Маралбек Ермұхамет

Маралбек Ермұхамет 1988 жылы 2 қыркүйекте Құлжа қаласында дүниеге келген.

  • 1994-2006 жылдары Құлжа қалалық №51 мектепті (бастауыш) бітірген.
  • 2007 жылы Талдықорған қаласында өткен IV халықаралық «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша олимпиаданың 2-орын иегері және Мемлекеттік грант иегері атанған.
  • 2007-2011 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология факультеті «5B01170-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын қызыл дипломмен аяқтаған.
  • 2011 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жұмысқа қабылданған.
  • 2012-2014 жылдары Абай атындағы КазҰПУ-дың Магистратура және докторантура институтын «6М011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандағы бойынша магистратураны үздік бітірген.
  • 2015-2018 жылдары А.Байтұрсынұлы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірлескер оқу бағдарламасы бойынша «6D021300-Лингвистика» мамандығына докторантураны бітірген.
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында:
  • 2011-2015 жылдары Грамматика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер;
  • 2015 жылдан қазірге дейін Тіл мәдениеті бөліміне ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
  • 2016 жылдан қазірге дейін Институт жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы міндетін атқарады.

Е.Маралбек п.ғ.д., профессор Ф.Ш.Оразбаеваның жетекшілігінде «Қазақ тіліндегі мөлшерліктердің құрылымдық және танымдық сипаты» тақырыбында дипломдық жұмыс (2011 ж.), ф.ғ.к. Б.С.Қапалбековтың жетекшілігінде «Сан-мөлшер ұғымының функционалды-семантикалық табиғаты» тақырыбында магистрлік жұмыс қорғады. Бүгінгі таңда ф.ғ.д., профессор З.К.Ахметжанованың жетекшілігімен «Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы» тақырыбында докторлық (PhD) диссертация жазуда.

Автор 2010 жылдан бері 40 ғылыми мақаланың авторы, 3 ұжымдық монографияның бірлескен авторы және 2 кітаптың құрастырушысы атанды.

Автор тіл білімінің құрылымдық грамматика, функционалды грамматика, орфография, ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстарының тілтанымдық мұралары (А.Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы) бағытында зерттеулер жасайды. Ескі жазба мәтіндерді түпнұсқадан оқиды. Соның ішінде: ескі латын негізді қазақ жазуы (1928-1940 жж.), төте жазу (1912-1929 жж.), ескі қазақ жазуы (15-20 ғ.), араб графикалы ортағасыр түркі жазбалары (9-15 ғ.).

Жетістіктері:

  1. 2007 жылғы ҚР Алматы облысы, Талдықорған қаласында өткен IV халықаралық «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша олимпиадаға қатысып, 2-орын иегері және мемлекеттік грант иегері.
  2. 2009-2010 жылдары ҚР Президенті тағайындаған Президенттік шәкірт ақы сыйлығының иегері.
  3. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Жас ғалымдар кеңесі үйымдастырған 2015 жылғы «Жас ғалымдардың үздік мақаласы» байқауының жеңімпазы.
  4. 2016 жылы «Ақжол» Демократиялық партиясының ұйымдастыруымен өткен «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты Жалпы ұлттық байқаудың жеңімпазы (1-орын).
  5. 2017 жылғы ҚР-ның жас ғалымдарға арналған Мемлекеттік Ғылыми стипендия иегері.

Е. Маралбектің ғылыми еңбектерінің

Т І З І М І

Ғылыми мақалалар:

