Бесіров Еркін Бекжанұлы

1983 жылы 14 желтоқсанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ.

  • 1989-2000 жылдар аралығында Сағат Әшімбаев атындағы орта мектебінде оқиды.
  • 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, филология факультетінің, «Аударма ісі» мамандығына оқуға түсіп, 2004 жылы университеттің «Көркем аударма және әдеби шығармашылық» бөлімін бітіреді.
  • 2007-2009 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, филология факультетінің, «Аударма ісі» мамандығы бойынша магистратураны бітіреді.
  • 2009 жылы ҚР БҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Компьютерлік лингвистика» ғылыми тобына кіші ғылыми қызметкер қызметіне қабылданады. 2009-2011 жылдарға арналған «Мәдени құндылықтар ретіндегі қазақ тіліндегі мәтіндер корпусы және сөздіктердің «Тіл-қазына» атты ұлттық компьютерлік қоры» атты тақырыптың орындаушысы.
  • 2011 жылдан бері осы институтта «Этнолингвистика» бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады.
  • 2010 жылдан А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан, жылына төрт нөмірмен жарық көретін «Тілтаным» журналының техникалық редакторы және беттеушісі. «Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу және жасау» жобасына қатысушы.
  • 2017 жылы «Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа ұлттық әліпбиге көшіру» атты «Ұлттық жобаға» байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындаушысы.
  • 2018 жылы «Латын қаріпті қазақ тілінің мәтіндер корпусын жасау» атты тақырыбына қатысушы.

Қазіргі кезде ғылыми жобаларға қатысып, ғылыми тақырыптар бойынша тоғыз ғылыми мақала жариялады.

Тел. 87471366251

Эл. почта: erkin.besirov@mail.ru