Гүлмина Рахман

Гүлмина Рахман

Гүлмина Рахман 1989 жылы 11 қарашада дүниеге келген. 2008 жылы Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам орта мектебін бітірген. 2008-2012 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығын бітірген. 2012-2014 жж. аралығында аталған университеттің «6М020500 – Филология» мамандығы бойынша магистратураны үздік аяқтаған. 2013 жылы 17-28 маусым аралығында Испания мемлекетінің Гранада университетінде және Альмунекар қаласының тіл орталығында «Болон процесі жағдайындағы Евразиялық мәдениетаралық коммуникация» бағдарламасы бойынша жаздық оқу курсында білім алған.

2012-2014 жж. аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология және әлем тілдері факультетінің Қазақ филологиясы кафедрасында кафедра маманы қызметін атқарған. 2014-2016 жж. аралығында Алматы қаласы Ақпараттандыру жүйесі орталығында қала әкімшілігі қызметкерлерін мемлекеттік тілде оқытушы, әкімшілік сайт редакторының көмекшісі қызметінде болған. 2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БжҒМ ҒК Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Тіл мәдениеті бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.

Түрлі ғылыми басылымдарда автордың 5 ғылыми мақаласы жарық көрді. Негізгі зерттеу бағыттары – тіл білімінің лексикология, орфография салалары.

Г.Рахманның ғылыми мақалалар тізімі: 

  1. Көнерген сөздердің Қытай қазақтары тіліндегі материалдық лексикада көрініс табуы. «Қазіргі тіл білімінің басымдықтары және түркі әлемі» атты халықаралық ғылыми –теориялық конференциясының жинағы, – Алматы, 2012 ж. 25 сәуір, 253-255 б.
  2. Қытай қазақ диаспорасы тіліндегі материалдық лексиканың құрамындағы кірме сөздер. Студентер мен жас ғалымдардың «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясының жинағы, – Алматы: «Қазақ университеті», 2013 ж. 17-19 сәуір, 211 б.
  3. Қытай қазақтары тіліндегі материалдық лексиканың диалектілік сипаты. «Қазақ филологиясы және оны толық курста оқыту мәселелері» атты ғылыми жинақ. Пекин: Орталық ұлттар университеті, 2013 ж. 135-140 б. (Б.Момыновамен бірге).
  4. Қазақтың ою-өрнегі және оның Қытай қазақтары диаспорасындағы үлгілері мен атаулары. «Қазақ тілі және жалпы түркілік кеңістік: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясының жинағы, – Алматы, 2014 ж. 24-25 сәуір, 124-127 б.
  5. Қытай қазақтары тіліне қытай тілінен енген кірме сөздердің кейбір ерекшеліктері жайында (материалдық лексика бойынша). «Тілтаным» журналы. – Алматы, 2014 ж., №1, 92-98б.