Жаңабекова Айман Әбділдәқызы

Жаңабекова Айман Әбділдәқызы

Қолданбалы лингвистика бөлімінің бөлім меңгерушісі

Жаңабекова Айман Әбділдәқызы 1972 жылы 20 қаңтарда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданынта туған. 1988 жылы №51 қазақ орта мектебін бітіріп, 1988-1993 жылдары Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университене оқуға түскен. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіргеннен кейін, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы №169 орыс орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істеді.

1997 жылы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті Қазақ филологиясы кафедрасының сырттай бөлім аспиранты, 1998 жылдан бастап күндізгі бөлім аспирантурасында оқыды.

2001 жылы филология ғылымдарының докторы, профессор С.Мырзабековтің жетекшілігімен «Сөз формаларын жасаудағы қосымшалардың функциялық ерекшеліктері» атты тақырып бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады.

2003 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөліміне ғылыми қызметкер болып қабылданды. 2004 жылдан 2011 жылға дейін осы бөлімнің аға ғылыми қызметкері.

2010 жылы «Қазақ тіліндегі «уақыт» ұғымының тілдік парадигмасы»  тақырыбында  докторлық диссертациясын қорғады, 2011 жылы 13 шілдеде бекіді. Ғылыми кеңесшісі – филология ғылымдарының докторы, профессор З.Қ.Ахметжанова.

2011 жылдың қазан айынан Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі.

Қатысқан ғылыми жобалар:

1) А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Грамматика бөлімінің  2003-2005 жж. «Қазақ тілінің функционалды грамматикасы»;

2) 2006-2008 жж. «Қазақ синтаксисінің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі»;

3) 2009-2011 жылдарға жоспарланған «Қазақ  тіліндегі квалитативтік және квантитативтік өрістер»;

4) Компьютерлік лингвистика бөлімінің «Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тіліндегі мәтіндер корпусы және сөздіктердің «Тіл – қазына»  атты ұлттық компьютерлік қоры»;

5) 2012-2015 жж. «Қазақ тілінің аннотацияланған ұлттық корпусы»;

6)  2015-2017 жж. «Қазақ тілінің ұлттық корпусындағы метамәтіндік белгіленімдер ұстанымдары мен әзірлемесі»   тақырыптары бойынша  орындаушылардың бірі.

7) 2018 ж. арналған «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу».

Сөздік жасауға қатысты:

1) «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» Ә әрпі түгел (2 т.), қақпақта-қанаттас (9 т.), ұрма-үсті (14 т.) буындары бойынша – құрастырушы-автор;

2) «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің» 1, 4, 6, 8, 12, 13  томдардың жауапты шығарушысы;

3) «Қазақ әдеби тілінің сөздігінің»  9, 14 томдардың редакторы және осы 15 томдық түсіндірме сөздіктің редакторлық топ мүшесі.

5) 2016 жж «Қазақ тілінің жиілік сөздігінің» авторларының бірі.

4) 2016 жылы жарық көрген «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігінің» жауапты редакторы.

5) 2018 жылы жарық көретін «Қазақ сөзформа құрылымының жиілік сөздіктері» еңбегінің құрастырушыларының бірі.

Еңбектері:

Монгорафиялары:

1) «Қазақ тіліндегі уақыт ұғымының тілдік парадигмасы». – Алматы: Шапағат Нұр баспасы, 2012. – 508-б.

2) Функционалды грамматиканың метатілі. – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2012. – 156-б.

3) Қазақ тіліндегі функционалды-семантикалық темпоралдылық категориясы. – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2012. – 154-б.

4) Қазақ тіліндегі функционалды қосымшалар. – Алматы: «Елтаным» баспасы, 2016. – 130-б.

5) Жұмсалымды грамматика /Ұжымдық монография-оқулық. – Алматы, 2016. – Б. 73-95; Б. 95-109; Б. 161-201.

6) Функционалды грамматика: ұғымдары мен категориялар/ Халықаралық ұжымдық монография. Қазақстан-Словакия. – Алматы: «Ұлағат» баспасы, 2016. – Б. 67-117; Б.130-198./ Серіктес авторлар: Есенова Қ., Қосымова Г., Маркова Е., Григорянова Т., Әмірбекова А.

7) Қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің статистикалық негіздері. – Алматы, 2018. / Серіктес авторлар: А.Жұбанов.

Оқу құралдары:

  • Функционалды грамматика. – Қарағанды: «Ақнұр» баспасы, 2016. – 280-б. / Серіктес авторлар:Қосымова Г., Есенова Қ., Әмірбекова А.
  • Корпустық лингвистика. – Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2017. – 336-б. / Серіктес авторлар: А.Жұбанов
  • Кәсіби қазақ тілі. – Алматы,ғ 2017. – 112 б./ Серіктес авторлар: А.М.Секеева

Осы аталған іргелі зерттеулер бойынша және докторлық диссертациясының тақырыбына қатысты 100-ден астам мақала жариялады.

Марапаттары:

  • Құрмет грамотасы. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін марапатталады. (2016 ж.)
  • Құрмет грамотасы. Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін марапатталады (2017 ж.).