: Ұлттық рухтың ұлы тіні. – Алматы, 1999.
  23. Тіл тарихына арналған туынды (рецензия). – Наука Казахстана, 1-15 сентября,1999.
  24. Ұлттық менталитеттің тілдегі көрінісі. – Алматы ақшамы,1999, 25 мамыр.
  25. Газет лексикасы. Жүйесі мен құрылымы (монография). – Алматы:Арыс,1999. – 228 б.
  26. Академик Н.Сауранбаев және қазақ әдеби тілінің теориялық мәселелері. – ҚазМУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы, 2000, №4 (38).
  27. Әдеби тілдің өзекті мәселелерін аудиторияда оқытудың қажеттілігі. – Жинақта: Университеттік білім мен қоғам үшінші мыңжылдықта. ХХХ халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. – Алматы, 2000.
  28. Газет тілінің тазалығы – мемлекеттік тілдің дамуының айнасы. – Университеттік білім мен қоғам үшінші мыңжылдықта. – ХХХ халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. – Алматы,2000.
  29. Бағалауыштықтың құрылымы жайында. – ҚазМУ Хабаршысы (филол. сер.). – «Аханов дәрістері» халықаралық теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2001. – №8
  30. Қоғамдық-саяси термин қалыптастырудағы газеттердің рөлі. – Терминология: теория және тәжірибе (Терминология мәселелеріне арналған дөңгелек үстел материалдары). –Астана, 2001.
  31. Синтаксические конструкции русского языка в казахских текстах периодических изданий:к проблеме взаимствований. – Русский язык в социально-культурном пространстве ХХІ века. – Международная конференция. – Алматы,2001
  32. Б.Әбілқасымұлы – қазақша баспа нұсқалары тілін алғашқы зерттеушілердің бірі. – Қазақ тілі тарихы және диалектологиясының мәселелері. – Халықаралық конференция материалдары. – Алматы,2001
  33. Соғыс жылдарындағы газеттерде кездесетін кері бағалауыштық лексика элементтері туралы. – Мемлекеттік тіл және рухани мәдениет (Проф. Ш.Ш. Сарыбаевтың 75 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теороиялық кон ференция материалдары). – Алматы: Арыс,2001.
  34. Аға аманаты. – Кітапта: Тілім деп өмір сүріп ем… (С.Исаевты еске алу). – Алматы,2001
  35. Газеттер тілін зерттеген ғалым (Б.Әбілқасымовтың 70 жылдығына). – Атырау облыстық газеті. 23.10.2001
  36. Қазақ әдеби тілі тарихын зерттеу жүйесі (оқу құралы). – Алматы:Қазақ университеті,2001. 126 б.
  37. Тіл туралы толғаныс. – Зерде журналы. – Алматы, 2001. – №12
  38. Тіл тарихының көкжиегі. – ҚазҰУ Хабаршысы (Филол. сер.). – Алматы, 2002, №18 (52)
  39. Стилистикалық терминология: баспасөз тілінің термин қалыптастырудағы қызметі. – Тілтаным, Алматы,2002,№2.???
  40. Профессор М.Балақаевтың әдеби тіл туралы көзқарастары хақында. – ҚазҰУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы,2002,№9 (60)
  41. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Пәннің типтік бағдарламасы (021240-қазақ тілі мен әдебиеті; 521430-лингвистика:қазақ тілі және (немесе шет тілдердің бірі) өзге тіл ретінде орыс тілі мамандықтары үшін университет студенттеріне арналған). – Алматы: Қазақ университеті,2002.
  42. Қазақ терминологиясы және профессор С.Аманжолов қолданған лингвистикалық терминдер. – «С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы және ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылымдар мәселелері» (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары). Өскемен, 6-7 қазан, 2003 ж. – 489 б.
  43. Лидерлер имиджін қалыптастырудағы бейвербалды элементтер мен бағалауыштық лексиканың рөлі. – Тілтаным,№3, Алматы,2003.
  44. Ауызша әдеби тіл және Махамбет мұралары. – Махамбет поэзиясындағы елдік пен ерлік рухы және қазіргі дәуір (Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары). – Алматы, 27-28 ақпан, Алматы, 2003 (ҚазҰУ)
  45. Сөз кестесінде лидерлер имиджі. – «Жас Алаш» газеті, 2003.08.02.
  46. Саяси лидерлдердің тілдік келбеті. – «Қазақ әдебиеті».2003, 21.02.
  47. С.Исаев және қазақ әдеби тілінің теориялық мәселелері. – Профессор С.М.Исаев және мерзімді баспасөз тілі. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (19 наурыз 2003 ж.). – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты. – Алматы,2003
  48. Газет лексикасы:жүйесі мен құрылымы.-Монография. – Алматы:Арыс,2003.
  49. Магистратура бөлімінде ғылымдар түйісіндегі пәндерді оқыту – сапалы білім алудың кепілі. – Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінде кредиттік технологияны жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік аспектілері (әл-Фараби ат. ҚазҰУ оқытушы-профессорларының ХХХІІІ ғылыми-әдістемелік конференциясы материалдары), 3-кітап. – Алматы:Қазақ университеті,2003
  50. Лингвистиканың әлеуметтік типологиясының шарттары және қазақ тілі. – Психолингвистика және әлеуметтік тіл білімі: қазіргі күйі және болашағы. – Халықаралық конференция материалдары. – Алматы,2003
  51. Терминологияның тілдік аспектілері. ҚРҰҒА-ның Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы, 2003,№4
  52. Қазіргі қазақ тілі. Морфология (Типтік оқу бағдарламасы). – Алматы,2003
  53. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Типтік оқу бағдарламасы. – 021240-қазақ тілі; 521430-лингвистика: қазақ тілі және (немесе шет тілдердің бірі) өзге тіл ретінде орыс тілі мамандықтары үшін университет студенттеріне арналған. Әл-Фараби ат.ҚазҰУ. – Алматы, 2002.
