Гүлден Бақытқазықызы Тлегенова

Гүлден Бақытқазықызы Тлегенова

Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкер

Гүлден Бақытқазықызы Тлегенова 1988 жылы 20 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Кіндікті ауылында туған.

  • 1994-2001 жылдары Кіндікті ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепті бітірген.
  • 2002-2005 жылдары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылында әл-Фараби атындағы мектепті бітірген.
  • 2005-2009 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің «Филология: қазақ тілі» мамандығын бітірген.
  • 2011-2013 жылдары Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша магистратураны үздік бітірген.
  • 2009 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Этнолингвистика бөліміне қызметке қабылданған.
  • А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында:
  • 2009-2014 жылдары Этнолингвистика бөлімінде аға лаборант;
  • 2015 жылдан қазірге дейін Қолданбалы лингвистика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді.
  • 2017 жылдан бастап А.Байтұрсынұлы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірлескен оқу бағдарламасы бойынша «6D021300-Лингвистика» мамандығының докторанты.

6 ғылыми мақаланың авторы, 2 ұжымдық сөздіктің бірлескен авторы және 1 кітаптың құрастырушысы атанды.

Автор 2013 жылы академик Ә.Қайдардың «Қазақтар ана тілі әлемінде (этнолингвистикалық сөздік) ІІ том. Қоғам; ІІІ том. Табиғат», «Ғылымдағы ғұмыр» (6 том) атты еңбектерінің шығуына атсалысты.

 

Г.Тлегенованың ғылыми еңбектерінің

Т І З І М І

 Ғылыми мақалалар: 

  1. Ағылшын тіліндегі көптік категорияны оқыту. «Қазақстан ұстазы» республикалық ғылыми журналы. – Алматы, 2013. 144-146 бб.
  2. Қазақ тілі мен ағылшын тіліндегі көптік тұлғаның ұқсастықтары. «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ руханиятының көсемі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным, 2013. 315-318 бб.
  3. Шетелдік педагогикалық ізденістердегі инновациялық модельдерді оқыту. Ғылымдағы ғұмыр: Ана тілі және түркі әлемі атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным, 2014. 297-299 бб.
  4. Қазақ мәтіндеріндегі я, ю фонемалы сөздерді латын қарпіне көшірудегі емле ережелері (А.Жаңабековамен бірге). А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тілтаным журналы. – Алматы, 2017 № 1.
  5. Фразеологизмдердегі онимдердің мифтанымдық кодын айқындау. Наука и жизнь Казахстана. Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 (58) 2018. 272-275 бб.
  6. Төрт түлік малға қатысты мифонимдік атаулардың лингвомәдени сипаты. «Қазақ тіл білімі саласындағы жаңа ғылыми бағыттар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция. 15 мамыр, 2018. 208-214 бб.

Ұжымдық сөздіктер:

  1. Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі (қосалқы автор). Алматы: Дәуір, 2016. 1472 бет.
  2. Қазақ сөзформа құрылымының жиілік сөздіктері. Алматы, 2018. 418 бет.

Құрастырған еңбектері:

  1. Ғалымның еңбегі – ғылымға қосылған үлес. Алматы: Елтаным, 2016. 264 бет.