Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы

Жонкешов Бауыржан Сейсенбекұлы 1979 жылы 20 маусымда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қопа ауылында дүниеге келген.

1998-2002 жылдары «Қайнар» университетінің филология факультетін бітірген. Жоғары оқу орнынан кейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында 2002 жылы қыркүйек айында кіші ғылыми қызметкер болып қабылданды. Осы жылдың желтоқсан айында аталмыш институттың  аспирантурасына қабылданып, 2005 жылы аяқтады. 2006 жылы «Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносемантика)» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғаған. 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап, терминология бөліміне аға лаборант ретінде жұмысқа алынды да 2006 жылдың қаңтар айынан бастап кіші ғылыми қызметкері қызметіне ауыстырылады.  2007 жылдан бастап, 2008 жылға дейін ғылыми қызметкерлікке, 2008 жылдан бастап аға ғылыми қызметкерлікке ауыстырылады. 2012-2015 жылдар аралығында терминология бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 2015 жылдан бастап, терминология бөлімінде жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Ғылыми зерттеу тақырыптар бойынша түрлі ғылыми жинақтарда, ғылыми журналдарда мақалалары жарияланып келеді. Сонымен бірге 1 монография, 2 тілдескіш, 20-ға жуық ғылыми мақалалардың авторы. Бірнеше орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер сөздігінің авторларының бірі.

Ғылыми еңбектерінің тізімі:

  1. Туристерге арналған орысша-қазақша тілдескіш//Русско-казахский разговорник для туристов. – Алматы: «Сөздік-Словарь», 2003. – 120 б.
  2. Еліктеуіш сөздер және олардың сөз табында алар орны // Тілтаным. №3 (15). – Алматы, 2004. – Б. 105-110.
  3. Бейнелеуіш негіздердің түркі тілдерінде зерттелуі // Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы, 2004. – Б. 171-174.
  4. Бейнелеуіш негіздердің морфологиялық құрамы // Академик Ә.Т.Қайдар және тіл білімі мәселелері. – Алматы, 2004. – Б. 136-142.
  5. Эмотив-экспрессив сөздердің жасалу жолдары // Академик Ш.Ш.Сарыбаев және қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: «Дайк-Пресс», 2005. – Б. 156-161.
  6. Эмотив және экспрессив сөздердің лингвистикалық сипаты // ҚР ҰҒА Хабарлары. – Алматы НАН РК 5-6 (153-154). 2005. – Б. 113-119.
  7. Эмоционалды лексикалық бірліктердің топтастырылу белгілері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – Алматы. №8 (90). 2005. – Б. 48-51.
  8. Толық мағыналы эмоционалды бірліктердің дыбыстық табиғаты // Қазақ тіліндегі функционалдық бағыт // Филология ғылымдарының докторы, профессор Қ.М.Есеновтің туғанына 75 жыл толуына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты, 2006. –204 б. 58-62 бб.
  9. Терминдік бірліктердің лексикалық және т.б. тілдік бірліктерден айырым және ұқсас белгілері // «Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты халықаралық ғылыми теориялық конференция. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007 ж. Б.25-27.
  10. Эмоционалды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносематика). –Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту орталығы», 2009. -192 бет.
  11. Терминологиялық жұмыстарда стандарттаудың алатын рөлі // «Электрондық-ақпараттық кеңістіктегі қазақ тілі: терминология және тіл мәдениеті» атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. Алматы, 2009. – 30-33 бб.
  12. Ауылшаруашылық салалары қызметшілеріне арналған орысша-қазақша тілашар//Русско-казахский разговорник для сотрудников сельскохозяйственной сферы. –Астана: Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, 2009 ж. 200 б.
  13. Қошке Кемеңгерұлы мұрасының ұлттық терминқор қалыптастырудағы рөлі // Теоретические и практические аспекты обучения языкам и литературе (выпуск ХХ). –Т.:ТДЮИ нашриети, 2010. 90-95 бб.
  14. Термин дефинициясы турасында // Қазақ ұлттық универститетінің Хабаршысы. 2010. №3 106-110 бб.
  15. Кейбір лингвистикалық терминдерді стандарттау жайында // Тілтаным 2010 №2. 61-65 бб.
  16. Синтетикалық жолмен эмоционалды мәнге ие болған сөздер // Тіл және мәдениет: тілдің антропоөзектік парадигмасы. Профессор Ж.А.Манкееваның 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2010. 93-98 бб.
  17. Қошке Кемеңгерұлы және химия терминдері // Терминологиялық хабаршы. 2010. №2. 4-14 бб.
  18. А.Ысқақов және еліктеуіш сөздердің табиғатын тарихи тұрғыдан сараптау. Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары. – Алматы, 2010. 44-48 бб.
  19. Стандарттау және қазақ терминологиясы. Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары. – Алматы, 2010. 203-207 бб.
  20. Қазақша-орысша, орысша-қазақша қоғамдық ғылымдар терминдері сөздігі – Алматы, 2010. – 656 б. (Құрастырушыларының бірі)

 

Тел: 87025737286; zhon_bs79@mail.ru