Момынова Бағдан Қатайқызы

Бас ғылыми қызметкер

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1957 жылы туған. 1974-1979 жылдары Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің Филология факультетін, 1989-1993 жылдары осы университеттің күндізгі бөлім аспирантурасын бітірген.

1993 жылы кандидаттық, 1999 жылы докторлық диссертациясын қорғады, 2001 жылы профессор атағын алды. Проф. Б.Момынованың ғылыми жетекшілігімен 15 кандидаттық, 1 ғылым докторы, 2 PhD ғылым докторы және 60-қа жуық магистрлік диссертациялық жұмыстар қорғалды.

Еңбектері:

  •  «Қазақ тілі тарихи грамматикасы» (әдістемелік нұсқау,1997 ж.),
  • «Тілдегі парадигматикалық және синтагматикалық қатынастар» (оқу-әдістемелік құрал,1998ж.);
  •  «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика» (монография, канд.дисс., 1999 ж.);
  • «Газет лексикасы: жүйесі мен құрылымы» (монография, докт.дисс., 2001 ж.,2003ж.);
  • «Қазақ әдеби тілі тарихын зертеу жүйесі» (оқу құралы, 2001 ж.);
  •  «Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштығы, сөзжасамы» (монография, 2006 ж,);
  •  «Қазақ тіліндегі ым-ишараттың орысша-қазақша түсіндірме сөздігі» (2003ж.);
  • «Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі» (Алматы,2004ж.);
  •  «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (оқу құралы, 2006 ж.);
  • «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (ал-алқам)(құрастырушылардың бірі,2006 ж.);
  • «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (жібер)(құрастырушылардың бірі,2006 ж.);
  • «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (пір)(құрастырушылардың бірі,2007 ж.);
  •  «Қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер» (оқу құралы,2007 ж.);
  • «Шәкәрім поэзиясының тілі» (монография,2008 ж.);
  •  «Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар» (монография, 2009 ж., 2012ж.);
  • «Қоғамдық-саяси лексиканың түсіндірме сөздігі» (Алматы, 2010  ж. АДЖИП КҚО қолдауымен. Өңделіп, қайта басылған);
  • «Махамбет тілінің сөздігі»(Алматы,2012 ж.);
  • «Қазақ тілі. Морфология» (серіктес автормен. Оқу құралы,2012ж.);
  • «Қазіргі қазақ тілі. Морфология» (Оқу құралы,РОӘК бекіткен,2014ж.);
  • «Қазақтың тілші-ғалымдары» (Оқу құралы,2016ж.);
  • «Қазақ тіліндегі ым-ишараттар:қатысым мәдениеті мен сөйлеу этикетінде», монография,2016 ж.);
  • «Қазақ ым-ишараттарының түсіндірме сөздігі» (Алматы,2017);
  • «Қазақ ым-ишараттарының қазақша-орысша-қытайша түсіндірме сөздігі» (серіктес авторлармен, ПЕКИН,2017);

ОҚУЛЫҚ:

  • «Қазақ әдеби тілінің тарихы» (2011 ж.).
  • Проф. Б.Момынованың SKOPUS, Thompson Reuters  тізіміне енген бірнеше басылымында 4 мақаласы жарық көрген.
  • Проф. Б.Момынова 200-ден астам ғылыми мақалалардың,15-тен астам ғылыми-көпшілік мақалалалардың авторы.
  • Әр жылдардағы ЖОО мемлекеттік оқу стандарттары мен РhD стандарттары, оқу бағдарламалары мен типтік бағдарламалар авторларының  бірі (филология мамандығы бойынша).

Проф. Б.Момынованың ғылыми және қоғамдық жұмыстары:

  • 1989-2014 жж. әл-Фараби ат.ҚазҰУ-да аспирант, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор қызметін атқарды;
  • 2000-2003 жылдары әл-Фараби ат.ҚазҰУ-да Факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2008-2014 жж. университет ғылыми кеңесінің мүшесі; 2005-2008 жж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі; 2008-2010 жж. Д 14А.01.23 – Қазақ және түркі тілдері бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары; 2010-2014 жж. Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі.
  • 2005-2010 жж. ҚР Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комитеттің мүшесі
  • 2005-2010 жж «Терминологиялық Хабаршы» журналының редакциялық алқа мүшесі;
  • 2012-2014 жж. ҚазҰУ Хабаршысы филология сериясы журналының редакция мүшесі;
  • 2007-2018 жж. Гранада, Стамбул, Москва, Пекин, Великий Новгород, Суздаль, Омск, Бішкек, Қазанда өткен  халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларға қатысты.
  • 2008-2014 жж. – Е.Букетов ат. ҚарМУ-де; Шәкәрім ат.Семей мемлекеттік университетінде; М.Көпеев ат. ПМУ-де МАК төрағасы болды.
  • 2008-2018 жж. ҚХР Пекин Орталық Ұлттар университеті қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің шақыруымен іссапарда болып, дәрістер оқыды.
  • 2006-2010 жж. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін» құрастырушылардың бірі.
  • 2007 ж. ҚР БжҒМ жариялаған гранттық топтың ғылыми жетекшісі;
  • 2007-2010 жж. «АДЖИП» ККО-ның грантымен жұмыс істейтін топтың ғылыми жетекшісі.
  • 2017-2020 жж. ҚР БжҒМ «Национально-культурный код в казахском языковом пространстве: функции при определении архетипного статуса символа и историко-культурного типа языковой личности» тақырыпты грантымен жұмыс істейтін топтың ғылыми жетекшісі.

