Бас ғылыми қызметкер
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Тіл тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1931 жылдың 2 қарашасында Атырау облысының Исатай ауданына қарасты Тұщықұдық (бұрынғы Дуаберген) аулында дүниеге келді.
Орал педагогтық институтта оқыған (1949-53 ж.ж.), Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының аспиранты (1961-64 жж.), кіші ғылыми қызметкері (1964-67 жж.), ғалым-хатшысы (1967-75 жж.), аға ғылыми қызметкер (1971 ж.), жетекші ғылыми қызметкер (1975-87 жж.), Тіл білімі институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары (1987-1991 жж.), «Түркология және қазақ тілі тарихы» бөлімінің меңгерушісі (1991-1998 жж.), бас ғылыми қызметкер (1998 жылдан бері).
Еңбектері:
- «Алғашқы қазақ газеттерінің тілі» атты монографиясы (1971 ж.)
- «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі» атты монографиясы (1982 ж.)
- «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің жазба нұсқалары» атты монографиясы (1988 ж.)
- «XX ғасырдағы қазақ әдеби тілі» атты монографиясы жарық көрді (2000 ж.)
- «Әбілғазы ханның «Түркі шежіресі» және оның тілі» атты монографиясы жарық көрді (2001ж.)
- Әбілғазы баһадүрдің «Шежіре-и турки» кітабының қазақша аудармасының 2-басылымы жарық көрді (2006 ж.)
- «Казахский литературный язык второй половины ХІХ века» атты монография (2007 ж.)
- Ш.Мәжітаева екеуінің авторлығымен «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты оқу құралы (2010 ж.)
- «Қазақ әдеби тілінің тарихы» атты электрондық оқулық (2011)
- А.Сейітбекова екеуінің авторлығымен «Қазақ тілі тарихына қатысты түркологиялық ізденістер» атты монографиясы (2011)
- Қазақтың ескі жазба әдеби тілі (2016 ж.)
- Ғылымдағы әріптестік (2016 ж.)
Ғалымның жетекшілігімен 16 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.
Б.Әбілқасымов қоғамдық жұмыстарға белсене қатысты:
- Алматы мемлекеттік педагогикалық университетте сабақ берді (1983-86 жж.)
- Атырау, Ақтөбе, Орал, Қарағанды университеттерінде, сондай-ақ Алматыдағы ҚазМУ, АлМУ, АлПУ, Қыздар педагогикалық университеттерінің мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы болды (1983-2001 жж.)
- Алматыда өткен республикалық «Ана тілі» қоғамының құрылтайына қатысып, оның басқарма мүшесіне сайланды (1989 ж.)
- Тіл білімі институты жанындағы «Түркі тілдері» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғайтын арнайы кеңес төрағасының орынбасары (1987-92 жж.)
- «Қазақ ССР Ғылым академиясының хабарлары. Тіл, әдебиет сериясының» редколлегия мүшесі (1987-1994 ж.ж.)
- Тіл білімі институтындағы докторлық диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі (1992-2010 жж.)
- Қыздар педагогикалық институтында, «Қайнар» және Алматы мемлекеттік университеттерінде әдеби тіл тарихынан дәріс оқыды (1980-2008 жж.)
- Бішкек мемлекеттік университеті жанындағы филология бойынша диссертация қорғайтын кеңестің мүшесі (1993-1998 жж.)
- Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссияның сараптау кеңесінің мүшесі (1994-1999 жж.)
- Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі (1995 ж.)
- Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі Ғылым академиясы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесінің мүшесі (1996 ж.)
- А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті және Бішкек мемлекеттік университеті жанындағы филология саласынан докторлық диссертация қорғайтын кеңестердің мүшесі, сондай-ақ ұзақ жылдар Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комиссияның сараптаушы кеңесінің мүшесі ретінде түркітанушы кадрлар даярлауға өз үлесін қосып келеді, көптеген докторлық, кандидаттық диссертациялардың ресми оппоненті.
Марапаттары:
- Сталин атындағы дербес стипендия иегері (1951-53 жж.),
- В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ерен еңбегі үшін» медалі (1970 ж.);
- Қазақ ССР Ғылым академиясының Құрмет грамотасы (1971 ж.)
- «Социалисік жарыстың жеңімпазы» белгісімен (1972 ж.)
- «Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен (1981 ж.)
- «Еңбек ардагері» медалі (1990 ж. )
- Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғысхаты» табыс етілді (2001 ж.)
- «Исатай ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді (2007 ж.).
- «Ерен еңбегі үшін» медалі табыс етілді (2015 ж.).
- «Соғыс ардагері» медалі (2015 ж.)
- Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі мемлекеттік сыйлық (2008 ж.)
- «Ана тілі» төсбелгісі (2011 ж.)
- «Қырғыз тілі» төсбелгісі (2011 ж.)