Жұмабаева Жанар Төлендіқызы

Жұмабаева Жанар Төлендіқызы – фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Жұмабаева Жанар Төлендіқызы 1980 жылы 20 қыркүйекте Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында   дүниеге келген. 1987 жылы сондағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 1997 жылы 11-сыныпты бітірген. Сол жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетіне түсіп, 2001 жылы бакалавр, 2003 жылы магистратураны бітірген. 2003 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасына түсіп, проф., З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен «Түркі тіліндегі дауыстылардың фонологизациялануы» атты диссертациясын 10.06.06.-түркі тілдері мамандығы бойынша 2007 жылы қыркүйекте қорғап шықты. Осы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда іргелі зерттеу бағдарламасына сәйкес «дауысты дыбыстардың тарихы» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізіп жүр. Ж.Жұмабаеваның еңбектерінде орхон-енисей жазба ескерткіштер мен түркі тілдерінің тілдік деректері негізінде дауысты дыбыстардың даму жүйесінің механизмдері қарастырылды. Сондай-ақ түркі тіліндегі дыбыстар жүйесінің қалыптасу, даму жолдары әмбебап фонологизация процесі негізінде айқындалып, аллофондардың фонемаға айналу механизмі анықталды. Осы тақырыпта Қазақ вокализмінің даму жолдары // ҚР ҰҒА Хабарлары №1 (155). –Алматы, 2006. –Б. 72-75. Көне түркі тілдеріндегі дауыстылардың сипаты // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. –Алматы. №7 (89). 2005. –Б. 41-44. Тарихи фонетика: дауыстылардың фонологизациялану құбылыстары // «Академик Ә.Т. Қайдар және тіл білімі мәселелері». –Алматы, 2004, –Б. 367-375. Түркі тілдеріндегі дауыстылардың даму тарихына қысқаша шолу // Ғ.Мұсабаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-теориялық конференция. А., 2007. «Ә» дауысты фонеманың мәселесі. // Тілтаным. 2007, №2 мақалалары жарық көрді. Сондай-ақ «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша жарық көрген «М.Балақаевтың өмірі мен шығармашылығы» атты еңбектің шығуына өзіндік үлесін қосты.

2015-2017ж «Қазақ сөйленімін синтездеу: фонетикалық корпусты қалыптастыру» атты тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. 2013 жылы «Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың тарихи негіздері» атты монографиясы жарық көрді.

Жалпы зерттеу жұмысына байланысты 20-ға жуық мақалалар ғылыми басылымдарда жарияланды.

Қазіргі таңда ғылыми жұмыстармен қатар А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып жұмыстар атқарып келеді.

2013-2015 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасында студенттер мен магистранттарға қосымша дәріс беріп, семинарлар өткізеді және дипломдық жұмыстарға тақырып беріп, жетекшілік етеді.

2010 жылы Ж.Жұмабаеваның «Түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың тарихи негіздері» атты жұмысы гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар зерттеулері үшін М.Әуезов атындағы сыйлықтар берудің конкурсына ұсынылып, М.Әуезов сыйлығының иегері атанды.

Электронды пошта: janar_tolendi@mail.ru

Телефон: 87073363986