Комплаенс қызметі

Комплаенс-офицердің қызметі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтындағы Комплаенс-офицер лауазымы қолданып отырған міндетті реттеуші талаптардың және халықаралық тәжірибенің, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтауды қамтамасыз ету, барлық қызметкерлер арасында шынайылықты, адалдықты қамтамасыз ететін және үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес институттың қызметін жүргізу үшін жағдай туғызатын және институттың ішкі сыбайлас жемқорлыққа қарсы корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы бастамалар, іс-қимылдар шеңберінде құрылған.

Комплаенс-офицердің тікелей міндеті Институт пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, сонымен қатар қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеушілік талаптар  мен институттың сыртқы нормативтік және заңдық талаптарына, сондай-ақ ішкі саясат пен ережелерге сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Талаптарды реттеу арқылы институттағы барлық лаборанттар, аға лаборанттар мен кіші ғылыми, аға ғылыми, жетекші ғылыми, бас ғылыми қызметкерлер арасында ең үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ашықтық, адалдық қағидаттары қамтамасыз етіледі.        

Комплаенс-офицер өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына (1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығы), Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ашықтық және айқындықты қамтамасыз ету жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 174 бұйрығы), Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қолданыстағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және институттың ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.       

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілген өзгертулерге сәйкес, 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер өз өкілеттіктерін квазимемлекеттік сектор субъектісінің атқарушы органынан, лауазымды адамдарынан тәуелсіз жүзеге асырады, ғалымдар кеңесінде есеп береді және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету кезінде тәуелсіз болып табылады.

Егер сіз біздің ғылыми мекеме саналатын А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, Сіз бұл туралы Комплаенс-офицерге келесі байланыс көздері арқылы хабарлай аласыз:         

– электрондық поштаға: a.barlybayeva@tilbilimi.kz


СОЛТАНБЕКОВА АЛЬФИЯ АБДЫКЕНОВНА

Лауазымы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жетекші ғылыми қызметкері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицері, филология ғылымдарының кандидаты

Байланыс нөмірі

8-747-136-61-97

Email

a.barlybayeva@tilbilimi.kz

Қабылдау күндері

дүйсенбі-жұма, 9:00-18-30


0 Shares