  54. Қазақ әдеби тілінің тарихы (ЖОО-дағы Қазақ тіліне арналған типтік бағдарламалардың топтамасы құрамында). – Алматы, 2003
  55. Проф. С.Аманжоловтың әдеби тіл мен ғылыми терминдер туралы көзқарасы. – ҚазҰУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы, 2003, №4 (66)
  56. Қоғамдық-саяси лексиканы қалыптастырудағы атаулық тіркестердің рөлі. – Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ филологиясы мәселелері. – Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы:Арыс, 2004. – 205 б.
  57. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Казахско-русский толковый словарь мимики и жестов в казахском языке . – Алматы:Қазақ университеті, 2003. 136 б.
  58. Ғылымдағы адалдық пен парасаттылық. –проф. А.С.Аманжоловтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Түркі сөз әлемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары («Аханов тағылымы» дәстүрлі конференция шеңберінде). – ҚазҰУ Хабаршысы, №6(78). – Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 224 б.
  59. Терминология – дербес ғылым емес. – «Ана тілі» газеті,2004. 19.04.
  60. С.Аманжолов қолданған лингвистикалық терминдердің ерекшеліктері. – «Қазақ әдебиеті» газеті.2004.25.12
  61. Қазақ тілі. Морфология және сөзжасам (типтік бағдарлама топтама құрамында)
  62. Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі. – Алматы:Қазақ университеті. – 2004.
  63. М.Көпейұлы және қазақ әдеби тілі. – Тілтаным, №4(16), қазан-қараша-желтоқсан. – Алматы,2004,№4
  64. Академик Ә.Қайдар және түркітану мәселелері. – ҚазҰУ Хабаршысы (филол. сер.) (Ә.Т.Қайдардың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ә.Қайдар. Қазақ тіл білімі және түркітану мәселелері» атты ғылыми-теориялық конференция материалдары.- 2004 ж., 18 қараша). – №8(80). – Алматы:Қазақ университеті,2004. – 245 б.
  65. Профессор С.Аманжоловтың қазақ тіл білімі терминдерінің қалыптасуына қосқан үлесі. – С.Аманжолов және қазіргі қазақ филологиясының өзекті мәселелері. – Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. – Алматы: Дайк-Пресс,2004. – 476 б.
  66. Газет лексикасы жүйесі бірліктері мен олардың мағыналық компоненттері.- Жұбанов тағылымы (ІҮ Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары). – Ақтөбе,2004. – 317 б.
  67. Академик Р.Сыздық және қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері. – ҚазҰУ Хабаршысы (филол. сер.). – Алматы: Қазақ университеті, 2004, №5(77). – 210 б.
  68. Қазақ әдеби тілі мен жазба мұралар тілінің арақатынасы жөнінде (қоғамдық-саяси лексика бойынша тарихи-салыстырмалы талдау). – ҚазхХҚжӘТУ Хабаршы (филология сериясы). – №4(13). – Алматы, 2005. – 455-б.
  69. ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысындағы тіл мен әдебиет. – 6М0205 – «Филология» мамандығы бойынша міндетті курстың типтік оқу бағдарламасы. – Алматы:Қазақ университеті, 2005.-30 б.
  70. Құдайберген Жұбанов қазақ тілінің мәдениеті жайында. – Жұбанов тағылымы. ҮІ Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе,2005. – 471 б.
  71. Тіл экологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары. – Кітапта: Жизнь языка и язык в жизни (Э.Д.Сүлейменованың мерейтойына арналған «Тілдер және мәдениет диалогы» атты ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы.) – Алматы:Қазақ университеті, 2005. – 478 б.
  72. Морфологияны жоғары оқу орындарында оқытудың ерекшеліктері.- Әлемдік білім бері кеңістігіне ену жағдайында бәсекеге қабілетті мамандар дайындау. – Әл-Фараби ат.ҚазҰУ оқытушы-професссорларының ХХХУ ғылыми-әдістемелік конференциясының материалдары. 2-кітап. Алматы,2005.-202 б.
  73. Қала тілі және әдеби тілдің әлеуметтік негізі туралы. – Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру – әрбір азаматтың парызы. – Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Орал,2006. – 28-29 қазан. – 207-б.
  74. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы газеттердің тілі. – проф. Р.С.Әмірдің 75 жылдығына арналған «Қазақ тілі білімінің мәселелері және оқыту әдістемесі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы:Қазақ университеті, 2005. ҚазҰУ Хабаршысы (филол. сер.), №4 (86) – 211 б.
  75. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика:әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам (монография). – Алматы:Қазақ университеті, 2005. – 140 б.
  76. Оралхан шығармаларындағы бейнеліліктің тілдік амалдары. – Кітапта: Тіл.Қоғам.Заман. – Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. 12 мамыр. – Ақтау,2005.-316б.
  77. Газет тілінің кезеңдік ерекшелігі.-«Ана тілі» газеті,2005.-№25, 23 маусым.
  78. Шәкәрім поэзиясы және әдеби тіл стильдері туралы //Бүгінгі түркітану және оның даму бағыттары (Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары). – Алматы. – 30 маусым. – 2006 ж.
  79. Қазақ терминологиясының білгірі//Тіл және әдебиет: кешегісі мен бүгіні (проф. Ө.Айтбайұлының 70 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары). – Алматы,5 сәуір, 2006 ж.
  80. Алғы сөз//А.Айғабылұлы. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. – Алматы: Қазақ университеті. – 2006.