АЙГҮЛ БАЙДЕБЕКҚЫЗЫ ӘМІРБЕКОВА

Лексикология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты

Айгүл Байдебекқызы Әмірбекова  2002 жылдан бері Тіл білімі институты лексикология бөлімінің ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарып келеді. 2003 жылдан бастап бірнеше  ғылыми-зерттеу жобасына қатысып, тіл білімінің лингвомәдениеттану, лингвоелтану, когнитивтік лингвистика салалары бойынша ғылыми еңбектерін жариялап келеді. 2006 жылы профессор Н.Уәли жетекшілігімен «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.  Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттың жетілуіне, жаңа бағытта зерттеу, талдау жүмыстарының әдістерін нақтылауға,  поэтикалық тілдің бойындағы көпшілікке таныс емес, жаңғыртылмаған тілдік құндылықтардың мән-мағыналарын ашуға, қазақ когнитивтік лингвистикасының дамуына үлес қосып келеді. 2003-2005 жылдары «Қазақ тіліндегі лингвомәдениеттанымдық концептілер және олардың жүйесі» атты ғылыми-зерттеу жобасына, 2006-2008 жылдары «Қазақ тілі лексикасының лингвоелтанымдық аспектілері» атты ғылыми жобаға, 2009-2011 жылдары «Қазақ тілінің ұлттұтастырушылық қызметі» атты зерттеу жобасына белсене қатысты. 2012-2014 жылға арналған гранттық ғылыми-зерттеу жобасына «Қазақтың саяси-дипломатиялық тілінің когнитивтік аспектісі» атты тақырыппен қатысып, жетекшілік етті. 2014-2016 жылдары «Қазақ поэзиясы тіліндегі мәдени коннотация» зерттеу жобасына қатысты.

2005 ж, 2013 жылдарда жарық көрген Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін құрастырушылардың бірі.

Импакт-факторы жоғары «Scopus» базасы құрамындағы журналдарға, РИНЦ құрамындағы ғылыми журналдарға мақалаларын жариялады.

2012 жылы «WikiBilim» қоғамдық қоры мен «Әдістемелер мен технологиялар трансфері» орталығы ұйымдастырған «Білім саласында жаңа медиа технологияларды қолдану» курсында біліктілігін  жетілдірді. 2012 жылы ТМД елдері бойынша жас ғалымдардың халықаралық форумына қатысып, баяндама жасады.

Ресейдегі халықаралық  ғылыми-теориялық конференцияларға онлайн форматта жыл сайын қатысып тұрады.

2006-2012 жылдар аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Тіл білімінің өзекті мәселелері», «Аударма теориясы», «Практикалық қазақ тілі» пәндерінен дәріс берді.

2013-2016 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде магистранттар дайындады, «Әлеуметтік лингвистика», «Психолингвистика» пәндерінен дәріс берді.

2014 жылдан бастап Ана тілі газетінің «Сөзтаным» айдарын жүргізіп келеді.

2014-2015 жылдары Қазақстанның педагогикалық ғыдымдар академиясы басқаруымен ұйымдастырылған  «Қазақша-орысша, орысша-қазақша салалық терминдер сөздігін» құрастыруға атсалысты.

2011 жылы «Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар» монографиясы жарыққа шықты.

2013 жылы «М.Мақатаевтың бейнелі сөздер сөздігі» атты еңбегін жариялады.

2016 жылы Авторлық бірлестікте (Г.Қосымова, Қ.Есенова, А.Жаңабекова, А.Әмірбекова) «Функционалды грамматика» оқулығы жарыққа шықты. 70-ке жуық ғылыми мақалаларын жариялады.

2018 жылы Латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшу жөніндегі Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі болды.

 

E-mail: marghan01@mail.ru

Тел: 87776232929