Аймангүл Мырзалықызы Алдаш

Бас ғылыми қызметкер

Филология ғылымдарының докторы, профессор

Тіл мәдениеті бөлімінің бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Тіл білімі маманы.  1951 жылы маусым айының төртінші жұлдызында өмірге келді. 1973 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың қазақ филологиясы факультетін бітірген. Аталған университеттің аспирантурасын аяқтағаннан  кейін еңбек жолын ҚР ҰҒА А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімінде кіші  ғылыми қызметкер болып бастады. 1976-1990 жылдар аралығында – Тіл мәдениеті бөлімінің ғылыми қызметкері.

  • 1991 жылдан 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасы ҰҚК академиясы қазақ тілі кафедрасының профессоры, кафедра меңгерушісі.
  • 2010-2017 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясының профессоры.
  • 1992 жылы филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Диссертация тақырыбы – «Қазақ әдеби тіліндегі жаңа қолданыстар (баспасөз материалдары негізінде» (ғылыми жетекшісі – академик Р. Сыздық).
  • 1999 жылы  филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алды. Диссертация тақырыбы – «Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер»( ғылыми жетекшісі – академик Р. Сыздық).
  • 2000 жылдан  –  профессор.

Зерттеулерінің негізгі ғылыми бағыттары: сөз мәдениеті, қазақ орфографиясы, қазақ аударматануы, қазақ әдеби тілінің функционалдық стилистикасы, лингвомәдениеттану мәселелерінің теориясы мен практикасы, мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің теориясы мен практикасы.

«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін» (1983) әзірлеуге қатысты.  «Қазақ тілі орфографиялық сөздігінің» (1988)  жауапты шығарушыларының және авторларының бірі.

Тіл білімінің түрлі мәселелеріне арналған 8 монографияның, орфографиялық, екітілді терминологиялық, неологиялық сөздіктердің бірлескен авторы (жалпы саны –  6).  157 ғылыми мақаланың және қазақ тілін оқытудың әдістемесі бойынша 17 оқулық пен оқу құралының авторы.

Ғылым кандидаттары мен философия докторы (PhD) дайындалған.

Ғылыми еңбектері

Монографиялар:

  1. Әдеби тілдің ауызша түрі. – Алматы, «Ғылым», 1987. – 198 б. 178-198 бб. (бірлескен автор: Р.Сыздықова, Н.Уәлиев, Қ.Неталиева, З.Бейсембаева).
  2. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. – Алматы, «Ғылым», 1988. – б 113 б. (бірлескен автор: Н.Уәлиев).
  3. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, Арыс. – 1998. – 215 б.
  4. Аударматану (лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер). – Оқу құралы. – Алматы, Арда, 2006. – 248 б.
  5. Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы. Э.Р.Тенишев және басқалар. Қазақша нұсқасын жасаған А.Алдашева. – Астана, 2009. – 320 б.
  6. Түркі тілдері: хрестоматиялық оқулық. – Түркістан, ХҚТУ баспасы, 2004. – 382 б. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ғылыми-зерттеу институты ұсынған.
  7. Сөз мәдениеті:жаңа қолданыстар негізінде. – Монография. Алматы, «Сардар» баспа үйі, 2015. – 320 бет.
  8. Қазақ әскери атаулары: кодификациясы және нормалануы. – Алматы, ҰҚК баспасы, 2017. – 180 бет.

Сөздіктер:

  1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. – Алматы, Ғылым, 1988. (авторлардың бірі және жауапты шығарушылардың бірі).
  2. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар. Алматы, «Ғылым», 1985. – (бірлескен автор: Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Н.Уәлиев).
  3. Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар Алматы, «Ғылым», 1992. – (бірлескен автор: Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаев, Н.Уәлиев).
  4. Жаңа атаулар. Алматы, «Ғылым», 1995. – (бірлескен автор: Ш.Сарыбаев, Н.Уәлиев).
  5. Ресми-іскери стиль: Қазақша-орысша тіркесімдер сөздігі – Официально-деловой язык: казахско-русский словарь сочетаемости. – Алматы, «Арман-ПВ», 2005. – 376 б. ( бірлескен автор: Э.Сүлейменова, Д.Ақанова).
  6. Кәсіпкер сөздігі. – Алматы, Көкжиек-Горизонт, 2018. – 252 б. (бірлескен автор: Э.Сүлейменова, Қ.Алдашева).

Оқулықтар:

  1. Қазақ тілі. Қазақ тілін жетілдіре үйренуге арналған оқу құралы. – Алматы, Санат, 1997. – 240 б.
  2. Ресми іс қағаздары – Астана, 2002. – 216 б. (бірлескен автор: Э.Д.Сүлейменова, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қадашева).
  3. Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс-қағаздар тілі Алматы, «Рауан», 2000. – 183 б. (бірлескен автор: З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова).
  4. Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздар тілі. Мемлекеттік қызметшілер мен студенттерге арналған оқу құралы. – Алматы, Арқас, 2004. – 183 б. (Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ахметжанова З.).
  5. Оқу кешені: Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші – екінші – үшінші деңгей. I кітап – Алматы: Арман-ПВ, 2010. – 408 стр.(бірлескен автор: Ақанова Д.Х., Ахметжанова З.К., Қадашева Қ.Қ., Сүлейменова Э.Д.).
  6. Оқу кешені: Ресми-іскери қазақ тілі. Бірінші – екінші – үшінші деңгей. ІI кітап Грамматикалық түсініктеме – Алматы: Арман-ПВ, 2010. – 408 стр.(бірлескен автор: Ақанова Д.Х., Ахметжанова З.К., Қадашева Қ.Қ., Сүлейменова Э.Д.).
  7. Практическая грамматика казахского языка в комплекте с 18 таблицами «Қазақ тілі. Өрнектер және кестелер». Алматы, Арман-ПВ. – 227 стр. (бірлескен автор: Д.Ақанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова).
  8. Іскерихаттар. – Bisiness Letters. Алматы, «Легион», 2002. 151 б. (бірлескен автор: Г.Бүркітбаева).
  9. Іскерихаттар – Business Correspondence. Оқу құралы – Алматы, «ИП Волкова В.А.», 2011. 244 б. (бірлескен автор: Г.Бүркітбаева).