Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы

Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы – фонетика бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері

Аманбаева Айсәуле Жантемірқызы 1974 жылы 23 ақпанда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жаңақазалы поселкесінде дүниеге келген. 1981-1991 жылдары №216 Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті бітірген. 1991-1996 ж. Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1996-1997 жылдары Шымкент қаласы, «Ұлағат» орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген.

2002 ж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сырттай аспирантурасына түсіп, профессор З.М.Базарбаеваның жетекшілігімен «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық аспектісі» атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.  2002 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеп келеді.

А.Аманбаеваның зерттеуінде интонация қазіргі антропоцентристік бағытта, яғни прагматикалық тұрғыдан қарастырылып, дайындықсыз сөз ағымына эксперимент жүргізіліп, талдап, ерекшеліктері сызба арқылы көрсетілген болатын. Осы жұмыстың негізінде «Функционалды грамматика» деп аталатын үлкен жинақта, зерттеу жұмысының нәтижелері ретінде ықшамдалған бөлігі берілді. Сондай-ақ, 2007-2009 жж. «Ұлттық идея – Қазақстанның тұрақты дамуының негізі» атты қолданбалы зерттеу бағдарламасы бойынша «Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін интонация арқылы оқыту тәсілдері» атты тақырып бойынша және Іргелі зерттеу бағдарламасы бойынша «Тарихи морфонология» атты тақырып бойынша зерттеу жұмысын жүргізді. Сондай-ақ «Ұлы дала тұлғалары» сериясы бойынша жарық көрген «М.Балақаевтың өмірі мен шығармашылығы» атты еңбектің шығуына өзіндік үлесін қосты. 2015-2017ж «Қазақ сөйленімін синтездеу: фонетикалық корпусты қалыптастыру» атты тақырыпқа жетекшілік етті. 2013 жылы «Интонациялық бірліктердің прагмалингвистикалық сипаты» атты монографиясы жарық көрді.

Жалпы зерттеу жұмысына байланысты 30-ға жуық мақала ғылыми басылымдарда жарияланды.

Зерттеу жұмысымен қатар, 2007-2008 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасында «Тіл мәдениеті», «Стилистика» пәндері бойынша дәріс беріп, дипломдық жұмыстарға жетекшілік еткен.

2004 жылдан бастап қазірге дейін А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанынан шығатын «Тілтаным» ғылыми басылымның редакция алқасының құрамында жауапты шығарушылардың бірі болып жұмыс атқарып келеді.

2008 жылы А.Аманбаеваның «Қазақ тіліндегі суперсегментті бірліктерді прагмалингвистикалық аспектіде зерттеу» атты жұмысы гуманитарлық ғылымдар бойынша жас ғалымдар зерттеулері үшін М.Әуезов атындағы сыйлықтар берудің конкурсына ұсынылып, М.Әуезов сыйлығының иегері атанды.

Электронды пошта: AAisaule@mail.ru

Телефон: 87471366158