Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы

Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы

Айдарбек Қарлығаш Жамалбекқызы 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік дипломмен бітіріп, сол жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Лексикология бөліміне кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасады. 1996-1999 жж. аралығында осы институттың күндізгі аспирантура бөлімінде оқып, 1999 жылы «Адамға қатысты атауларды ономасиологиялық тұрғыдан талдау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2000 жылдан 2005 жылға дейін Лексикология бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 2005 жылдан бастап Терминология бөлімінің меңгерушісі. 2009 жылы «Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық аспектісі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Сол жылдан бастап А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының жанындағы 10.02.06 – түркі тілдері және 10.02.02 – қазақ тілдері мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңесінің мүшесі.

1 монография, 100-ге аса ғылыми және ғылыми-көпшілік мақала авторы. Олар лексикология, семасиология, ономасиология, терминология, лингвомәдениеттаным, когнитивтік лингвистика салаларына арналады: «Орысша-қазақша сөздік» − Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 1152 б. (құрастырушы);  «Қазақша-орысша сөздік» − Алматы: Дайк-Пресс, 2001 ж.  (құрастырушы); Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері. Ғылыми монография. Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту институты», 2010 жыл. 384 б.; Денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру салалары қызметкерлеріне арналған орысша-қазақша тілашар. Ш.Құрманбайұлымен бірлесіп дайындалған терминологиялық тілдескіш. Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, Астана, 2009 ж. 312 б.

Бөлім меңгерушісі ретінде «Қазақ терминологиялық жүйесін қалыптастырудың ономасиологиялық негіздері» (2006-2008) және «Қазақ терминологиялық қорын қалыптастырудың лингвистикалық принциптері (стандарттау, біріздендіру, жүйелеу, нормалау)» (2009-2011), «Когнитивтік терминтаным концепциясындағы кәсіби тілдік тұлғаның ғылыми дискурсы» (2011-2013) деген күрделі тақырыптарға жетекшілік жасаған.

Ғылыми еңбектерінің тізімі:

