Жаңалықтар

Маңызды кездесу өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына AlmaU президенті, DBA Асылбек Қожахметов келді. Институт мамандарымен кездесу барысында Асылбек Базарбайұлы Қазақстандағы жоғары білім беру саласында қазір орын алып жатқан үрдістерді таныстырды. Сонымен қатар AlmaU университетінің мысалында жоғары білімнің әрі нарық сұранысына бейімдеп, әрі ғылыммен интегрциялауды жүзеге асырып жатқанын көрсетті.

AlmaU-дің нарық сұраныстарын анықтап қанағаттандыру тәжірибесі жақсы мысал санаймыз. Университеттің атқарған жұмыстары ғылымды коммерцияландыру бойынша оңтайлы шешімдер қабылдау үшін үлгі бола алады деген сенімдеміз.