Досмайлова Айгүл Нұркешқызы

Досмайлова Айгүл Нұркешқызы

Досмаилова Айгүл Нұркешқызы 1974 жылы 8 желтоқсанада Алматы облысы, Панфилоа ауданы, Қоңырөлең ауылында дүниеге келді. 1992-1996 жылдары Талдықорған университетінде филология факультетінде оқыды. Институт бітірген соң жолдамамен Панфилов қаласына жіберілді. 2009 жылы «Қазақ терминологиялық дефиниция метамәтінінің семантикалық-құрылымдық сипаты» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2005-2017 жылдары ҚазБСҚА-да, Каспий университетінде оқытушы болып қызмет атқарды. 2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының терминология бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.

Ғылыми еңбектерінің тізімі:

  1. Терминге қойылатын талаптар мен терминнің дефинитивтілік принципінің маңыздылығы
  2. Дефиниция метамәтінінің ішкі құрылымдық және грамматикалық белгілері (Қ. Алтайбековамен бірге)
  3. Термин дефинициясы және дефинитивтілік принциптің ерекшелігі
  4. Терминологиялық дефиницияның логикалық- когнитивтік сипаты (Қ. Алтайбековамен бірге)
  5. Терминологиялық дефиницияның ғылыми мәтіндерде берілу ерекшеліктері // Қазақстан ғылымы мен өмірі. – Астана, 2018. – №4 (61) 2018. – 44-48 бб.