  1. Айдарбек Қ.Ж. Уәжтану терминдерін жүйелеу жайында// ҚР БжҒМ ҰҒА Хабарлары, 2002. − №3 (133). − Б.31-35.
  2. Айдарбек Қ.Ж. Терминдік бірліктердің ономасиологиялық негізі мен ономасиологиялық белгісі// Қазақ тіл біліміндегі функционалдық бағыт: Профессор Қ.М. Есеновтың туғанына 75 жыл толуына арналған респуб-ликалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Тіл білімі институты, 2006.− Б.129-133.
  3. Айдарбек Қ.Ж. Терминжасамдағы семантикалық дериваттардың рөлі //ҚР ҰҒА Хабарлары, 2006. − №5 (159). − Б.28-31.
  4. Айдарбек Қ.Ж. Академик Ө.Айтбайұлының еңбектеріндегі қазақ терминологиясының ғылыми-теориялық мәселелері//Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі: Академик Ө.Айт-байұлының 70 жыл-дығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық кон-ференцияның материалдары. – Алматы: «Арыс», 2007. − Б.9-11.
  5. Айдарбек Қ.Ж. Терминдерді ономасиологиялық тұрғыдан зерттеу мәселелері.Қазақ тіл білімі мен түркітану мәселелері: Академик І.Кеңес-баев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаевтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: «Жібек жолы», 2007.− Б.274-277.
  6. Айдарбек Қ.Ж. Кәсіп иелері атауларының терминдік ерекшеліктері//Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы» атты профессор М.Балақаевтың 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары: ҚазҰУ, Алматы, −  Б.135-141.
  7. Айдарбек Қ.Ж. Терминологиялық аталымдық процестің ономасиологиялық ерекшеліктері жайлы.− Тілтаным, 2008. − №2. − Б.53-57.
  8. Айдарбек Қ.Ж. О дифференциальных признаках терминологической единицы.Түркологиялык жыйнак. – Бишкек: Bilge, 2008. − С.9-14.
  9. Айдарбек Қ.Ж. О динамико-процессуальной природе терминологической номинации.Түркологиялык жыйнак. – Бишкек: Bilge, 2008.С.22-27.
  10. Айдарбек Қ.Ж. Терминжасам процесінің кейбір мәселелері жайында. Терминологиялық хабаршы. − №2 (24). − Астана, 2008. − Б.35-40.
  11. Айдарбек Қ.Ж. Адамға қатысты атаулар терминденуінің дәрежелері.Терминологиялық хабаршы. − №3 (25). − Астана, 2008.− Б.6-11.
  12. Айдарбек Қ.Ж. Терминологиялық аталым мен лексикалық аталымның арақатынасы туралы. ҚР ҰҒА Хабарлары, 2008. − №4. − Б.41-44.
  13. Айдарбек Қ.Ж. Терминдердің мазмұндық-құрылымдық ерекшеліктері. «Бизнес и образование: вектор развития»: Материалы VII Международной научно-практической конференции, посвященной 20-летию МАБ. Алматы, 2008. − С.428-432.
  1. Айдарбек Қ.Ж. Универбтену құбылысының терминжасамдағы сипаты. Ізденіс (гуманитарлық ғылымдар сериясы). − №4(2). − 2008.− Б.154-158.
  2. Айдарбек Қ.Ж. Қазақ терминологиялық аталымының ұйымдық-мақсатты кезеңдерінің жалпы сипаты. Ғылыми басылым. – Ташкент: «PoliPrint» 2008. − 36 б.
  3. Айдарбек Қ.Ж. Аударма мәселелері және терминология.Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). – Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. − Б.157-166.
  4. Айдарбек Қ.Ж. Терминжасам тәсілдері және қазіргі терминологиялық аталым ерекшеліктері. Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). – Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008.− Б.166-177.
  5. Айдарбек Қ.Ж. Қазақ терминологиялық аталымының алғашқы кезеңі..Ғылыми басылым. – Ташкент: «PoliPrint». − 2008. − 36 б.
  6. Айдарбек Қ.Ж. Терминжасам мен сөзжасамның ономасиологиялық сипаты. Евразияшылдық идеясы контекстіндегі Қазақстан түркітануы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Астана: «1С-Сервис», 2008. − Б.678-682.
  7. Айдарбек Қ.Ж. Арнаулы терминологиялар қалыптастырудағы терминологиялық аталымның кезеңдік сипаты. «Евразияшылдық идеясы контекс-тіндегі Қазақстан түркітануы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. − Астана: «1С-Сервис», 2008. − Б.672-677.
  8. Айдарбек Қ.Ж. Неологиялық терминжасамның нормативтік параметрлері мен терминдік инновациялардың узуалдану процесі.Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). – Алматы: «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, 2008. − Б.177-184.
  9. Айдарбек Қ.Ж. Терминологиялық аталымның жасанды және табиғи түрлері. Ұлт тағылымы (ғылыми-педагогикалық басылым). − №1(1), 2009. − Б.279-282.