  1. Қазақ тіліндегі мөлшер мәнді сөздер. ҚазҰПУ Хабаршысы. Филология сериясы. –Алматы, 2010. №35. 156-165 б.
  2. Мөлшерліктер – халық өмірінің айнасы. ҚХР, «Іле жастары» журналы. – Құлжа, 2011. №5. 36-39 б.
  3. Мөлшер мәнді сөздердің концептуалдық мәні. «Қазақ тіл білімі: тарих, тәжірибе, болашақ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. –Алматы: «Шапағат-Нұр», 2011. 254-263 б.
  4. Қазақ тіліндегі мөлшерліктердің танымдық сипаты. ҚХР, «Шинжиаң қоғамдық ғылымдар мінбесі» журналы. Үрімжі, 2011. №4. 9-54 б.
  5. Мөлшер мәнді сөздердің қалыптасуы мен зерттелуі. Профессор Б.Әбілқасымовтың «Қазақ тілінің тарихы мен түркітану мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: «Елтенам баспасы», 2011. 183-193 б.
  6. Қазақ тіліндегі мөлшерліктердің зерттелуі. ҚХР, «Тіл және аударма» журналы. Үрімджі, 2012. №1. 12-16 б.
  7. Қазақы танымдағы қалыңдық өлшем бірліктері. «Ана тілі» газеті. 2012. 22-28 қараша, №47 (1148). 5 б.
  8. Мөлшерліктердің функционалды аспектідегі өзіндік ерекшелігі. «Тілтаным» журналы. –Алматы, 2012. №1. 163-167 б.
  9. Жер түбінен жеті қабат аспанға дейін. ҚХР, «Іле жастары» журналы. Құлжа, 2013. №4. 17-19 б.
  10. А.Байтұрсынұлының төте жазуы. «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: «Елтенам баспасы», 2013. 173-179 б.
  11. «Қазақ тіліндегі сандық ұғымдарды білдіретін сын есім сөздері» . Тіл білімі: «Қазақ тілі – рухани негізіміз» – 2014 атты респ. ғыл. теор. конф. мат.-дары. 9-кітап, -Астана: Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ баспасы, 2014. 137-142 б.
  12. «Уақыт мөлшері» ұғымының функционалды-семантикалық аспектідегі тілдік көрінісі. «Тілтаным» журналы. –Алматы, 2014. №2. 148-160 б.
  13. Құн мөлшері. Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: ғылыми мұра және ғалым феномені / жауаппы редактор – О.Жұбаева. –Алматы: «Елтаным» баспасы, 2014. 334-337 б.
  14. Бүлдіргі бір сөз туралы. «Қала мен дала» газеті. 2015 ж. 27 мамыр. http://dalanews.kz/10771?ln=lat
  15. Абай поэтикасындағы «көңіл» сөзінің лексика-семантикалық өрісі және құрылымдық моделі. «Тілтаным» журналы. –Алматы, 2015 ж. №4. 127-138 б.
  16. Абай поэтикасындағы «көңіл» сөзі қолданысының грамматикалық ерекшелігі. Академик Ө.Айтбайұлының 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Академик Ө.Айтбайұлы және мемлекеттік тіл мәселесі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материялы. –Алматы, 2016 ж. 256-261 б.
  17. Ақаңның белгісіз бір еңбегі. ХХІ-ғасырдағы Алаштын Ақ жолы. Алматы: Экономика, 2016. – 440 б.
  18. Ұлт ұстазы нұсқаған өркениеттің дара жолы. Алаш жолы – мәңгілік тілдің түп қазығы. – «Талдау және әлеуметтің маркетинигтік институты» ЖСШ – Семей, 2017. 86-100 б.
  19. Мөлшер есімдіктер. Абай атындағы Қаз-ҰПУ Хабаршы. Филология сериясы. 2016. №4. 60-66 б.
  20. А.Байтұрсынұлының географиялық танымы және географиялық атаулар. «А.Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы: зерттеу, жүйелеу, насихаттау» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: «Елтаным» баспасы, 2017. 181-186 б.
  21. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі «мөлшер-өлшем» ұғымын білдіретін соматизмдер. Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршы. Филология сериясы. 2017. №2. 67-76 б.
  22. Мөлшер категориясын зерттеудің логика-семантикалық тәсілдері. Филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Момынованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімінің иновациялық әлеуеті» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция материалы. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2017. 119-131 б.
  23. Поэтикалық тілдегі мөлшер ұғымының көрінісі. Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті хабаршысы, Филология сериясы. 2017 ж., №4. 152-158 б.
  24. Мөлшер категориясын зерттеудің логика-семантикалық тәсілдері. Филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қ.Момынованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі қазақ тіл білімінің иновациялық әлеуеті» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция. –Алматы: -Арыс баспасы, 2017. 119-131 б.
  25. Поэтикалық мәтіндерде «мөлшер» ұғымының теңеу тәсілі арқылы берілуі. Ф.ғ.д., профессор Г.Б.Мәдиеваның ғылыми-педагогикалық қызметінің 35 жылдығына арналған филология мен шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері: теория және практика атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдар жинағы. 2018 жыл, 26 қаңтар. Алматы: -Қазақ университеті. 204-211 б.
  26. Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының әсірелеу (гипербола) тәсілі арқылы берілуі. «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» аясындағы «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» арналған «ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕК ОҚУЛАРЫ – 2018» атты ІХ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалы. – Туркестан: 2018. 310-313 б.
  27. Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының метафора тәсілі арқылы берілуі. 6-Халықаралық Қытайдан Адриатқа дейінгі әлеуметтік ғылымдар конгрес. 29-31 март, 2018. -Анкара. 60-74 б.
  28. Поэтикалық тілдегі «мөлшер» ұғымының перифраз тәсілі арқылы берілуі. 6 Халықаралық Қытайдан Адриатқа дейінгі әлеуметтік ғылымдар конгрес. 29-31 март, 2018. -Анкара. 75-84 б.
  29. Асыл тіл, түзу емле қазақта болуға тиіс. Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ақпараттық-медиа кеңістіктегі материалдар) 1-кітап. –Алматы. 2017. 286-292 б.
  30. Әліпби таңдауда Ақаңның жолынан адаспайық. Абай KZ ақпараттық парталы, 13 қараша. https://abai.kz/post/61770
  31. Қазақ тілінің ресми бекітілген алғашқы емле ережесі (1923 ж.). Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. –Алматы. 2017. 6-15 б.
  32. ЕМаралбек, А.Солтанбекова. 1924 жылғы Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде қаралған емле мәселесі. Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. –Алматы. 2017. 16-21 б.
  33. Қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың фонологиялық және графемикалық сипаты. Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. –Алматы. 2017. 127-149 б.
  34. Қазақ жазуындағы әріптердің тіркесім түрлері. Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. –Алматы. 2017. 149-171 б.
  35. А.Байтұрсынұлының «й/и, у» дыбыстары туралы танымы. Жаңа ұлттық әліпби: Қазақ жазуын жаңғырту (Ғылыми-тілтанымдық зерттеу) 1-кітап. –Алматы. 2017. 255-264 б.
  36. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем бірліктер. 21-Yüzyılda Eğitim Ve Toplum Dergisi (21 ғасырда білім беру және қоғамдық журналы). –Анкара. 2018. №3.

