Жауғашарова Айнұр Исақызы

1978 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.

1997-2001 жылдары Алматы қаласының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде «қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесінде білім алып, 2003 жылы осы университеттің магистратурасын «лингвистика магистрі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

2003 жылы Алматы қаласының № 147 мектеп-гимназиясында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

2009 жылдан бері А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады. Отбасылы, төрт баласы бар.