Жалпы мені және менің замандастарымды 'жастар' тобына жатқызады. Қазіргі кезде 14-29 (кейде 35, 40) жас аралығындағы 'жастар' тобы ҚР халқының жартысынан астамын құрап жатыр. Сонымен қатар 2000 жылдардың басындағы бейбибумды есепке алсақ жастардың үлесі алдағы жылдары арта түсетін сияқты. Осы ретте биыл жастарға қатысты қандай өзгерістер орнайды деген мәселе шығып тұр?
Президент мырза өткен апта қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қарасақ:
Ең алдымен жастар санатына қосу шегін 35 жас етіп бекітті. Яғни енді жасыңыз 30-дан асса да 'Дарын' сыйлығына үміткер бола аласыз. Сондай-ақ жастарға арналған қолжетімді баспана және өзге ұқсас бағдарламаларға қатыса аласыз.
Бала күтімі бойынша жөргекпұл енді бір жарым жыл төленеді. Балаңыздың жасы бір жарымға толғанша базалық қажеттіліктерін өтеу үшін мемлекет қаржылай көмектесетін болады. Бұл қазіргі экономикалық аласапыран заманында жас та жас емес те ата-анаға демеу болады деп ойлаймын.
Сонымен жастар тобын еңбекпен қамту, зейнетақы төлемдері және өзге мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енген. Менше, аталған өзгерістер Қазақстан қоғамының қазіргі даму сатысындағы сұраныстарды өтеу үшін жасалған секілді. Мәселен өзгерістерде жастардың волонтерлік жұмысына құқықтық сипат берген және т.б.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының Әлеуметтік лингвистика бөлімінің ғылыми қызметкері
Қуатбек Дүйсенов