Бармешова Назира Темірханқызы

1976 жылдың 21-қыркүйек айында Алматы облысы, Кеген ауданында дүниеге келді. 1983-1993 жж. Қызылту орта мектебін бітіріп, 1993 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Педагогикалық университеттің филология факультетіне оқуға түсті. 1998 жылы аталған университетті бітірді. 1998-2000 жж. Абай атындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. 2002 жылы Орталық мұражайда жұмыс істеді. 2004 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына аға лаборант болып жұмысқа орналасты. 2004-2012 жж. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін» компьютерге теру жұмыстарын істеді. 2012-2015 жж. Ономастика бөлімінде аға лаборант болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ономастика бөлімінде кіші ғылыми қызметкер болып қызмет істеп келеді.

Бөлімнің «Ономастиканың аса маңызды тілдік фактор ретіндегі қазіргі көпмәдени қазақстан кеңістігіндегі рухани келісімді орнықтырудағы рөлі», «Қазақ ономастикасының мәдени, тарихи және         тілдік негіздерін жалпытүркілік контексте зерттеу», «Қазақстан республикасының ономастикалық атауларының ұлттық және халықаралық стандарттаудың  ғылыми принциптерін жасау» (2012-2015жж.), атты іргелі зертеу тақырыбы бойынша, «Жалпы білім берудегі қазақ тілінің жиілік сөздігі» (2016 ж.), «Ономастикалық атаулардың латын әліпбиіндегі қысқаша     сөздігінің проспектісі» (аналитика, сөздік) (2017 ж.), «Латынграфикалы жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын жаңғыртудың ғылыми-лингвистикалық базасын әзірлеу» (2018 ж.) атты тақырыптары бойынша және бөлімге қатысты жұмыстарды атқарады.

Байланыс: 87775948358; naz_bar@mail.ru