Бүгінгі таңда ҚР ҒА А.Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

Жетістіктері мен марапаттары:

  1. 2005 жылғы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері;
  2. 2006 ж. ҚР Білім және Ғылыми министрлігі тағайындаған ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының иегері;
  3. 2011 ж. ҚР Білім және Ғылыми министрлігі тағайындаған ЖОО-ның үздік оқытушысы грантының иегері;
  4. 2015 ж. «Тіл білімі үздік басылымы» номинациясының жеңімпазы (Саткенова Ж.Б. – серіктес автор);
  5. 2015 ж. «Қазақ тілінің морфологиясы» оқу құралы «Үздік оқу құралы» номинациясы бойынша 2 дәрежелі әл-Фараби ат. ҚазҰУ дипломымен марапатталды.
  6. 2017 ж. С.Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрметті докторы».

Проф. Б.Момынова қазақ әдеби тілінің тарихын және әдеби тілдің функционалды стильдерінің даму, қалыптасу жолдарын БАҚ тілін, «Қазақ» (1913-1918 жж.) газетіндегі қоғамдық-саяси лексиканы, көркем шығармалардың тілін талдау арқылы  тарихи, прагматикалық, танымдық тұрғыдан зерттеп, әдеби тілдің нормалану үдерісін тереңдей танытуды мақсат етті және ЖОО-дағы іргелі пән болып оқытылуына үлес қосты. Қазақ жазба тілі өзінің бастапқы қалыптасу кезеңінде жалпыхалықтық тіл мен кітаби тілдің бір-бірімен тұтаса қызмет етуі, конвергенциялануы нәтижесінде қалыптасқанын айтып, Махамбет тілінің сөздігін құрастыру арқылы жыраулық дәуірдің тілдік бейнесін толықтыра алды. Әсіресе ХХ ғ. басындағы қазақ әдеби тілі және сол тұстағы тілдік тұлғалардың  әдеби тілдің стильдік тармақтарын жетілдіру бағытындағы еңбектерін талдады.  Қазақ даласының ұлы тұлғаларының бірі Шәкәрім шығармаларына алғашқы болып тілдік талдаулар жасап, оның әдеби тілді дамыту, жетілдірудегі қызметтерін саралап, әдеби тілдегі орнын анықтап берді. Қазіргі қазақ әдеби тілі, қазақ диаспорасының тілін  туралы ғылыми негізді пікірлер айтты.

Қазақ тілінің морфологиясын оқытуды жетілдіру мақсатында жазған оқу құралы, сонымен бірге тілдегі типтік қатынастардың тіл деңгейлері мен стратумдарына тигізетін ықпалын ғылыми негіздеген зерттеу еңбектері – іргелі, кешенді зерттеу нәтижелері. Аталған еңбектерінің бәрі де  – жоғары оқу орындарының бакалавр, магистратура, докторантура бөлімдерінде оқу процесіне қолданысқа енгізілген және алдағы ғылыми ізденістерге бағыт-бағдар, нұсқау беретін теориялық, практикалық мәні бар еңбектер.

Професссор Б.Момынова сөйлеу этикеті мен қатысым мәдениетіне, сөйлеу актілеріне қатысты концептуалды-ғылыми пікірлерін тұжырымдай келе, қазақ ым-ишараттарының коммуникациядағы қызметін саралаған монографиясы мен бірнеше сөздіктерін жариялап, қазақ тіл біліміндегі жаңа паралингвистикалық бағытты қалыптастыруға күш салды.

Соңғы жылдары проф. Б.Момынова латыннегізді қазақ әліпбиіне көшуге байланысты жұмыстарға белсене қатысып жүр. Ол орфографиялық, әдістемелік комиссияның, жұмыс топтарының мүшесі және латыннегізді жаңа әліпбиге көшуге байланысты негізгі емле ережелерін, проспектісін құрастырушылардың қатарында еңбек етуде.