Жаңалықтар
2023-02-05 15:10

Жинақ жарық көрді

Қазақ тіл білімі қолданбалы лингвистика саласының негізін салушы, көрнекті ғалым, профессор Асқар Кұдайбергенұлы Жұбановтың 85 жылдық мерейтойына арналған АСҚАР ЖҰБАНОВ ОҚУЛАРЫ» тұрақты ғылыми тілтанымдық алаң аясындағы «ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІГІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ КОРПУСТАР ҚҰРАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ» атты ғылыми-теориялық конференция жинағы 2021-2022 жылдарға арналған «Мемлекеттік тілді латынграфикалы ұлттық әліпбиге көшіруді қамтамасыз ететін жаңартылған нормативтік сөздіктер мен академиялық басылымдар сериясын әзірлеу» (OR 11465483) атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында әзірленді.

Жинаққа Қазақ тіл білімінің Қолданбалы лингвистика саласының негізін салушы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары еніп отыр. Бұл еңбек тіл мамандарына, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғылыми зерттеу институттары қызметкерлеріне, PhD докторанттар мен магистранттарға, сондай-ақ көпшілік қауымға арналған.