  10. Айдарбек Қ.Ж. Неологиялық терминжасам және нормативтік параметрлер. «Оқытушылардың бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары: Екі томдық. II том. − Шымкент, 2009. − Б.303-308.
  11. Айдарбек Қ.Ж. Аталым альтернативтілігінің лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлары. Ұлт тағылымы (ғылыми-педагогикалық басылым). − №1, 2009. − Б.256-260.
  12. Айдарбек Қ.Ж. Терминологиялық аталымның ономасиологиялық типологиясы жайында. Ізденіс (гуманитарлық ғылымдар сериясы). −  №1(1), 2009. − Б.199-203.
  13. Айдарбек Қ.Ж. Терминологияны стандарттау – терминологиялық жұмыстардың ең бір маңызды бөлігі // Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері. − Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы», 2009. − Б.47-52.
  14. Айдарбек Қ.Ж. Аталымдық процестердің негізгі принциптері // Вестник КАУ: Научно-методический журнал Кыргызского аграрного университета. – Бишкек, №2(13), 2009. − Б.149-152.
  15. Айдарбек Қ.Ж. Ономасиологические проблемы терминографии и словообразования. Халқ таълими илмий-методик журнал. – Тошкент, №6-сон (Ноябр-Декабр), 2009 йил. − С.129-132.
  16. Айдарбек Қ.Ж. Терминжасам үрдісінің алғашқы кезеңі.Шыңжаң қоғамдық-ғылыми мінбесі. − ҚХР, Үрімші, 2009. − №2. − Б.59-64.
  17. Айдарбек Қ.Ж. Терминологиялық бірліктердің жүйелілікке негізделген бірігуі туралы. − Тілтаным, 2010, №4. − Б.11-16.
  18. Айдарбек Қ.Ж. Қазақ терминологиясының жүйелілік принципі жайында.Қазіргі қазақ грамматикасы мен терминологиясын зерттеудің негізгі бағыттары / Жауапты редактор Ш.Құрманбайұлы. – Алматы, 2010. − Б.198-203.
  19. Айдарбек Қ.Ж. Универбтердің терминологиядағы жүйелілік принципін қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы.«Оқытудың ақпараттық технологиялары негізінде инновациялық білім беруді жетілдіру жолдары» атты халықарылық ғылыми-практикалық конференция еңбектері. I том, −  Шымкент, 2011. − Б.203-207.
  20. Айдарбек Қ.Ж. Сөзжұмсамдық және терминологиялық зерттеулер жөніндеҚазақ тіл білімі: тарих, тәжірибе, болашақ. Халықраралық ғылыми-теориялық конференция материалдарының жинағы. – Алматы: «Шапағат Нұр» баспасы, 2011. − Б.180-183.
  21. Айдарбек Қ.Ж. Turko-Slavika: қазақ терминологиясындағы тілдік қатынастар. Алтаистика және түркология. − №3, 2011. − Б.27-33.
  22. Айдарбек Қ.Ж. Ежелгі және қазіргі тілдік қатынастардың қазақ терминологиялық жүйесіндегі көрінісіTurko-Slavika: Язык, этнос, культура в едином пространстве. Современная тюркология. Коллективная монография. / Отв.ред.проф. Н.Ж.Шаймерденова. – Петропавл, «Полиграфия», 2011. − 348 с.
  23. Айдарбек Қ.Ж. А.Байтұрсынұлы терминологиялық ұстанымдарының қазіргі терминжасам талаптарымен сабақтастығыА.Байтұрсынұлы және салалық терминология мәселелері // Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Тараз, қараша 2012. − Б.33-39.
  24. Айдарбек Қ.Ж. Болашақ білікті мамандардың кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін дамытудағы терминологияның лингводидактикалық рөлі. Жоғары оқу орындарында білікті мамандар дайындаудың инновациялық бағыттары // Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. – Шымкент, мамыр 2013. − Б.125-131.
  25. Айдарбек Қ.Ж. Когнитивтік терминтанымның негізгі категориялары мен ұғымдары // Тілтаным», №1, 2013 ж. − Б.73-78
  26. Айдарбек Қ.Ж. Основополагающие принципы выделения сущностных признаков терминологических единиц// Язык в контексте межкультурных и национальных взаимосвязей: Материалы VI Международной научно-практической конференции (29–30 апреля 2016 г.) / под ред. Л.И. Фидаевой, А.Г. Евдокимовой, Е.Г. Кузнецовой, В.Т. Балтаевой. — Казань: КГМУ, 2016. − С.24-29.
  27. Айдарбек Қ.Ж. Ғылыми дискурстағы кәсіби тілдік тұлғаның қалыптасуы жайындаАбай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Филология ғылымдары» сериясы. − №2. − Б.12-16.
  28. Айдарбек Қ.Ж. Когнитивтік терминтаным концепциясындағы дискурс мәселелері // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. − №2 (160). −  Алматы: Қазақ университеті, 2016.− С.86-92.
  29. Айдарбек Қ.Ж. Терминологиялық өріс концепциясы жайындаМатериалы конференции «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности»в Осаке (Япония) 7-9 марта 2017 г. том II.С.303-309.