Импак-Фактор:

  1. Көне түркі ескерткіштеріндегі «мөлшер» ұғымын білдіретін тілдік бірліктер.
  2. Мөлшер ұғымын берудің әлем тілдеріне ортақ ежелгі синтаксистік конструкциясы. Türk kültürü ve Hacı Bektaş Veli araştırma Dergisi. 2018. №3

Ұжымдық монографиялар:

  1. Қазақ тіліндегі мөлшерліктер // Қазақ тілінің функционалды грамматикасы. Ұжымдық еңбек: 2-кітап. –Алматы: «Дайк-Прес», 2011. 721-778 б.
  2. Сан-мөлшер категориясының функционалды-семантикалық табиғаты // Грамматикадағы дүниенің тілдік бейнесі. Ұжымдық монография. –Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014. 255-341 б.
  3. Сан-мөлшер категориясының функционалды-семантикалық өрісі // Жұмсалымдық грамматикасы. Оқулық-монография: –Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2016. 422-467 б.

Құрастырған еңбектері:

  1. Тағылым мен тағзым /Құрастырушылар – Е.Маралбек, Д.Алтайбаева. –Алматы: «Ғылым ордасы», 2013. – 224 б.
  2. Балаларға тарту / Құрастырушы – Е.Маралбек. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2017. –112 б.

E-mail: ermukhamet.maralbek@tbi.kz, elahau@mail.ru

Tel: 87023513353