Жаңалықтар

Сөз мәдениетін жетілдіру – аса маңызды

Жамал МАНКЕЕВА,
филология ғылымының докторы, профессор:

Сөз мәдениетін жетілдіру – аса маңызды

– Тәуелсіздік кезеңі қазіргі қоғамдық өмірдің барша салаларына оң бағыттағы көптеген өзгерістер әкелді. Атап айтқанда, ол өзгерістер ұлттық сананың жаңғыру үдерісіне ықпал етіп, танымдық өзек ретінде тіл мен оның қолданысынан да тыс қалған жоқ.

Мемлекеттік мәртебе ана тілінің дамуын жаңа сапалық дең гейге көтерді. Осымен байланысты тілдің қоғамдық қызметін кеңейтіп, әлеуетін жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін жаңа ком му никативтік кеңістіктер қалып таса бастады. Оның ішінде жас ұр пақтың, әртүрлі кәсіп иелері мен әртүрлі аудиторияның ұлттық, ғылыми, мемлекетшілдік санасын ана тілінде игеруге бағытталған, мемлекеттік тілде сапалы зияткерлік хабар тарататын жаңа форматтағы бағдарламалар, интернет т.б. БАҚ-тың тілін қолданушы контент қалыптасып келе жатқаны да шындық.

Дегенмен осы бағыттағы креа тивті ойлау жүйесі мен тың ізденістердің жаңару үрдісінде ана тілінің ішкі заңдылықтарына, қолданыстың төл сипатына, дәстүрлі сөз мәдениетіне сәйкес келмейтін олқылықтар да бай қалады. Атап айтқанда, ол терминжасам үдерісіндегі мәнсіз калькалық үлгілер (баламалар), жөнсіз окказионализмдер, тіл болмысына сәйкес құрылмаған сөз тіркесі мен сөйлемдер (мен ойлаймын, т.б.) сөзді қабылдауға теріс әсер ететін артық қыстырма сөздер (жаңағы, т.б).

Ана тілінің құдіретін танытып, бар әлеуетін жан-жақты ашып, орынды қолданыс тапқан сөз жүйесін сақтап, дәстүрлі қазақ сөзсаптам үлгісін жалғастыру – қазіргі таңда аса өзекті. Бұл, сайып келгенде, қазақ сөзінің қазіргі заманауи қоғамдағы коммуникативтік қызметінің сапасын көтереді.

Шын мәнінде, тіл тұтынушының тезіне түскен сөз болмысының өзгеріп, құбылуы, дағдыдан тыс қолданысқа түсуінің оң/теріс сипаты оның тұлғалық танымына, біліміне, біліктілігіне байланысты. Сондықтан сөз мәдениеті мәселесін төл мәдениетіміздің сөз өнеріне негізделген тәрбиесіне сай жетілдіру – аса маңызды.