Ахмет Әділет

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, магистрант

Тел: 87471800964

korkemtil@gmail.com

1986 жылы 25 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Бурылтоғай ауданы, Қармағай ауылы, Таңбалы қыстағында дүниеге келген.

Туға жерінде бастауыш-орта мектепті үздік нәтижемен бітірген.

2007 – 2012 жж. Пекиндегі орталық ұлттар университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдап, Шынжаңдағы «Мұра» (фольклорлық) журналында тілші және редактор болып қызмет атқарған. 2014 жылы атажұртқа оралған.

Бала кезінен әдебиетке аса бір әуеспен келген Әділеттің «Қарғалдақ махаббат» атты өлеңі 2008 жылы Шинжяңдағы «Құмыл алқабы» журналынан жарық көргеннен бері, «Шынжаң газеті», «Алтай газеті», «Іле жастары», «Шұғыла», «Мұра» сынды ел іші-сыртындағы түрлі басылымдарда 80-ге жуық өлеңі, мақалалары және аудармалары жарияланған. Арғы бетте жүрген студент кезінде еліміздегі «Сыр дидәрі», «Қала мен дала» газеттерінде жас ақынның шығармаларына орын берлілген. «Сан ғасырлық сағыныш», «Күрең бел» қатарлы жинақтарға  туындылары енген. «Таңшолпан», «жалын», «үркер» журналдарында шығармалары жарық көрген. «Ақ ала ордам қонған жұрт» атты поэмасы Астананың 15 жылдығына орай «Қазконтент» акционерлiк қоғамы ұйымдастырған жыр мүшәйрасының 2 дәрежелі жүлдесін, “Қаз-айтыс” сайты ұйыстырған “Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы” жобаысының ай жеңімпазы жүлдесін, 2016 жылы қазанда «Алматы — тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты халықаралық жыр мұшәйрасының бас жүлдесін еншілеген.

Алматыға қоныстанғаннан кейін ғалым жолында ізденіс бастаған Әділет тіл ғылымы бағытында бақ сынап, 2017 жылы наурыз айынан бері А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты грамматика бөлімінде кіші ғылми қызметкер, лингвстика мамандығы бойынша 1 курс магистранты.

Институтқа келген екі жылдай уақыт ішінде түрлі ғылыми жобаларға қатынасып, тілі білімінің маңызды жұмыстарына бір кісілік күшін щосып келеді. Түрлі басылымдарда бірнеше ғылыми мақалалары жарияланды. Атап айтар болсақ:

Мақалалары:

  • Ахмет Ә. Қазақ тілі зерттелуіндегі шешім таппаған мәселелер // «Тіл және аударма» журналы. №1. 2013ж. – 40-46 бб.
  • Ахмет Ә. Би екеу болса, дау төртеу болады (терминдердің бірізділігі туралы) «Тіл және аударма» журналы. №4. 2014ж. –34-37 бб.
  • Ахмет. Ә. XX ғасырдың басындағы оқулықтардағы терминдердің игерілуі // «ұлттық терминқорды жүйелеудің теориялық және ғылыми –тәжірибелік негіздері» республикалық ғылыми – теориялық конференция материялдары // Астана қадасы  23 қараша,  2017ж. 123-132бб.
  • Әділет Ахмет, Оғаш сөздерді оңайтын мезгіл жетті // Рухани жаңғыру – Алаштың асыл мұраты: тіл, жазу, мәдениет. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Елтаным, 2018 ж.- 268-272бб;
  • Жұбаева О. Ахмет Ә. Әлімақын Д. ХХ ғасырдың басында латын графикасына көшу барысындағы шеттілдік сөздердің таңбалануы // «Терминжасам қағидаттары және ұлттық терминология мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция материялдары;
  • Жұбаева О. Ахмет Ә. Әлімақын Д. // ХХ ғасырдың басындағы терминологиялық сөздіктердің негізгі ұстанымдары 124-131 бб;
  • Сирек қолжазба – құнды мұра// «Ана тілі» газеті, №16, 19-25 сәуір, 2018ж. 1және 5 беттер;