Ботагөз Мырзабайқызы Сүйерқұл

Бас ғылыми қызметкер,

филология ғылымдарының докторы, доцент

Тіл тарихы бөлімінің  бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, доцент. 1973 жылы 18 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында дүниеге келген.  1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. 1995 жылдан бері ҚР БжҒМ (Ұлттық ғылым академиясы) Ғылым комитеті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бас ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді. Ғылым және білім беру салаларын интеграциялау бағдарламасы бойынша  2014 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Жалпы тіл білімі және европа тілдері кафедрасында доцент қызметін атқарады.

Еңбектері:

  • Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (ХІVғ.) лингвосемиотикалық кеңістік. Монография –Алматы: Дайк-Пресс, 2011. –376 б.
  • Қазақ тілінің шығу тарихы: Фонетика. Бірінші бөлім / Жалпы редакциясын басқарған Б.Сағындықұлы. Ұжымдық монография (авторларының бірі).  – Алматы: «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоры, 2013. – 236 б.
  • Қазақ тілінің шығу тарихы: Фонетика. Екінші бөлім / Жалпы редакциясын басқарған Б.Сағындықұлы. Ұжымдық монография (авторларының бірі).  – Алматы: «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоры, 2013. – 348 б.
  • Сүйерқұл  Б. М., Сейітбекова А.А. «Тарихи теолингвистика: қалыптасуы, дамуы, негізгі бағыттары Н.Рабғұзидің «Адам ата-Хауа ана» қиссасы мен А.Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны материалдары негізінде. Монография.  – Алматы, «Ғылым ордасы» РМК баспаханасы, 2017. – 140 б.
  • Қазақ тілінің шығу тарихы: Морфология. /Жалпы редакциясын басқарған Б.Сағындықұлы. Ұжымдық монография (авторларының бірі).  – Алматы: «Алдоңғар» мәдениетті дамыту қоры, 2018. – 348 б. (өндірісте).
  • Қазақ әдеби тілінің сөздігін (15 томдық) құрастырушылардың бірі (2, 3, 7, 9, 12-томдар. 2006 – 2010 жж.).

Жазба ескерткіштер тілін антропоөзекті парадигмада қарастырудың жаңаша әдісін ұсынған. Ұлттыққа дейінгі кезеңдегі (ХІV ғ.) қыпшақы ғалам бейнесінің тілдік көріністерін, ортағасырлық тіл ұстанушылардың танымдық өрісі мен ойлау жүйесін тіл біліміндегі жаңа сала – лингвосемиотика шеңберінде зерттеген. Тарихи көркем мәтіннің семиотикалық құрылымын, жекелеген лексикалық бірліктердің фразеосемантикалық және когнитивтік семантикалық  өрістерін модельдеу үлгілерін жасаған. 2015-2017 жж. «Орта ғасыр түркі-қыпшақ жазба ескерткіштері тілін рухани-мәдени құндылықтар жүйесі ретінде зерделеудің лингвотеологиялық негіздері (Рабғұзидың «Адам ата – Хауа ана» қиссасы мен А.Йүгнекидің «Ақиқат сыйы» ескерткіштері материалында зерттеу)» атты ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі болды. Зерттеу нәтижесінде қазақ тіл білімінде тарихи теолингвистика бағытында жаңа еңбек жарық көрді. Қазақ әдеби тілінің сөздігін (15 томдық) құрастырушылардың бірі (Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 2-том. –Алматы: Арыс, 2006. – Б. 708-742; Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 3-том. –Алматы: Арыс, 2006. – Б. 7-95; Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 7-том. –Алматы: Арыс, 2007. – Б. 19-202; Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 9-том. –Алматы: Арыс, 2008. – Б. 392-515; Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 12-том. –Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2010. – Б. 492-684). «Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (ХІҮ ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік» атты монографияның, 4 ұжымдық монография авторларының бірі.  Отандық және шетел басылымдарында 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрген. Жоғары оқу орындарының студенттеріне  арналған оқу құралы, оқу-әдістемелік кешені және орысша-қазақша тілдескіштері қазақ тілін оқыту тәжірибесінде  пайдаланылып келеді. Баспасөзде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге қатысты пікірлері жарияланып тұрады.